Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: Оқушылардың диалогты, монологты сөйлеу түрінде тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі міндет-оқушылардың сөз қорын молайтып, тілдерін дамыту. Баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен ойдың мағынасы игертіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Ольгинка орта жалпы білім беру мектебі» КММ

КГУ «Ольгинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Павлодарского района, управления образования Павлодарской области


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Турсынканова Асемгуль Мейрамовна


Тақырып:Оқушылардың диалогты, монологты сөйлеу түрінде тілін дамыту


1.Сөйлеудің түрлері: диалог, монолог.


Жер бетінің әр бөлігінде мекен еткен адамдар басқа тіршілік иелерінен саналы ойымен, сол ойын сұхбатыттасушысына тілі арқылы жеткізе алуымен ерекшеленеді.

Тілдің пайда болуы ерте заманнан бері, мыңдаған жыл бұрын басталып, алғашқы дыбыстарға еліктеу немесе ым-ишара арқылы күннен-күнге даму сатыларын артқа қалдыра отырып бүгінгі күнге дейін жетті. Жалпы тілдің қалыптасу процесін «глоттогенез» деп аталады. Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теория бар. Тіл адамдарға өзара қарым-қатынас жасау үшін, өзі айтпақ ойды келесі адамға жеткізу үшін керек.

Диалог – екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген мағұламат толық болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады. Диалог қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді. Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз: сөйлемде фразарды кірістіріп қолдану, сөзге жауап күту т.б. Диалаог барысында сөйлесуші сөз орнна ым-ишара менауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.

Диалогпен қатар тағы бір сөйлеу түрі бар. Ол «монолог» деп аталады.

Монолог – кеіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі – бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің «болыс болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай («Сұлушаш»), Қонқай («Ақан сері - Ақтоқты») репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айналып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Моногты ғылыми тұрғыдағы атауы – «интраперсоналды сөйлеу».

2.Сөйлеу тілінің түрлері.


Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі.Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі. Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.


Ішкі сөйлеу тілі-бұл ой тілі. Бұл тіл тек өзі-өзімен сөйлесу үшін керек. Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті. Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тілінде қолдану керек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек. Балаларға өз ойларында не бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балалардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.


Тіл – ойды дамытушы құрал. Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: «Тіл – бұл интелліктіні дамытушы амал. Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дауына әсерін тигізеді.Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамасыз етеді».


3.Диалогтық сөйлеу тілінің ерекшелігі.


Диалогтық сөйлеу тілі – бұл ауызша қарым-қатынас бұған екі адамның біріне – бірі белгілі бір мазмұнды сөздер арқылы тілдесу.

Диалогтық сөйлеу тілін бір-біріне ықпал ету, ол сөйлеу арқылы екі немесе бірнеше адамдардың көбінесе бір жағдайда болғандардың сөйлеу тілі болып саналады.

Диалог психолиялық түрғындан қарағанда сөйлеу тілінің қарапайым түрі болып саналады. Ол сөйлеушіден айтатын ойын байланыстырып құруын аз мөлшерде талап етеді.

Л.С. Выготский жазған ауызша сөйлеу тілінің жағдайы әрбір минутта тілдің бұрмалауына жаңа түрткі ретінде сөздердің диалогтық жағдайы болып табылады.

Диалогтық сөйлеу тілінің интелектісі бұзылған балаларда қалаптастыру мәселесі көп жағдайда маңызды сұрақтардың синоним ретінде оқутушымен тәрбиелеімен тығыз айланысты. Диалог ақыл-ойы кеміс балаларда кейбір жағдайда ғана туындайды. Мұндай балалар кейбір кезде ғана қоршаған орта туралы сұраныс. Оларда ересектерге сұрақ қойып, олармен әңгімелесу аз жағдайда кездеседі.

Яғни, оқушы әркезде көршісінің ойын бақылай отырып өзінің сөйлеу тілін сұрақтар арқылы байланыстыру. Бұл мәселе инттеллектісі бұзылған балаларға қиын соғады. Олардың көбісінде бақылау қабілеті бұзылған,мұнда балалар бір-бірімен әңгіселесуге келгенде киын бейімделеді.

Көмекші мектепке ең маңызды мәселесі қатысушыларды жаңа бір нәрсені білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар баларға дұрыс сұрақ қоюға үйрету, оның сүрағы сөйлеушіге түсінікті болып жауап бере алатындай болу керек. Сұрақ қоюын қалыптастыру үшін әртүрлі тәсілдер қолдануға болады. Мысалы: қызықты мәтінде, әңгіме айтқызу. Осындай процесс оқушыларды әрі қарай сұрақтың туындауына әкеліп соқтырады, яғни оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

Көмекші мектеп оқушылары арасында көп сөйлейтін балалар кездеседі, бірақ олардың сөздерінде боссөздер көп: яғни, мағынасыз, қызықсыз болып келеді. Көп жағдайда олардың айтқандары қойылған сұрақтарға байланысты емес, мұндай балалар тез жеңіл түрде бір ойдан ауысып көп жағдайда тақырыптан ауып кетеді.


4.Монологтық сөйлеу тілінің ерекшеліктері.


Монологтық сөйлеу тілінің диалогты сөйлеу тіліне ерекшелігі ол айтылып жатқан жағдайда байланысты емес, бұл бір өзінше қиын сөйлеу тілі болып табылады. Интеллектісі бұзылған балалардың осы жағдайға байланысты қиындықта болады, толығымен сұрақтарға жауап бере алмайды, жеткілікті түрде сөздерді байланыстырып құруы қиын, келесі ауысып кете алмайды.

Монологтық сөйлеу тілін дамыту тек қана бір нәрсені айтып жоспарында ғана емес, сонымен қатар сөйлеушінің сөйлеу тілін қабылдап, тыңдай білу мен айтылған ойға жүйелі түрде қарау.

Сонымен қазақ тілі сабағында оқыту, жазу оқу грамматикасы, тіл дамыту, сөздік қорын молайту сияқты мәселер бір-бірімен жүргізіледі деп санайды. Негізгі міндет-оқушылардың сөз қорын молайтып, тілдерін дамыту. Баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен ойдың мағынасы игертіледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрастыруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады. Соның нәтижесінде сөз қорын дамытып, өз ойын белгілі жағдайда жеткізуіне мүмкіндік туады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2021
1113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12