Тақырып: "Сындарлы оқытудың тиімді жолдары" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: "Сындарлы оқытудың тиімді жолдары" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Себебі, жеке тұлғаға бағытталған білімнің нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сындарлы оқытудың тиімді жолдары

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Себебі, жеке тұлғаға бағытталған білімнің нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Ал осы нәтижеге қалай қол жеткіземіз, міне осы төңірегінде ойланып, іздену- әрбір мұғалімнің міндеті десек, артық болмас . Осы орайда, ұстаз ретінде менің кәсіптегі құндылығым не деген сұрақ қойып , оған әрине, ол менің білімім, біліктілігім, дағдым деп жауап берер едім. Кешегі мұғалім қандай еді? Ол –оқытушы- тәрбиеші -тәртіпке шақырушы. Ал бүгінгі мұғалім қандай ? Ол –нұсқаушы- бағыт беруші -шығармашылығы бар шебер тұлға дер едім. Сындарлы оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үрдіске оқушының өзінің тікелей қатысуын талап етеді. Кембридж университеті бағдарламасының мазмұнына сәйкес нені оқытуды емес, оқушыларға қалай оқу керек екендігін үйретудің мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту , алған білімді сыныптан тыс жерде өзгермелі өмір талаптарына сай тиімді пайдалану. Мектепте білім ала отырып , балалар білік дағдыларды игерумен қатар, қалай оқытудың жолдарын үйренулері керек . Бағдарламада жеті модул қарастырылған , тоқталатын болсам., олар ; 1 Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

.2 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Өз тәжірибемде осы аталған модул элементтерін қолдануға тырыстым. Қай сабақ болсын, оқушы психологиялық зерттеуді қажет етеді. Сондықтан зерттеуді тәжірибеде көрсете отырып, алғашқы кезде үлгерімі жай немесе жақсы, үздік оқушыларды ескере отырып, топтастырдым. Байқап отырғандай, топтық жұмыстың артықшылығын әріптестермен бөліскенді жөн көріп отырмын. Топтық жұмыста ең алдымен, топ ережесін оқушылардың араласуымен құрып алдық. Ол дегеніміз, тәртіпке бағыну, белсенді жұмыс жасау, уақытты үнемдеу, сабаққа түгел қатысу, бір бірінің пікірін құрметтеу, бәсекелестікке қабілетті болу, топ жұмысын әділ бағалау сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл сабақ беретін әрбір сыныбым үшін маңызды. Топ құрамын әр сабақ сайын өзгертіп отырамын.Әр топта жұмыстанған оқушылардың бір бірімен қарым қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көріне бастады. Тұйық оқушылар ашыла бастады. Қабілетті оқушылар ізденіп, әдеби шығармаларды оқуға көп көмегін тигізді. Байқағаным, топтық жұмыста оқушының сөйлемей қалуы мүмкін емес. Әрбір оқушы бір бірінің пікірін бағалай отырып, өз қателігін біліп, соны түзетуге жұмыс жасайды. .Сабақ барысында еркін сөйлеп, ойын жеткізуде бұрын қабылдау қабілеті төмендеу болса қысылып, ұялатын болса, ендігі кезекте олар да жолдастарының ықпалымен сөйлеуге талпына бастады. Бұл ретте топтың, сыныптың көшбасшылары да шыға бастады. Бұл Оқушыларға ашық сұрақтар беріп, сыни ойлауына мүмкіндік бердім. Оқушылардың жұмысын бағалауда, бағалау парағын ұсындым. Сонымен бірге бағдаршам әдісі арқылы екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалап және де кері байланыс орнаттым. Бұл оқушыларға қызықты әсер етті. Өзін-өзі реттеу мақсатында әр топтың топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, сабаққа қалай атсалысқанын да атап айтады. Сабақтың соңында оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, рефлексия жасайды. Әрбір рефлексияда жазылған ұсыныстар келесі сабақта ескеріліп талданып отырады. Бұндай оқыту тәсілдері 7- 11-сыныптар үшін жат емес, үйреншікті жағдай. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай , оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмыста диалогтік оқыту әдістерін көбірек қолдану маңызды екенін ұқтым. Бұл тұрғыда шығарманың мәтінін меңгертуде, шығарманы оқыту қиындығын шешуге Жигсо әдісінің көмегі көп болды. Алдымен топпен, сосын жұппен,сосын жеке оқытуды жүзеге асырамын. Қажет кезінде АКТ, ноутбук қолдануға жұмыс жасаймыз. Оқушылардың ойлау деңгейі әр түрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады. Олар идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың: « дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді. Пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, диалогқа түсіп, шеше алады. Дұрыс және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз ,көбінесе ,оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Олардың қалай сөйлейтіні бізді ойлантқан емес. Ал, осы диалогті дамытуда біз олардың пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз . Диалогтік оқыту баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді.




Түрікбеналі Жақсыгүл

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Абай атындағы №90 орта мектебі













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі