400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тараз көгінен жарқыраған бір бейне

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қажетті материал,оқу үшін,қажетіне жаратату үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз көгінен жарқыраған бір бейне

Ұлы адамдар туралы жазу оңайға соқпайды, өйткені оның бір қырын білгенімен басқа қыр-сырын біле бермейсің. Ұлылардың ұлылығы осында болса керек. Киелі Тараз топырағынан түлеп ұшқан Қаратай атамыз да осындай ірі тұлғалардың бірі.Оның кісілік қасиеттерімен бірге қоғамдағы орны, азаматтық болмысы, қайраткерлік келбеті, еліне сіңірген еңбегі ерекше. Біздің есімізде ,ойымызда танылған тұлға ,өрісі кең қөрнекті қоғам және мемлекет қайраткері-Қаратай Тұрысов. Ол білікті басшы, білімпаз ғалым, қамқоршы ұстаз, халқының қамын ойлаған парасатты, абзал азамат. Ешқашан өзінен үлкен лауазымға бас иген емес, ал өзінен төменгілерге менмендігін,үлкендігін көрсетпейтін адам.

Қаратай Тұрысов елдің, халықтың жағдайын өте жақсы білген. Ойлаған ойын,атқарған жұмыстарын, бітірген істерін әр уақытта елдің жағдайымен байланыстырып отырған. Оның еңбектері халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге арналды. Өмірінің мақсаты, адами принципі мен азаматтық кредосы-қоғамда әлеуметтік әділеттікті орнату болды.

Ұлы Абай атамыздың:’’Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлдарының бірі боласың’’,-деген ғұлама сөздері Қаратай атамызға әбден келісіп тұрған сияқты.Ол кісінің іскерлігін,ұйымдастыру қабілеттілігін, білімділігін, адамгершілігін еліміздің көп азаматтары жақсы біледі.

‘’Өзің лаулап тұрсаң ғана , өзгеге от бере аласың’’-дегендей, Қаратай атамыз халқына жаны шыңдап ашитын,сол үшін бар ғұмырын сарп ете білген, ұлтымыздың ірі қайраткері ретінде көріне білді. Сондықтан болар, азаматтардың біразы Қаратай атамызды ұстаз ретінде сыйлап,жоғары айтылған қасиеттеріне еліктеп үйренуге тырысты. Қаратай атамызды танитын адамдардың ол туралы айтатын жақсы сөздері өте көп болғаны соншалық оларды жазуға жалықпайсың. Қызметтес әріптестерінің ол туралы ойлары: Қаратай атамыз қызметтес әріптестеріне әрқашан ерекше көніл бөлетін адам болған. Олардың сыйласымды болуларына, адамгершілік мінездерді сақтауларына әрдайым ақылын айтып жүрген.

Өзінің ұшан-теңіз білімділігімен, аса зор адамгершілігімен, қарапайымдылығымен Қаратай атамыз бізге көп нәрсені үлгі етті деп ойлаймын.

Сөзімді қорытындылай келсем, Қаратай атамыздай елі үшін еңбек етіп, халқының мақтан етерлік азаматтары көп болғай демекпін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Жастар-біздің болашағымыз" деп білдірген сенімі осындай аптал азаматтарымыздың жолындай шырақ болып жарқырай берсін.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі