Материалдар / Тақырып: "Абай әлеміне саяхат"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырып: "Абай әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу . Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
358
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы Қаратау ауданы №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Shape1






Тақырып: «Абай әлеміне саяхат»

















Сынып: 4

Мұғалім: Шаметова Муяссар Зиятовна



Мақсаты: 


    Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер.  

Жоспары:
1.    Алғы сөз.
2.    І бөлім – Абай туралы.
3.    ІІ бөлім – Абай өлеңдері.
4.    ІІІ бөлім – Абай аудармалары. 
5.    ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
6.    V бөлім – Абайдың әндері.
7. VІ бөлім – Абайдың поэмалары.

8. VІІ бөлім – Абайдың табиғат лирикасы.

Мұғалім:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?      Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

- Армысыздар, құрметті көрермен қауым! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтардың жауабын аласыңдар деп ойлаймын. Ал ендігі кезекті 4- сынып оқушыларына берсек осы сұрақтардың жауабын табуға көмектессе.


1-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған Жырымен жан сусынын қандырған Өзіне- өзі   орнатып ескерткішті, Мұра қып, кейінгіге қалдырған Ерте оянып, ойланып, ержеткен, Талабын тас қияға өрлеткен Құбажан,құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, Үнінен әділдіктің лебі ескен-бұл балалар кім болды екен?(Абай атамыз)

Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз!

Сахнаға Абай шығады

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма


2-жүргізуші 

Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді , мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай – үні, ана тынысы-заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалында жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді

1-жүргізуші

Құрметті әдебиетсүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын ойшыл, дана ғұламалалардың бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай-әлеміне саяхат» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер!  Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.

2-жүргізуші

Бұл шара «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы» аясында ұйымдастырылып отырғандықтан, бүгнгі кешімізде Абай өлеңдері оқылып, әндері айтылып, көріністер тамашалайсыздар.
Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

І бөлім – Абай туралы

1-оқушы

АБАЙ. Азан шақырып қойған есімі Ибрахим Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінде аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы- Өскенбай, арғы атасы- Ырғызбай.

Абай - әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тәрбиесінде болған.



2-оқушы         

–  Абай - қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қанашама зертеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М.Әуезов былай деген: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңіги беруің керек, сүңіги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.»десе М.Әуезовтен бастап қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткені жоқ. Осы ақындардың Абай Құнанбайұлы туралы пікірін тыңдап көрелік.

1-оқушы - Ахмет Байтұрсынұлы.

2-оқушы - Мұхтар Әуезов.

3-оқушы - Міржақып Дулатов

4-оқушы - Мырзатай Жолдасбеков

Абай туралы бейнерөлік

1-жүргізуші:

ІІ бөлім – Абай өлеңдері.

     - Абай Құнанбайұлы өлеңді 14 жасынан жаза бастады, бірақ ол өлеңдері қалжың, сықақ өлеңдер болды.. 
     Тек 80 жылдары 35 жастан асқаннан кейін, өлең туралы көзқарасын өзгерте бастайды.  Осы уақытқа  дейін оның өлеңдері өз замандасы  «Көкпай» атынан танылып жүрді. Осыдан бастап Абай ақындыққа біржолата бет бұрды. Ақындық мақсатын айқындап, өлең сөз арқылы халыққа қызмет етуге бел байлайды.

2-жүргізуші

 Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналады. Сөзі аз, мағынасы терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған  Абай Құнанбайұлы талай қүйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше Абай өлеңдерін өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз. Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік.
    1-оқушы «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

2-оқушы «Ғылым таппай мақтанба...»

3-оқушы «Қалың елім қазағым , қайран жұртым...»

4-оқушы «Әсемпаз болма әрнеге...»

5-оқушы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»

6-оқушы «Жігіттер , ойын арзан, күлкі қымбат...»

Қазақша би - қыздар орындауында

1-жүргізуші:

ІІІ бөлім – Абай аудармалары.

Абай бар жоғы 4 жыл мұсылманша 3 ай орысша оқыған екен. Соған қарамастан өзінің талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің арқасында ана тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін игерген. Соның ішінде Абайдың орыс тіліне ықыласы ерекше болған.                
     Абай орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып білумен қатар, олардың шығармаларын қазақ тілінде аударған. Сол арқылы қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан. .

Ендеше аудармаларын тыңдап көрейік.
1-оқушы Крылов «Шегіртке мен құмырсқа »
2-оқушы Лермонтов «Жалау»
3-оқушы  Пушкин «Онегиннің Татьянаға жазған хаты»

17-қара сөзі Көрініс  

 2-жүргізуші:


ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
   

Абай өз мысалдарында көрсетілген адам бойындағы кемшіліктері мен Абай өмір бойы күресіп келді. Абайдың күрестен беті қайтып, ендігі кезекте басқа жолды таңдауды ұйғарғады.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ.
Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім. –деп қартайған шағында тыныштықты қалап, тек ақылшы, кеңесші болғысы келеді. Жастармен әңгіме үстінде өткізген уақытын өмірінің ең жақсы сәттері деген екен. Осы мақсатта өзінің бір алуан шығармалары «Қара сөздерін» жаза бастайды. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Енді соларға тоқтап өтелік.
1-оқушы 31 қара сөз.
2-оқушы 18 қара сөз.
3-оқушы 7 қара сөз

1-жүргізуші:        

V бөлім – Абайдың әндері.

Абай туралы айтып отырып, оның тағы бір қыры – сазгерлігі туралы айтпасақ болмас. Ақын өз өлеңдеріне ән де шығарып таратқан. Ол әндерінің ерекшелігі ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған. Бүгінгі кешімізде ұлы ақынымыздың сыршыл әндерінен тыңдасақ

«Көзімнің қарасы» - 4-сынып оқушылары

2-жүргізуші:

VІ бөлім – Абайдың поэмалары

1-оқушы «Ескендір»

2-оқушы «Масғұт»

3-оқушы «Әзім әңгімесі»

Көрініс: «Абай мен Әбіш» Автор сөзі:Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып,жазғы демалыста үйіне келеді.Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

2-жүргізуші:

VІІ бөлім – Абай өлеңіне сурет салу.

Абай шығармаларына сурет салған балалар бар екен сол суреттерге зер сала кетсек. (Төрт мезгілдің суреті көрсетіледі).Табиғат- өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін , оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне тоқталсақ.

1-оқушы «Қыс» өлеңі

2-оқушы «Жаз» өлеңі

3-оқушы «Күз» өлеңі

4-оқушы «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

5-оқушы «Жазғытұрым» өлеңі

«Қызбалагүл» биі – қыздар орындауында

1-жүргізуші:

Қорыту.
             Абай - мың қырлы, мың тәлімі бар ақын. Бүгінгі кешімізде сол мың қырының  бірерін ғана өзімізше түсініп, әңгіме етпек болдық. М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасына ғана келдік. Ал сол даряның інжу-маржандарын теретін болашақ ғалымдар, ақын-жазушылар сендердің ішітеріңде отыр деп үміттенеміз.
2-жүргізуші:

Осымен «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Хош сау болыңыздар!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!