Тақырыбы:"Рухани жаңғыру - кемелдеген ұлт ұрппақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:"Рухани жаңғыру - кемелдеген ұлт ұрппақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру – кемелдеген ұлт ұрппақ»

Мақсаты:   Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан  Мемлекетінде тұрған халықтарды  татулыққа және сабырлы болуға тәрбиелеу. Балаларды Отанды сүюге, өз елінің тарихын білуге, адамзаттық құндылықтарды бағалауға бағдар көрсетіп үйрету.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігін күннен-күнге арттыру,өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру.


Барша халық таныған.

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғаңда Әнұран

Шаттық тернеп жүректі.

Орындалады: Әнұран.


Арайлап атты таңымыз,

Жайнады бақша бағымыз.

Гүлдердей бірге құлпырып.

Би билейміз тағы біз.



Хафиз биі.Қабыл алыңыздар.


Мұқағали Мақатаев

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Бейбітшілік ұраны

Жарқыраған ауылдың,

Әр қаннатты қыраны.

Еркіңдігі халқымның.


Хор: Әрқашан күн сөнбесін.


Сұрақ-жауап. Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Ия, дұрыс, Біз бәріміз Қазақстан Мемлекетінде тұрып әр тілде сөйлейміз.Біздің Отанымыз  көп ұлтты  Мемлекет.Отан туралы үш тілде тақпақты айтып беріңдер!


Алан: Халық өсіп өнетін,

Тіл- топырақ құнарлы

Тілін білген,дер едім

Әрқашанда шарайлы.



Дария: Живем мы в разных селах.

И в разных городах. Читаем пишем ,говорим.

На разныых языках

Айару: Using  English by everyone
Speaking  English is very fun
Don’t be shy and show your greatness
Use it when showing competitiveness



Інкар:Ана тілі –

Қолдап,демеп,

Сүріндірмес бір сыннан ..

Әке көрген,

Ананы емген мылқау да,

Ана тілмен ымдап ойын ұқтырған.



Келесі кезекте «Шаңырақ» б/б ересек тобының «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған оқу қызметінің тамашалаңыздар.





Шаттық шеңбер:

Қайырлы күн, ұстазым!

Қайырлы күн достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра!

Good morning, good morning!

Good morning to you!

Good morning, good morning!

We are glad to see you! Ай эм глэд ту си ю


Тәрбиеші: Балалар, біз қазір қай жерге қонаққа барамыз?

Балалар: Ауылға

Тәрбиеші: Ауылда кім тұрады?

Балалар: Әже мен ата.


Ән: Қошақан.


Тәрбиеші: Міне, балалар, ата әжеміздің үйіне қонаққа әндетіп келіп қалдық.

Ата: Ассалаумағалейкум. Ұлдармен амандасады. Бақыттты болыңдар. Биіктен көріне беріңдер.

Әже: Міне немерелерімде келіп қалыпты. Келіңдер, жоғары шығып отырыңдар.Амансыңдар ма, қыздарым.

Барлықтарын неткен әдемі болып кеткенсіңдер! Келіңдер, отырындар.

Тәрбиеші: Ата, біздің балаларға асық және салт-дәстүр туралы түсіндіріп айтып бересіз бе?

Тәрбиеші: Бәріміз әдемі болып отырып атамыздың айтқан әңгімесін тыңдайық.

Ата :Біздің қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан сондықтан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз төрт түлік малға байланысты.Қаншама тиім сөздер, мақал-мәтелдер бар.

Балалар, бірінші тұрған алшы асық көріп тұрсыңдар ма, балалар?

Балалар: Ия.

Ата: Бірінші асық алшы асық. Ойын кезінде оған көп мән берген.Бұл бірінші дәрежелі асық.Екінші асық тәйке асық.Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрып түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық.

Бүк – асықтың иірілгенде дөңес жағы үстіне қарап, етпетінен жатып түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатып түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Ал менің қолымдағы асықтың ортасын тесіп қорғасын құйған.Қорғасын құйылған асықты атып ойнауға ыңғайлы. Қараңдаршы, балалар (қолдарына береді қарауға).Қорғасын ауыр болады екен.

Тәрбиеші: Балалар атаның айтқаның түсіндіңдер ма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы асықпен ойын ойнауға болады екен. Ондай болса балалар қараңдаршы қандай әдемі сандық. Не бар екен қарайықшы.

Сандықтың ішінде бізге тапсырма бар екен.Тапсырманы орындаймыз ба?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші:Әр асыққа сандар жабыстырылған.Ата бізге асық туралы айтқан әңгімесі бойынша түсінгенімізге жауап береміз.

Бір баланы шақырып алып асықты алып қандай сан екенін айтады.

Бала: бір саны.

Тәрбиеші: Ондай болса бірінші сұраққа жауап береміз. Асыққа арналған тілек.

Бала: Асығын алшысынан түссін.

Тәрбиеші: Дұрыс.

Тәрбиеші:Асықпен қандай ойын ойнауға болады?

Бала: «Ханталапай», «Асық ату»,«Үштабан», «Шеңбер».

Тәрбиеші: бес саны.

Балалар, мен сендерге оқу барысында мынамақалды түсіндіріп айтқан болатынмын:

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Бұл мақалдың мағынасын кім айтып береді ?

Бала: Егерде жақсы бала болса, ол ақылды бәріне көмектеседі, жаман бала тек қана өзінің қамын ойлап, айтқан ақылды тыңдамайды.

Тәрбиеші: дұрыс




Тақпақ:Алшы түсті сақамыз,

Тура көздеп атамыз

Медет: Асық ойнап достармен,

Қызығына батамыз.


Тәрбиеші: Асықтан не жасауға болады?

Бала: моншақ, санағыш.

Тәрбиеші:Ата, біз балалармен бірге бой сергіту сәтін жасасақ. Бірақ сізбен бірге асық ату ойынын ойнасақ қалай қарайсыз?

Ата: Әрине ойнайық.

Тәрбиеші: Балалар, атамыз асық ату ойынының ережесін айтып береді.

Ата: Шеңбер сызып ортасын бөлеміз. Сосын асықты шеңбердің ішінде тізіп қоямыз. Содан соң сақа иіру арқылы анықталады.

Алшы түссе сол бірінші атады. Асықты ату үшін шеңберден арақашықтығы бір метр болу керек. Бірінші сол аяқты алға жылжытып асықты иіріп атамыз.

Әже:Қыздармен бірге бес асық ойнап отырады.

Ата: Балалар, ойын ұнады ма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Міне, балалар, ата мен әжемізбен асық ату, бес асық ойынын ойнап үйрендік. Енді ата мен әжемізбен қоштасайық.

Әже: Менің алтын қыздарым және ұлдарым мынау сандықта сендерге арнап сыйлық дайындап қойдым. Сабақтарын аяқталған соң сендерге апайларын сыйлық сыйлайды.

Ата мен әже қоштасады.

Балалар: Рахмет.

Тәрбиеші: Қоржынға қараңдаршы, ішінде боялған асықтар бар. Асықтар әр түске боялған, егерде кім қызыл түс алса, сол қызыл таяқшаға барып отырады, жасыл түс алса, жасыл таяқшаға барып отырады.Әр түстің өзінің тапсырмасы бойынша өз орындарына барып тапсырманы орындайды.

Сары түстітапсырма оюды жіппен жабыстыру.Қошқар мүйіз оюын ұмытпай жасап жүрейік.

Жасыл түсті сандыққа қағаздан жасалған ою жабыстыру.

Сандыққа ою жабыстырған себебіміз молшылық тоқшылық болсын деп.

Қызыл түсті асықты жіпке тізіп, киіз үйді жасадық.Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әрқашан шаңырағымыз биік болып шайқалмас үшін жасадық.

Көк түспен бәйтеректі әдемі моншақтармен әшекейлеп жабыстырдық. Балалар сендер әрқашанда осындай бәйтеректей биіктен көріне беріңдер.

Осы рухани жаңғыруды әрі қарай жаңғырта беріңдер деген тілекпен жасап отырмыз.

Тәрбиеші:Атамыз бен әжеміз не берді екен қарап көрейік. Керемет! Еліміздің болашағы үшін бірге ат салысайық. Болашаққа деген рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша Флешмоб биімен іс-шарамызды аяқтаймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі