Материалдар / Тақырыбы:"Туған күн"

Тақырыбы:"Туған күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге оқу қызметінен көмек ретінде ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Туған күн кешінде!»

Мақсаты: Балалардың зейінін және есте сақтау қабілетін логикалық ойлауын дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар шеңбер бойымен отырғызылады.

Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер! Бүгін ормандағы бір аңның туған күні. Орманға туған күніне барғыларың келе ме? Онда орманға апаратын паравоз бар екен соған мініп алайық.

Шаттық шеңбері

Дөңгелегі тарсылдап (жай қадаммен),

Біздің поезд келеді.

Балаларды алысқа,

Апарғысы келеді.

Чу-чу-чу жай басып (жылдам),

Жүгіреді паравоз,

Балаларды алысқа,

Апарғасы келеді.

Психолог: Ой, жарайсыңдар! Орманға жеттік. Кімнің, қай аңның туған күні екенін білгілерің келем? Онда жұмбақ арқылы тауып көріңдер.

Орғыған қорқақ көзі еді

            Қыс пен жазда түрлі тон киеді.

(Қоян)

Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар. Ал, балалар қоянды құттықтап «Туған күнің құтты болсын» деп айтайық.

1-жаттығу. «Кім, қандай сыйлық әкелді?»

Психолог: Балалар, Қоянға бізбен бірге күшік, торғай, кірпі, тиын, балапан келіпті, олар құр қол келмепті сыйлықтарын ала келіпті. Қане, күшік қоянға торт, балапан болса басына тағатын бантик, пілдің баласы шар әкелсе, қонжық қоянның ең жақсы көретін асы сәбізді сыйлапты (балаларға орман аңдары мен әкелген сыйлықтыры көрсетіліп тұрады).  Ал, қоян болса қай досының не әкелгенін ұмытып қалыпты, көмектесейік. Тақтада ілінген аңдардың жанына әкелген сыйлықтары жапсырып қояйық.

(Балалардың жауаптары).

2-жаттығу. «Гүл суретін құрастыру». 

Психолог: Балалар, қоянға достары сыйлық әкеліпті, ал біз қандай сыйлық сыйлаймыз. Ендеше қоянға арнап гүл құрастырып сыйлайық. Мен сендерге қиылған гүл суреттерін таратамын. Сендер ойланып құрастырып қоянға сыйлаңдар. Сыйлағанда жай тапсыра салмайық қоянға жақсы-жақсы тілектерімізді білдірейік.

(Балалардың жұмыстары мен тілектері).

Психолог: балалар, туған күніміз қызықты өткізу үшін жұмбақтар шешіп отырайық.

3-жаттығу. «Жұмбақтар».

     1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы – бұтаққа ілінеді,

Айтыңдаршы, кім біледі.

               (Алма)

    2.  Жазда қыдырады,

Қыста тынығады

               (аю)

    3. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.  

(пияз)

     4. Сырты тас

 Іші ас                     

(Жаңғақ)

     5. Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талтаңдап          

(балапан)

    6. Дөп-дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай

(Қарбыз)

(Балалардың жауабы).

Психолог:  - Жарайсыңдар! Керемет, ақылды, тапқыр болып өсіп келе жатыр екенсіңдер. Ой, балалар қайтатын уақытымыз болыпты. Қоянға «Рахмет» айтып, бақшамызға қайтайық.

(Балалар паравозға мініп кері қайтады).

  • Балалар, туған күн қалай өтті, ұнады ма? (Балалар жауабы).

«Қоштасайық әрқалай» ойыны.

Психолог: Қол беру (білегімізбен, тізелерді қосу, арқамен, маңдаймен және т.б.). Көріскенше күн жақсы, балалар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ