Қазақстан Республикасының оқу ағарту министірлігі
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің "Спутник станциясының негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тақырып: Жасанды интеллект көмегімен Python тілінде бағдарламалауға арналған есептер жинағы
Орындаған: Болатбекқызы Лайла
Жетекшісі: Хавал Нартай
2026
Мазмұны
1-БӨЛІМ. PYTHON ТІЛІНЕ КІРІСПЕ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИНТАКСИС 8
1.1-тақырып. Python бағдарламалау ортасын орнату және баптау 8
1.2-тақырып. Айнымалылар және деректер типтері 9
2-БӨЛІМ. СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕР 14
2.1-тақырып. Сызықтық есептер: арифметикалық және геометриялық орта 14
3.1-тақырып. Екі және үш таңбалы сандардың цифрларын бөлу 20
4-БӨЛІМ. ТІЗІМДЕР ЖӘНЕ СӨЗДІКТЕР 23
4.1-тақырып. Тізімдермен жұмыс істеу функциялары 23
6-БӨЛІМ. PYGAME КІТАПХАНАСЫ АРҚЫЛЫ ОЙЫН ЖАСАУ 28
6.1-тақырып. Pygame орнату және ойын терезесін құру 28
6.2-тақырып. Практикалық жоба: «Жылан» (Snake) ойыны 29
7-БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46
Түсінік хат
Python бағдарламалау тілі бүгінде әлемдік технологиялық индустрияның негізгі құралдарының біріне айналды. Есептеу техникасы қауымдастығының (ACM) зерттеуіне сүйенсек, Python АҚШ-тың жетекші колледждерінде алғашқы бағдарламалау тілі ретінде бірінші орынға шықты. Әлемдегі үздік 50 IT-факультетінің сауалнамасына сәйкес, Python Java тілін ауыстырып, жаңа бағдарламашылар назар аударатын алғашқы жалпыға арналған бағдарламалау тілі болды. Үздік 10 IT-факультеттің 80%-ы (8-і) оқу бағдарламасын Python-нан бастайды, ал жалпы зерттелген 50 оқу орнының 70%-ы (35-сі) оқытудың алғашқы сатысында осы тілді таңдаған [1].
2026 жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің технологиялық дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясы мен 2029 жылға дейінгі Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы аясында экономиканы жаңғырту, инновациялық экожүйені қалыптастыру және ЖИ-шешімдерінің экспортын 5 миллиард долларға жеткізу сияқты ауқымды мақсаттар қойылды [2]. Осы үдерісте Python бағдарламалау тілі негізгі рөл атқарады, себебі ол тек Google, NASA, Яндекс сияқты әлемдік алпауыттардың таңдауы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы жасанды интеллект, деректерді талдау және киберқауіпсіздік салаларындағы мамандар үшін маңызды құралға айналды.
Бүгінде Назарбаев Университетінің Smart Systems and Artificial Intelligence институты (ISSAI) қазақ тілін түсінетін KazLLM, Oylan сияқты ұлттық тілдік модельдерді дамытуда [3]. Елде Alem.Cloud және Al-Farabium сияқты қуатты суперкомпьютерлер іске қосылып, күрделі ЖИ модельдерін оқытуға мүмкіндіктер ашылды. Осының бәрі Python тілін білетін білікті мамандарға деген сұранысты арттыруда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жасанды интеллект мен цифрландыруды дамыту аясында Astana Hub халықаралық технопаркінде алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылды [4]. Мектепте бағдарламалау дағдылары нөлден бастап үйретіледі, ал оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген.
Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2025-2026 оқу жылынан бастап мектептердегі «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне ЖИ элементтері енгізілуде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2025 жылы 1-4-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» және 5-9-сыныптарға арналған «Информатика және жасанды интеллект» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірледі [5]. Оқу бағдарламасы білім алушылардың цифрлық және ақпараттық технологияларын жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген.
Осы әдістемелік құрал аталған мақсатты жүзеге асыруға, 6-11 сынып оқушыларына Python негіздерін заманауи ЖИ құралдарымен (Gemini, ChatGPT) біріктіріп үйретуге бағытталған. Құрал тек дайын кодтар берумен шектелмейді. Әрбір тапсырмада жасанды интеллектке қандай сұраныс (промпт) қою арқылы шешімге келуге болатыны көрсетіледі. Мұндай тәсіл оқушыны дайын жауапты көшіруге емес, ЖИ-ді көмекші құрал ретінде пайдаланып, мәселенің шешімін табуға үйретеді.
Жаңашылдығы
Бұл құралдың жаңашылдығы бірнеше маңызды аспектіде көрінеді.
Біріншіден, құрал Python бағдарламалауын жасанды интеллект құралдарымен интеграциялайды. Әрбір тапсырмада ЖИ-ге қандай сұраныс қою керектігі нақты көрсетіледі. Бұл тәсіл 2026 жылғы технологиялық трендтерге толық сәйкес келеді, себебі болашақ мамандардан кодты жатқа білу емес, заманауи құралдарды тиімді қолдана білу талап етіледі.
Екіншіден, құралда практикалық жобалар кеңінен қамтылған. «Қазақстан қалалары» дерекқоры, Pygame кітапханасымен «Жылан» ойынын жасау, scikit-learn көмегімен машиналық оқыту модельдерін құру сияқты нақты жобалар арқылы оқушылар теориялық білімді іс жүзінде қолдануды үйренеді.
Үшіншіден, мазмұн Қазақстанның ұлттық контекстіне бейімделген. Тапсырмаларда Қазақстан қалалары, ҰБТ балдары, отандық стартаптар туралы ақпарат қолданылады, бұл оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, бағдарламалаудың нақты қолданылу аясын көрсетеді.
Өзектілігі
Құралдың өзектілігі бірнеше факторларға негізделген.
-
Тәжірибелік қажеттілік: Құралдағы тапсырмалар Қазақстанның болашақ еңбек нарығында сұранысқа ие болатын дағдыларды дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейінгі ЖИ дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2026 жылы 7 мың адам жасанды интеллектті тегін игеру курстарынан өтеді, 2029 жылға дейін бұл көрсеткіш 20 мың адамға жетеді [6].
-
Оқулықтармен байланыс: Тапсырмалар мектеп информатика пәнінің стандарттарымен, жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен үйлестірілген.
-
Әдістемелік көмек: Информатика пәні мұғалімдері үшін сабақты қызықты әрі заманауи технологиялармен байытуға арналған дайын құрал.
Оқыту мақсаты
Танымал Python тілінің негіздерін заманауи жасанды интеллект құралдарымен біріктіре отырып үйрету, оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды ЖИ көмегімен қарапайым суреттер, анимациялар және ойындар жасауға бағыттау.
Оқыту міндеттері
Python тілінің негізгі синтаксисі, деректер типтері (сөздіктерді қоса) және басқару құрылымдарымен таныстыру. Жасанды интеллект чат-боттарына дұрыс сұраныс (промпт) қою арқылы код жазуға, қателерді түзетуге және алгоритмді түсіндіруге үйрету. def арқылы функциялар құру арқылы кодты қайта пайдалану және модульдеу дағдыларын қалыптастыру. Тәжірибелік есептер мен шағын жобалар арқылы бағдарламалау білімін бекіту. Нысанға бағытталған бағдарламалау (НББ) принциптерін меңгерту. Машиналық оқытудың негізгі алгоритмдерімен (K-Means, Decision Tree) танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Оқушылардың өз бетінше ізденуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар ЖИ көмегімен бағдарламалау тапсырмаларын орындай отырып, кездескен мәселелерді өз бетінше шешуге дағдыланады. Олар алгоритмдерді өз сөздерімен түсіндіріп, сыныптастарына көмектесе алатын болады. Нәтижесінде оқушының логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеті дамып, ағылшын тіліндегі техникалық терминдерді меңгеруіне де оң әсер етеді. Бағдарламалау балаға логиканы, кеңістік ойлауды, зейін және қиялды дамытуға септігін тигізеді.
Педагогикалық мақсатқа сәйкестігі
Әдістемелік құралдың педагогикалық мақсатқа сәйкестігі оның заманауи дидактика және жасөспірімдерді оқыту психологиясының негізгі принциптеріне сай болуымен анықталады. Құрал материалдары 12-17 жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін және бағдарламалауды меңгеруге деген мотивациялық факторларды ескере отырып дайындалған.
Саралау принципі құралдың негізгі құрылымына арқау болып, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге және дайындық деңгейі әртүрлі мектеп оқушыларының сәтті оқуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл бір сыныпта компьютермен жұмыс істеу дағдылары мен бағдарламалауды үйрену қабілеттері айтарлықтай ерекшеленетін балалар оқитын жағдайда ерекше маңызды.
Құрал материалдары тек бағдарламалау саласындағы пәндік құзыреттіліктерді ғана емес, сонымен қатар метапәндік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Оларға ақпарат құрылымын талдау, жоба құру кезінде өз іс-әрекетін жоспарлау, жұмыс нәтижелерін өзін-өзі бақылау және бағалау, ортақ жоба бойынша топтық жұмыс жасау қабілеттері жатады.
Практикалық сабақтарды ұйымдастыруда жобалық тәсілді қолдану шығармашылық ойлаудың дамуына және шешімдерді өз бетінше іздеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылар тек берілген жаттығуларды орындап қана қоймайды, сонымен қатар веб-беттердің құрылымы мен дизайны туралы шешім қабылдауды үйренеді, бұл олардың шығармашылығын және жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілік сезімін дамытады.
Стив Джобстың: «Әр адам бағдарламалауды үйренуі керек, себебі ол бізді ойлауға үйретеді», деген сөзі бүгінгі таңда бұрынғыдан да өзекті. Бағдарламалау тек код жазу емес, ол логиканы, сыни ойлауды және мәселені шешудің жүйелі жолдарын меңгеру [7].
Кіріспе
Қазақстан Республикасының заманауи білім беру жүйесі XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға бағытталған айтарлықтай өзгерістер кезеңін бастан кешіруде. Ақпараттық технологиялар мен қоғам өмірінің барлық салаларының цифрландырылуы қарқынды дамып жатқан жағдайда, Python бағдарламалау тілін меңгеру заманауи адамның базалық дағдысына айналуда.
Python тілінің негізі қаланғанына 30 жылдан асса да, оның бағдарламалауды үйретудегі тиімді құрал екені жақында ғана толық мойындалды. Оның танымал болуына Raspberry Pi жобасы айтарлықтай ықпал етті. Python тек оқу құралы емес, ол әлемдік алпауыттардың сенімді таңдауы: Google, Яндекс, NASA компаниялары бұл тілді белсенді қолданады. 2008 жылдан бастап Python ең сұранысқа ие бағдарламалау тілдерінің рейтингінде тұрақты позициясын сақтап келеді [8]. 2026 жылғы наурыздағы деректерге сәйкес, Python Package Index (PyPI) репозиторийінде 614 000-нан астам пакет тіркелген, ал Python 3.14.3 тілінің ең соңғы тұрақты нұсқасы болып табылады.
Қазақстанда IT-мамандарға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Президент өз сөздерінде Қазақстанда IT-мамандардың тапшылығы туралы бірнеше рет мәлімдеді. 2025 жылға қарай ел кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауға ниет білдірген [9]. Осы бағдарлама шеңберінде машиналық оқыту, генеративті нейрондық желілер, деректер туралы ғылым, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру сияқты пәндерге ең үлкен бейімділік жасалуда.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта 24 ЖОО мен ғылыми орталық жасанды интеллект саласында қандай да бір зерттеулермен немесе әзірлемелермен айналысады. Деректердің қолжетімділігі, цифрлық әлеует және құқықтық базаның цифрлық бизнес-модельдерге бейімделуі Қазақстанның күшті жақтары болып табылады [10].
Бұл құралда тапсырмалар жинақталған, олардың мақсаты бағдарламалау және компьютерде әр түрлі әрекеттердің алгоритімін жүзеге асыру дағдыларын, соның ішінде Python сияқты жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілімен тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеру болып табылады. Әр тапсырма бойынша құжатта ЖИ құралдары, жұмыс тапсырмасы, жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулықтар және өзіндік дайындалу үшін бақылау сұрақтарынан тұрады.
ЖИ арқылы Python бағдарламалау тілінде ойындарды жасау хоббиді пайдалы сабаққа айналдырудың жолы. Python бағдарламалау тілі бүкіл әлемде кеңінен қолданылады: веб бағдарламалау, компьютерлік қауіпсіздік, графика, машина жасау және басқа да көптеген салаларда. Python-ды жақсы меңгерген адам әр түрлі IT-саласында үлкен сұранысқа ие [11].
Осы құралды дайындау барысында «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің жаңартылған бағдарламасы ескерілді. Оқу бағдарламасының мазмұны цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуының заманауи үрдістерін, сондай-ақ білім алушылардың функционалдық, цифрлық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып құрастырылған [12].
2026 жылы IT-Aiel және AqylTech жобалары шеңберінде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарламалар мазмұны жаңғыртылып, өзекті әрі қолданбалы тақырыптармен толықтырылды. Қатысушылар тек жалпы білім алып қана қоймай, оны нақты нәтижеге айналдыруға бағытталған дағдыларды игереді [13]. Осы аталған бағдарламалар аясында жасанды интеллект құралдарын тұрмыста да, жұмыста да тиімді қолдануға баса назар аударылуда.
Осы кіріспе бөлімінде аталған барлық факторлар бұл әдістемелік құралдың жасалуының негізгі себептерін түсіндіреді. Құрал мектеп оқушыларына Python бағдарламалау тілінің негіздерін жасанды интеллект құралдарымен біріктіріп, тәжірибелік тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
1-БӨЛІМ. PYTHON ТІЛІНЕ КІРІСПЕ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИНТАКСИС
1.1-тақырып. Python бағдарламалау ортасын орнату және баптау
Теориялық блок
Python бағдарламалау тілін қолданбас бұрын, оны компьютерге жүктеп орнату қажет. Python тілінің ресми сайты python.org мекенжайында орналасқан. 2026 жылғы наурыз айындағы деректерге сәйкес, Python 3.14.3 тілінің ең соңғы тұрақты нұсқасы болып табылады. Python 3.15 нұсқасы қазір альфа-кезеңде, ал оның тұрақты шығарылымы 2026 жылдың қазан айында күтілуде.
Python орнату қадамдары:
1-қадам: python.org сайтына кіріп, Downloads бөлімінен операциялық жүйеге сәйкес нұсқаны жүктеу. 2-қадам: Орнату кезінде «Add Python to PATH» құсбелгісін міндетті түрде қою. 3-қадам: Командалық жолда python --version деп теріп, орнатуды тексеру.
Python-мен жұмыс істеу үшін бірнеше бағдарламалау ортасы (IDE) қолданылады:
|
IDE атауы |
Сипаттамасы |
Артықшылығы |
Кімге ұсынылады |
|
IDLE |
Python-мен бірге орнатылатын қарапайым орта |
Қосымша орнату қажет емес |
Бастаушыларға |
|
Visual Studio Code |
Microsoft-тың тегін код редакторы |
Кеңейтімдердің көптігі, Python қолдауы |
Орта деңгейге |
|
PyCharm |
JetBrains компаниясының кәсіби IDE-і |
Қуатты отладка, автоматты толтыру |
Тәжірибелі оқушыларға |
|
Jupyter Notebook |
Веб-браузер негізіндегі интерактивті орта |
Кодты бөліктерге бөліп орындау |
Деректер талдауына |
|
Thonny |
Бастаушыларға арналған қарапайым IDE |
Түсінікті интерфейс, қадамдық орындау |
6-7 сынып оқушыларына |
ЖИ-ге сұраныс (промпт): «Python 3.14 нұсқасын Windows 11 операциялық жүйесіне қалай орнатуға болады? Қадам-қадаммен түсіндір. IDLE ортасында алғашқы бағдарламаны қалай жазуға болатынын көрсет.»
Практикалық мысал: Алғашқы бағдарлама
# Алғашқы бағдарлама: Сәлемдесу
print("Сәлем, Әлем!")
print("Менің атым Python.")
print("Мен бағдарламалау тілімін!")
Кодтың түсіндірмесі: print() функциясы жақша ішіндегі мәтінді экранға шығарады. Тырнақшаға алынған мәтін жол (string) деп аталады. # белгісінен кейінгі мәтін түсініктеме (комментарий) болып табылады, оны Python орындамайды.
Кеңейтілген мысал: Пайдаланушыдан ақпарат алу
# Пайдаланушыдан атын сұрау
name = input("Сіздің атыңыз кім? ")
# Сәлемдесу хабарламасын шығару
print(f"Сәлем, {name}! Python бағдарламалау әлеміне қош келдіңіз!")
Кодтың түсіндірмесі: input() функциясы пайдаланушыдан мәлімет енгізуді сұрайды. Енгізілген мән name айнымалысына сақталады. f-string (f"...") арқылы айнымалының мәнін мәтін ішіне кірістіруге болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Python тілін компьютерге орнату үшін қандай қадамдар қажет?
-
IDLE және PyCharm ортасының айырмашылығы неде?
-
print() және input() функцияларының міндеті қандай?
-
Python-дағы түсініктеме (комментарий) не үшін қолданылады?
1.2-тақырып. Айнымалылар және деректер типтері
Теориялық блок
Айнымалы (variable) деректерді сақтайтын атаулы жады ұяшығы. Python-да айнымалыны жариялау үшін арнайы кілт сөз қажет емес, тек атау беріп, мән меншіктесе жеткілікті. Python тілінде деректердің негізгі типтері:
|
Тип |
Кілт сөз |
Мысал |
Сипаттамасы |
|
Бүтін сан |
int |
age = 16 |
Оң және теріс бүтін сандар, 0 |
|
Нақты сан |
float |
height = 1.75 |
Бөлшек (ондық) сандар |
|
Жол |
str |
name = "Айдос" |
Мәтіндік деректер |
|
Логикалық |
bool |
is_student = True |
Ақиқат (True) немесе Жалған (False) |
Маңызды ережелер:
Python тілінде айнымалы атаулары әріптен немесе астын сызу белгісінен (_) басталуы керек. Айнымалы атауларында бос орын қолданылмайды. Python регистрге сезімтал: Name және name екі бөлек айнымалы. True және False бас әріппен жазылуы керек, әйтпесе бағдарлама қате деп қабылдайды [14].
ЖИ-ге сұраныс: «Python-да деректердің негізгі типтерін (int, float, str, bool) мысалдармен көрсететін код жаз. Әр типті type() функциясымен тексер.»
# Деректер типтерін анықтау
age = 16 # int - бүтін сан
height = 1.75 # float - нақты сан
name = "Айдос" # str - жол (мәтін)
is_student = True # bool - логикалық
# Типтерді тексеру
print(f"age = {age}, типі: {type(age)}")
print(f"height = {height}, типі: {type(height)}")
print(f"name = {name}, типі: {type(name)}")
print(f"is_student = {is_student}, типі: {type(is_student)}")
Типтерді түрлендіру (Type Casting):
# Пайдаланушыдан сан енгізу
number_str = input("Санды енгізіңіз: ") # input() әрқашан str қайтарады
print(f"Типі: {type(number_str)}") # <class 'str'>
# Жолды бүтін санға айналдыру
number_int = int(number_str)
print(f"Типі: {type(number_int)}") # <class 'int'>
# Бүтін санды нақты санға айналдыру
number_float = float(number_str)
print(f"Типі: {type(number_float)}") # <class 'float'>
Тапсырма: Оқушы туралы ақпарат жинайтын бағдарлама жазыңыз. Бағдарлама оқушының аты-жөнін, жасын, бойын (метрмен) және оқушы екенін (True/False) сұрасын. Барлық мәліметтерді экранға шығарсын.
Бақылау сұрақтары:
-
Python-дағы 4 негізгі деректер типін атаңыз.
-
input() функциясы қандай типтегі мәлімет қайтарады?
-
«Жолды бүтін санға айналдыру» үшін қандай функция қолданылады?
1.3-тақырып. Арифметикалық операторлар
Теориялық блок
Python тілінде жиі қолданылатын арифметикалық операторлардың толық анықтамалығы:
|
Операция |
Белгісі |
Мысал |
Нәтиже |
Сипаттамасы |
|
Қосу |
+ |
10 + 20 |
30 |
Екі санды қосады |
|
Азайту |
- |
25 - 8 |
17 |
Бір саннан екіншісін азайтады |
|
Көбейту |
* |
6 * 7 |
42 |
Екі санды көбейтеді |
|
Бөлу |
/ |
11 / 5 |
2.2 |
Нәтижесі әрқашан float типті |
|
Бүтін бөлу |
// |
11 // 4 |
2 |
Бөлгендегі бүтін бөлігін қайтарады |
|
Қалдық табу |
% |
11 % 4 |
3 |
Бөлгендегі қалдықты қайтарады |
|
Дәрежеге шығару |
** |
2 ** 3 |
8 |
Санды дәрежеге шығарады |
|
Модуль |
abs() |
abs(-5) |
5 |
Санның абсолюттік мәні |
|
Дөңгелектеу |
round() |
round(11.7) |
12 |
Жақын бүтінге дөңгелектейді |
|
N-ші санға дейін дөңгелектеу |
round(x, n) |
round(12.456, 2) |
12.46 |
Үтірден кейінгі n санға дейін |
|
Дәрежеге шығару (аналог) |
pow(x, y) |
pow(2, 3) |
8 |
x**y жазбасына ұқсас |
Ескерту: +, -, *, ** амалдарының нәтижесі int типті болады, егер екі аргумент те бүтін болса. / амалының нәтижесі әрқашан float типті.
ЖИ-ге сұраныс: «Python-да арифметикалық операторлардың барлығын қолданатын калькулятор бағдарламасын жаз. Пайдаланушыдан екі сан алып, барлық амалдардың нәтижесін көрсет.»
# Қарапайым калькулятор
a = float(input("Бірінші санды енгізіңіз: "))
b = float(input("Екінші санды енгізіңіз: "))
print(f"\n{a} + {b} = {a + b}")
print(f"{a} - {b} = {a - b}")
print(f"{a} * {b} = {a * b}")
print(f"{a} / {b} = {a / b}")
print(f"{a} // {b} = {a // b}")
print(f"{a} % {b} = {a % b}")
print(f"{a} ** {b} = {a ** b}")
Тапсырма: Пайдаланушыдан 3 санды алып, олардың орташа арифметикалық мәнін, ең үлкенін (max функциясымен) және ең кішісін (min функциясымен) табатын бағдарлама жазыңыз.
1.4-тақырып. Жолдық операциялар мен әдістер
Теориялық блок
Жол (string) Python-дағы ең көп қолданылатын деректер типтерінің бірі. Жолдар тырнақша ішінде жазылады.
|
Операция/Әдіс |
Мысал |
Нәтиже |
Сипаттамасы |
|
Біріктіру + |
'Сәлем, ' + 'дос!' |
'Сәлем, дос!' |
Жолдарды біріктіреді |
|
Қайталау * |
'xo' * 3 |
'xoxoxo' |
Жолды қайталайды |
|
Ұзындық len() |
len('Python') |
6 |
Жолдың ұзындығы |
|
Бас әріпке S.upper() |
'python'.upper() |
'PYTHON' |
Барлық әріпті бас әріпке ауыстырады |
|
Кіші әріпке S.lower() |
'PYTHON'.lower() |
'python' |
Барлық әріпті кіші әріпке ауыстырады |
|
Бөлу S.split() |
'Сәлем,әлем'.split(',') |
['Сәлем', 'әлем'] |
Жолды белгі арқылы бөледі |
|
Іздеу S.find() |
'Python'.find('th') |
2 |
Индексін табады, таппаса -1 |
|
Ауыстыру S.replace() |
'Асан'.replace('Асан', 'Есен') |
'Есен' |
old мәнін new мәніне ауыстырады |
|
Цифрды анықтау S.isdigit() |
'123'.isdigit() |
True |
Жол тек цифрлардан тұрса True |
# Жолдармен жұмыс мысалдары
greeting = "Сәлем, Python әлемі!"
print(f"Жолдың ұзындығы: {len(greeting)}")
print(f"Бас әріппен: {greeting.upper()}")
print(f"Кіші әріппен: {greeting.lower()}")
print(f"'Python' сөзінің орны: {greeting.find('Python')}")
print(f"Ауыстыру: {greeting.replace('Python', 'Java')}")
Тапсырма: Пайдаланушыдан сөйлем енгізуді сұрап, сол сөйлемдегі сөздер санын, бас әріппен жазылған нұсқасын және кері бағытта жазылған нұсқасын ([::-1]) шығаратын бағдарлама жазыңыз.
1.5-тақырып. math модулінің негізгі функциялары
Теориялық блок
Бұл функцияларды қолдану үшін кодтың басында import math деп жазу керек.
|
Функция |
Сипаттамасы |
Мысал |
Нәтиже |
|
math.sqrt(x) |
x санының квадрат түбірі |
math.sqrt(16) |
4.0 |
|
math.factorial(x) |
x санының факториалы |
math.factorial(5) |
120 |
|
math.log(x, base) |
x санының логарифмі |
math.log(8, 2) |
3.0 |
|
math.sin(x) |
Синус (x радианмен) |
math.sin(math.pi/2) |
1.0 |
|
math.cos(x) |
Косинус (x радианмен) |
math.cos(0) |
1.0 |
|
math.degrees(x) |
Радианды градусқа |
math.degrees(math.pi) |
180.0 |
|
math.radians(x) |
Градусты радианға |
math.radians(180) |
3.14159... |
|
math.pi |
Пи санының мәні |
math.pi |
3.14159265... |
|
math.e |
e санының мәні |
math.e |
2.71828182... |
|
math.hypot(x, y) |
Гипотенуза |
math.hypot(3, 4) |
5.0 |
import math
# math модулін қолдану мысалдары
print(f"16-ның квадрат түбірі: {math.sqrt(16)}")
print(f"5 факториал: {math.factorial(5)}")
print(f"Пи саны: {math.pi}")
print(f"e саны: {math.e}")
print(f"sin(90°): {math.sin(math.radians(90))}")
print(f"Катеттері 3 пен 4 болатын үшбұрыштың гипотенузасы: {math.hypot(3, 4)}")
2-БӨЛІМ. СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕР
Бұл бөлімде бағдарламалар жоғарыдан төменге қарай, тармақталусыз және қайталаусыз, рет-ретімен орындалады.
2.1-тақырып. Сызықтық есептер: арифметикалық және геометриялық орта
1-есеп. Арифметикалық орта
Тапсырма: Екі a және b саны берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз: (a + b) / 2.
ЖИ-ге сұраныс (промпт): «Python тілінде екі санның арифметикалық ортасын табатын код жаз. a және b сандарына 10 және 20 мәндерін бер. Нәтижені түсініктемесімен бірге шығар.»
# 1. Екі санды анықтаймыз
a = 10
b = 20
# 2. Арифметикалық ортаны есептейміз
arithmetic_mean = (a + b) / 2
# 3. Нәтижені экранға шығарамыз
print(f"{a} және {b} сандарының арифметикалық ортасы: {arithmetic_mean}")
Кодтың түсіндірмесі: Бағдарлама алдымен a және b айнымалыларына мән береді, содан кейін оларды қосып, 2-ге бөледі. print() функциясы f-string көмегімен нәтижені көрнекі түрде шығарады.
Визуалды бейнелеу:
Сандық түзудегі көрінісі: a (10) <---------- M (15) ----------> b (20)
Бұл арифметикалық ортаның екі санның арасындағы «орталық» нүкте екенін көрсетеді.
2-есеп. Геометриялық орта
Тапсырма: Теріс емес екі a және b саны берілген. Олардың геометриялық ортасын табыңыз: sqrt(a*b).
ЖИ-ге сұраныс: «Python-да екі санның геометриялық ортасын есептеу керек. math кітапханасын қолдан. Пайдаланушыдан екі санды сұрап, нәтижесін шығар.»
import math
# Пайдаланушыдан теріс емес екі санды енгізуді сұраймыз
a = float(input("Бірінші санды енгізіңіз (a): "))
b = float(input("Екінші санды енгізіңіз (b): "))
# Геометриялық ортаны есептеу
geometric_mean = math.sqrt(a * b)
# Нәтижені шығару
print(f"{a} және {b} сандарының геометриялық ортасы: {geometric_mean}")
Кодтың түсіндірмесі: math.sqrt() функциясын қолдану үшін алдымен import math деп жазу керек. input() арқылы алынған мәлімет мәтін (string) түрінде болады, сондықтан оны float() функциясымен нақты санға айналдырамыз.
Геометриялық ортаның мағынасы: Геометриялық тұрғыдан алсақ, егер қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыш болса, онда оның ауданына (a * b) тең болатын квадраттың қабырғасы осы сандардың геометриялық ортасы болып табылады.
3-есеп. Квадраттарымен амалдар
Тапсырма: Нөлге тең емес екі сан берілген. Олардың квадраттарының қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөлігін табыңыз.

squares_sum = a**2 + b**2
squares_diff = a**2 - b**2
squares_mult = (a**2) * (b**2)
squares_div = (a**2) / (b**2)
print(f"\nСандардың квадраттары: a² = {a**2}, b² = {b**2}")
print(f"1. Қосындысы: {squares_sum}")
print(f"2. Айырмасы: {squares_diff}")
print(f"3. Көбейтіндісі: {squares_mult}")
print(f"4. Бөліндісі: {squares_div}")
4-есеп. Модульдермен амалдар
Тапсырма: Нөлге тең емес екі сан берілген. Олардың модульдерінің қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөлігін табыңыз.

abs_a = abs(a)
abs_b = abs(b)
sum_abs = abs_a + abs_b
diff_abs = abs_a - abs_b
mult_abs = abs_a * abs_b
div_abs = abs_a / abs_b
print(f"\nСандардың модульдері: |{a}| = {abs_a}, |{b}| = {abs_b}")
print(f"1. Қосындысы: {sum_abs}")
print(f"2. Айырмасы: {diff_abs}")
print(f"3. Көбейтіндісі: {mult_abs}")
print(f"4. Бөліндісі: {div_abs}")
Модуль дегеніміз не? Математикалық тұрғыдан санның модулі оның координаталық түзудегі нөл нүктесінен қашықтығы. Сондықтан сан теріс болса да, оның модулі әрдайым оң болады. Мысалы, abs(-5) = 5.
2.2-тақырып. Геометриялық фигуралардың параметрлерін есептеу
5-есеп. Гипотенуза мен периметр
Тапсырма: Тік бұрышты үшбұрыштың a және b катеттері берілген. Гипотенузасы c мен P периметрін табыңыз.
import math
a = float(input("a катетін енгізіңіз: "))
b = float(input("b катетін енгізіңіз: "))
c = math.sqrt(a**2 + b**2)
p = a + b + c
print(f"\nГипотенуза (c): {c:.2f}")
print(f"Периметр (P): {p:.2f}")
6-есеп. Шеңберлер ауданы және сақина
Тапсырма: Ортақ центрі мен радиустары R1 және R2 (R1 > R2) екі шеңбер берілген. S1, S2 аудандарын және S3 сақинаның ауданын табыңыз. pi = 3.14.
PI = 3.14
r1 = float(input("Сыртқы шеңбердің радиусын енгізіңіз (R1): "))
r2 = float(input("Ішкі шеңбердің радиусын енгізіңіз (R2): "))
if r1 > r2:
s1 = PI * (r1**2)
s2 = PI * (r2**2)
s3 = s1 - s2
print(f"\nСыртқы шеңбер ауданы (S1): {s1}")
print(f"Ішкі шеңбер ауданы (S2): {s2}")
print(f"Сақинаның ауданы (S3): {s3}")
else:
print("Қате: R1 мәні R2-ден үлкен болуы тиіс!")
7-есеп. Шеңбер ұзындығы бойынша радиус пен аудан
Тапсырма: Шеңбердің ұзындығы L = 16 берілген. Радиусы R мен ауданы S табу керек.
import math
L = 16
r = L / (2 * math.pi)
s = math.pi * (r**2)
print(f"Шеңбер ұзындығы (L): {L}")
print(f"Радиусы (R): {r:.2f}")
print(f"Ауданы (S): {s:.2f}")
2.3-тақырып. Физикалық шамалар мен уақытпен жұмыс
8-есеп. Екі нүктенің арақашықтығы
Тапсырма: Координаталық түзудегі x1 және x2 нүктелерінің арақашықтығын табыңыз: |x2 - x1|.
x1 = float(input("Бірінші нүктенің координатасын енгізіңіз (x1): "))
x2 = float(input("Екінші нүктенің координатасын енгізіңіз (x2): "))
distance = abs(x2 - x1)
print(f"Нүктелер: x1 = {x1}, x2 = {x2}")
print(f"Олардың арақашықтығы: {distance}")
Неліктен модуль қолданылады? Егер x1 = 10 және x2 = 3 болса: x2 - x1 = 3 - 10 = -7 болады. Бірақ арақашықтық теріс болмайды, сондықтан |-7| = 7 деп аламыз.
9-есеп. Тәтті бағасын есептеу (пропорция)
Тапсырма: X кг тәтті A теңге тұрады. 1 кг мен Y кг тәттінің бағасын анықтаңыз.
x_kg = float(input("Қанша кг тәтті сатып алынды (X): "))
a_tenge = float(input("Барлығы қанша теңге төленді (A): "))
y_kg = float(input("Қанша кг тәттінің бағасын білгіңіз келеді (Y): "))
price_per_kg = a_tenge / x_kg
total_y_price = price_per_kg * y_kg
print(f"\n1 кг тәттінің бағасы: {price_per_kg:.2f} теңге")
print(f"{y_kg} кг тәттінің құны: {total_y_price:.2f} теңге")
10-есеп. Сызықтық теңдеу
Тапсырма: Ax + B = 0 сызықтық теңдеуін шешіңіз (A != 0).
a = float(input("A коэффициентін енгізіңіз (A != 0): "))
b = float(input("B коэффициентін енгізіңіз: "))
if a != 0:
x = -b / a
print(f"Теңдеудің шешімі: x = {x}")
else:
print("Қате: A коэффициенті 0-ге тең болмауы керек!")
Геометриялық тұрғыдан алсақ, y = Ax + B түзу сызықтың графигі. Ал Ax + B = 0 теңдеуін шешу дегеніміз осы түзудің X осін қиып өтетін нүктесін табу.
11-есеп. Секундтан минутқа
Тапсырма: Күннің басынан N секунд өтті. Толық минуттардың санын табыңыз.
n = int(input("Секунд санын енгізіңіз (N): "))
minutes = n // 60
print(f"Күннің басынан бері {minutes} толық минут өтті.")
|
Өткен секундтар (N) |
Формула (N // 60) |
Толық минуттар |
|
60 |
60 // 60 |
1 |
|
119 |
119 // 60 |
1 |
|
120 |
120 // 60 |
2 |
|
3600 |
3600 // 60 |
60 |
12-есеп. Секундтан сағатқа
Тапсырма: Күннің басынан N секунд өтті. Толық сағаттардың санын табыңыз.

hours = n // 3600
print(f"Күннің басынан бері {hours} толық сағат өтті.")
Кеңейтілген нұсқа: Сағат, минут, секундты бірге шығару:

h = n // 3600
m = (n // 60) % 60
s = n % 60
print(f"Нәтиже: {h} сағат, {m} минут, {s} секунд")
|
Өткен секундтар (N) |
Сағат (N // 3600) |
Минут ((N // 60) % 60) |
Секунд (N % 60) |
|
3661 |
1 |
1 |
1 |
|
7200 |
2 |
0 |
0 |
|
86400 |
24 |
0 |
0 |
13-есеп. Апта күні
Тапсырма: 1 қаңтар дүйсенбі. K-ші күннің апта күнін анықтаңыз.
week_days = {
0: "жексенбі",
1: "дүйсенбі",
2: "сейсенбі",
3: "сәрсенбі",
4: "бейсенбі",
5: "жұма",
6: "сенбі"
}
K = int(input("Жылдың K-ші күнін енгізіңіз (1-365): "))
# 1 қаңтар = дүйсенбі (1), сондықтан K-ші күн:
day_number = K % 7
print(f"\nЖылдың {K}-ші күні: {week_days[day_number]}")
3-БӨЛІМ. САНДАРМЕН ЖҰМЫС
Бұл бөлімде сандарды цифрларға бөлу, олардың орындарын ауыстыру сияқты тапсырмалар қарастырылады. Бүтін санды бөлу (//) және қалдықты табу (%) операторлары жиі қолданылады.
3.1-тақырып. Екі және үш таңбалы сандардың цифрларын бөлу
1-есеп. Екі таңбалы санның цифрлары
Тапсырма: Екі таңбалы сан берілген. Оның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табыңыз.
ЖИ-ге сұраныс: «Python-да екі таңбалы санның цифрларын қалай бөліп алуға болады? Мысалы, 45 санынан 4 пен 5-ті алу керек.»
number = int(input("Екі таңбалы санды енгізіңіз: "))
tens = number // 10 # 45 // 10 = 4
units = number % 10 # 45 % 10 = 5
digits_sum = tens + units
digits_product = tens * units
print(f"Сан: {number}")
print(f"Цифрлары: {tens} және {units}")
print(f"Қосындысы: {digits_sum}")
print(f"Көбейтіндісі: {digits_product}")
|
Сан |
Бірінші цифр (//10) |
Екінші цифр (%10) |
Қосынды |
Көбейтінді |
|
23 |
2 |
3 |
5 |
6 |
|
89 |
8 |
9 |
17 |
72 |
|
10 |
1 |
0 |
1 |
0 |
2-есеп. Екі таңбалы санның цифрларын ауыстыру
Тапсырма: Екі таңбалы сан берілген. Цифрларының орнын ауыстырып жаңа сан алыңыз.
1-әдіс: Математикалық жол:

tens = number // 10
units = number % 10
new_number = units * 10 + tens
print(f"Бастапқы сан: {number}")
print(f"Ауыстырылған сан: {new_number}")
2-әдіс: Мәтіндік жол (Slicing):
s = input("Екі таңбалы санды енгізіңіз: ")
result = s[::-1]
print(f"Ауыстырылған сан: {result}")
3-есеп. Үш таңбалы санның цифрлары
Тапсырма: Үш таңбалы сан берілген. Оның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табыңыз.
number = int(input("Үш таңбалы санды енгізіңіз: "))
hundreds = number // 100
tens = (number // 10) % 10
units = number % 10
digits_sum = hundreds + tens + units
digits_mult = hundreds * tens * units
print(f"Сан: {number}")
print(f"Цифрлары: {hundreds}, {tens}, {units}")
print(f"Қосындысы: {digits_sum}")
print(f"Көбейтіндісі: {digits_mult}")
|
Сан |
Жүздік (//100) |
Ондық ((n//10)%10) |
Бірлік (%10) |
Қосынды |
Көбейтінді |
|
123 |
1 |
2 |
3 |
6 |
6 |
|
504 |
5 |
0 |
4 |
9 |
0 |
|
999 |
9 |
9 |
9 |
27 |
729 |
3.2-тақырып. Цифрларды ауыстыру және циклдік жылжыту
4-есеп. Бірінші цифрды соңға жылжыту
Тапсырма: Үш таңбалы санның бірінші цифрын сызып, соңына жазыңыз. 123 --> 231.

first_digit = number // 100
remaining_digits = number % 100
new_number = remaining_digits * 10 + first_digit
print(f"Алынған сан: {new_number}")
5-есеп. Соңғы цифрды алға жылжыту
Тапсырма: Үш таңбалы санның соңғы цифрын сызып, алдына жазыңыз. 123 --> 312.

last_digit = number % 10
first_two_digits = number // 10
new_number = last_digit * 100 + first_two_digits
print(f"Алынған сан: {new_number}")
Мәтіндік жолмен де шешуге болады:
s = input("Үш таңбалы санды енгізіңіз: ")
result = s[-1] + s[:-1]
print(f"Алынған сан: {result}")
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз