400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Шешендік өнер – ұлттық асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

«Шешендік өнер – ұлттық асыл қазына»

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)

Сабақтардың жиынтығы «Шешендік өнер – ұлттық асыл қазына» бағдарламасы негізінде жасалды.Сөз мәдениеті- тілді құрал ретінде дұрыс, тиімді жұмсай білу, ажарын кетірмей,бедерін бұзбай қолдану.Сөз мәдениеті- жеке адам мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігінің бірі. "Өнер алды - қызыл тіл" деп түсінген ата-бабамыз "ақылдың көзі сөйлей білу де үлкен өнер" деп бағалаған. Шешендік сөздерді зерттеп-талдау, жинап жариялау, ана тіліміздің сөздік қорын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді, сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді.

Оқытудың өзекті мәселесі тіл мәдениетін қалыптастыру.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жұмыс түрлерін талғап қолдануда да жауапкершілікті қажет етеді.Сабақта қолданылатын әдістемелік жұмыстардың логикалық жүйесі білім мазмұны мен оқушылардың білім деңгейлеріне сай болуы керек.Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға ұсынылатын білім мазмұнында тілдің грамматикалық мәселелерімен қатар ана тілінің қоғамдық қызметін танытуға да үлкен ықпал етеді.

Шешендік- болашақтағы қадамдарына жол ашатын, өзіңді тануға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құрал.Оқушыларды сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті қарым- қатынастық біліктерін дамытуға тәрбиелеу.Шешендік сөздің ерекшелігі, олардың қызметі мен көркемдік сапасына қойылатын талаптардың бірлігі.Шешендік сөздің сапасына әсер ететін факторлар-шешендік сөзге тән қағидалар.Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын нәрсе-сөйлеу техникасы.Сөйлеу техникасының бөліктері- дауыс, саз, мақам, ырғақ, кідіріс.Шешендік сөздердің тектерін ажырата білудің мәні, әр тектің өзіндік ерекшелігінің белгілерінде.

Бұл бағдарламада оқушылар өздерінің пән бойынша алаған білімдерін әрі қарай жаңғыртып, бағыт беру.Оқушы шешендік өнер тарихы туралы қандай ой түйді, нендей тұжырым жасай алды деген мәселені анықтау.Сөз мәдениетін, шешендік өнерге қойылар басты талаптарды ескере отырып,өз қажеттігіне сай дұрыс қолдана білу.Шешендік өнерге байланысты түрлі іс-шаралар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, білімділік, ізденімділік, шығармашылық әрекеттер жасау барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыздық орнату.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2025
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі