400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие- тал бесіктен басталады!

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбие- тал бесіктен басталады!» Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де-тәрбие. Сондықтан, жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттілігі бірінші орынға қойылып отыр. Тәрбие-ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болшақтың тізгінін ұстату үлкен қате. Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп, негізіне жол ашылады. Көркем әдебиет арқылы баланы өмірге дайындауда дамытудың маңызы ерекше. Көркем шығармаларды балаға жеткізу, бойына дарыту балабақшада сәбилер тобынан басталады. Бұл шақта оларға үлкендердің сөзін ұғуды, көрсетілген заттардың атын атауды үйретеді, көру, есту, сезу сияқты сенсорлық процестері дамиды. 
Әл-Фараби бабамыз: «Білімнен бұрын тәрбие берілуге тиіс. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»,- дейді. Балабақшадағы әр бүлдіршін әр түрлі отбасынан, әр түрлі тәрбие алған, жақсы да жаман қылықтары бойында болғандықтан, оның жалпы даму психологиясына кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы тәрбиені көркем шығармадағы жағымды кейіпкерлер арқылы жетеді. 
Балалар күнделікті оқу, тәрбие процесінде, тікелей өмір тәжірибесінде «жаман мен жақсыны» байқайды оларға үлкендер тарапынан берілген бағаны түсінеді, адамгершілік қасиеттерді игереді. Осы игерген машықтары мен адамгершілік қасиеттері еңбек процесі үстінде орнығып, өзіндік қасиеттерге айналып отырылады. Рухани-адамгершілікке тәрбилеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу дегеніміз-баланың өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып, жетілдіру. 
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік қасиеттері шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызды міндеттері, балалардың белсенділік қасиеттерін табиғатқа, айналаға деген көзқарасын. Отанға, еңбекке деген қатынасын айқындау. Педагог балаға тәрбиені осы рухани адамгершілік қасиеттерінен бастайды. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана тәрбиеші балалардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.



№13 «Золотой ключик» бөбекжайы

Тәрбиеші: Киселева Сандуғаш Насиболлақызы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі