Тақырыбы:Үлкенге құрмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Үлкенге құрмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Сыйластық», « құрмет» ұғымдарының мәнін ашу. Міндеттері: - құрмет, ізет ұғымдарының мағынасына түсінік беру. - әдептілік дағдыларын қалыптастыру; - сыйластыққа, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: Рахметова Гульнар Каирканқызы.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

2Аманқарағай орта мектебі



Үлкенге құрмет

Сыйлап үлкен кішіні,

Аялағын кішіні.

Мақсаты: «Сыйластық», « құрмет» ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері:

- құрмет, ізет ұғымдарының мағынасына түсінік беру.

- әдептілік дағдыларын қалыптастыру;

- сыйластыққа, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Сәлеметсіз бе, ағай – деп,

Сәлеметсіз бе, апай – деп,

Есенсіз бе, апай – деп,

Амансыз ба, атай – деп

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Әңгімелесу

Балалар,құрмет деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Үлкен кісіге орын беріп,төрге шығару

Жасы үлкен кісілерге көмектесу.

Бөлмеде,қоғамдық көлікте үлкендер мен қыздарға орын беру.

Қарсы келіп қалған үлкен кісіге,қыз балаға жол беру.

Әңгімелеу

Автобуста



Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам көп. Бірі мінсе,бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен мамам екеуіміз кірдік

  • Мұнда отырыңыз,-деп менен гөрі үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

Рақмет, балалар! – деді анам отырып жатып.

Мама,рақметті не үшін айттыңыз?

Құрметті мен кішіпейілдігі үшін.Сен де Солардай бол! Үлкендерді құрметте.Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады.

Анасы балаларға не үшін рақмет айтты?

Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?

Дәйексөз

Сыйлап үлкен кісіні,

Аялағын кішіні.

Ойын: «Қандай мамандық?»

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Әрі-бері ырғалған.

Дәптермен жұмыс

Суретке қарап әңгіме құрастыру. Суретті бояту.

Ғажайып сөздер

Инабаттылық- әдепті,ізетті болу.

Үлкенді құрметте.

Қорытындылау.Бүгінгі сабағымызда үлкендерге көмектесуді,құрметтеуді үйрендік. Үлкендерге құрметімізді жақсы қылықтарымыз,инабаттылығымызбен көрсетеді екенбіз.

Жүректен-жүрекке

Балалар шеңберге жиналып өздерінің үлкендерге қалай құрмет көрсететіндерін айтады.

Мен үлкендерге орын беремін.

Мен үлкендермен үнемі сәлемдесемін.

Мен үлкендерге жол беремін.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
669
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі