Тәрбе сағаты "Күз әуені"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбе сағаты "Күз әуені"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күз әуені тақырыбында тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы











СЫНЫП САҒАТЫ



Тақырыбы:"Күз әуені"

































Тақырыбы: «Күз әуені»

Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын меңгерту. Тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Құстардың, ағаштың, жапырақтың суреттері, жеміс-жидектер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ жасыру.

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл,

Түссе – сары

Бұл не? (Жапырақ)

Балалар қай мезгілде жапырақтар сары болады?

- Күз мезгілінде.

Тағы күз мезгілінде не болады?

Күз белгісі не?

-жапырақтар сарғаяды.

-құстар қайтады

-күн суытып, жаңбыр жауады:

-жеміс-жидектер піседі.

- астық жиналады.

Күз мезгілінің өзі 3 кезеңге бөлінеді екен.Ерте күз,алтын күз,қоңыр күз .Ерте күзде жеміс жидектер піседі екен.алтын күзде жапрақтар сарғаяды,ал қоңыр күзде жапырақтар түсіп, жер қараяды.

күзді неге береке дейміз?

Адамдар жаз бойы жасаған еңбектерінің жемісін көріп,егіндерін жинайды , егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған.Тек қана адамзат баласы ғана емес бүкіл табиғат жаратылысы (аң-құс) күз мезгілінде өз азықтарын жинап қысқа дайындалады.

Ал сендердің аналарың қыс мезгіліне қандай дайындық жасап жатыр?

Ал,құстар мен жануарлар күз мезгілінде қыстан аман қалу үшін қандай дайындық жасап жатыр?

Күз мезгілі суретшілерді сурет салуға,ақындарға өлең жазуға,композиторларға ән жазуға шабыт берген.Суретшілер күз туралы ішкі сезімін қылқаламмен өрнектесе,ақындар сөзбен,ал композиторлар дыбыспен өрнектеген екен,

Енді Чайковскийдің күз туралы жазған өлеңін тыңдап, Исаак Левитанның күз туралы салған суретіне қарап назар аударайық.

Алтын күз қай суретте бейнеленген?Оны қайдан білдіңдер?

Ал Абай атамыздың мына өлеңі қай суретке сәйкес келеді екен.Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,жапырағынан айырылған ағаш қурай. Күз мезгілінің қай айына сәйкес келеді екен?

-қараша айнына сәйкес келеді. Ендеше Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. ағаштардың жапырағынан айырылып жалаңаштануы қылышын сүйретіп келе жатқан қыстың белгісі болып табылады.

Жұмбақтар.
1) Піспегенде сырты қара, өзі қатты.
Ал піскенде ерекше дәмі тәтті.(картоп)
2) Аспай піскен, қайнамай түскен.(жеміс)
3) Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.(сәбіз)
4) Жеп көріп ем өзін мен, жас шығарды көзімнен.(жуа)

Ал енді сұрақтарға жауап беру арқылы қызықты мәліметтерді біле отырайық.

  1. Тропикалық жеміс, яғни ертегі әлемінің жемісі? (Банан)

Бананның пайдасы: Ағзадағы қан мөлшерін бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді.

  1. Анардың Отаны? (Вавилон)

  2. Картоптың Отаны? (Оңтістік Америка)

  3. Қызанақтың отаны? (Эквадор мемлекеті)

  4. Қиярдың Отаны? (Үндістан)

  5. Қырыққабаттың Отаны? (Италия)

  6. Алма Апортының Отаны? (Верный округі, қазіргі Алматы)

  7. Асқабақтың Отаны? (Африка)

Қорытынды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2024
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі