Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы:Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мəртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тəрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Балалар, бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген апайлар келіп отыр.Олай болса,балалар,апайлармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бəріміз бір үйдің балаларындай тату-тəтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз тыныш болсын.

Досымыз көп болсын.

Балабақшамыз жайнап тұрсын.

Нанымыз көп болсын.

Тəрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық. Тəрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,- деп бастайық.

Ғажайып сəт. Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сəлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.

Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тəрбиеші: Қəне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің əнұранын айтып берейік. Балалар əнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Айкөркем:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Саламат:

Ана тілім

Жүрегісің анамны

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем əр сөздің

Мəнін терең білуді.

Жаскен:

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бəрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бəрін біл

Жаннұр:

Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Əнұраны жүрегі

- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нəрсе біліп алдым,көп нəрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

Тəрбиеші: «Мақал-сөздің мəйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мəтелдер айтайық.

Әсемгул:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Диас:

Өнер алды — қызыл тіл.

Имангали:

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Тəрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мəн берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан. Төле би: Əр бір тілде сөйле əлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мəңгілік.

Қазыбек би: Жетер енді əркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым – ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Əйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.

Тəрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сəтін жасайық.

Сергіту сəті.

Жұмбақ шешу

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Тəрбиеші:Балалар,бүгін бəрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мəртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бəйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.

























«Тексерілді»

«Ерке-Наз» балабақшасы

МКҚК әдіскерінің у.м.а

__________Б.Ж.Мұханова

«______»________ 2017ж












Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Тілші»күні

















Тәрбиеші: Таңатова А.Ж







2016-2017 оқу жылы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12