жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ТӘРБИЕ-БАСТАУЫ ОТБАСЫ"
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
№ 63 негізгі орта мектеп
Тақырыбы: « Тәрбие бастауы- отбасы »
Сынып : 7 «Б»
Сынып жетекшісі ;
Тәрбие бастауы - отбасы
Мақсат:Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің
ең тамаша жері-отбасы екенін,олардың бала тәрбиесінде алатын орнын ұғындыру.
Баланың жан-жақты, өз елінің, халқының қамын ойлайтын,ата-анасын, жора-жолдасын,
сыйлай білетін, азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тәрбие туралы нақыл сөздер,ентербелсенді тақта, слайд.
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Тәрбие бастауы - отбасы» атты
тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Отбасы шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен
өнегінің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының
өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың
мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар
тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса, баланың бас ұстазы ата - ана.
Ұлы Абай атамыз бұл туралы:
«Ата - анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденсе ол еркесі» деп жыр еткен.
1-жүргізуші: Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Ата- ананың отбасы тәрбие
сіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге
болады. Дана халқымыз «Әке - асқар тау, ана - бұлақ, бала- жағасында
өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген
екен.
1- оқушы: Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шеше-
сіне қарап өседі .Ата- ана балаларына үлгі - өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала
өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата- анасына, ұстаздарына өте еліктегіш
келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді., көргенін қайталайды. Жас балаға өз
ата- анасы асқар тау. Әке - шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
2 2-оқушы : «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ.Сол тал бесіктен жер бесікке дейін бала-
ның өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды
ы өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет
өмірін, қоршаған ортамен танысып, мінез құлық нормаларын игереді. Отбасының
басты қызметі бала тәрбиелеу.
3- оқушы: Бүгінгі дүниеге келген бала ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ
ата - ана мен сабырлыда салиқалы ата - әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық
тәлім - тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата- бабаларымыз кезінде оқу оқуға
мүмкіндіктері болмай, көшіп - қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке,
үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиелеген.
4- оқушы : «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы»
дейді қазақ. Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала
кәмелеттік жасқа толғаннан орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық,
психологиялық өзгерістер оның мінез құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да
ата ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгні жөн.
5-оқушы :Ей, перзентім, ата анаңды ешқашан ренжітуші болма.. Олардың көңіл - күйіне
қаяу салып қапаландырма.Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген
ата- анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң,сен ешқашан жақсылыққа
лайықты жан емессің, өйткені кімде кім ата- ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің
жақсылығын да бағаламайды.Перзент жеміске, ата ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс
ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады.
6-оқушы:«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте
жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен
ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Сондықтан да отбасы барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
2- жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз! Мелдебек Нұрсұлтанның орындауында
« Мен қазақпын » әні орындалады.
1-жүргізуші: Енді осы тақырыпта яғни ата - ана туралы мақал - мәтелдерге кезек
берейік!
7-оқушы : 1. Бала тәрбиесі бесіктен.
2. Баланың жақсысы - қызық,
Жаманы - күйік
4. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
5. Атадан бала туса игі,
Ата жолын қуса игі.
7-оқушы: 6. Ата - бәйтерек
Бала - жапырақ
7. Әкеден ақыл,
Анадан мейір алады.
8. Ата – балаға сыншы.
9. Баланың жақсысы – сүйініш,
Жаманы - күйініш.
10. Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
7-оқушы : 1.Ана - сая болар бағың,
Әке- асқар тауың.
2.Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
3.Ананың сүті бой өсіреді,
Ананың тілі ой өсіреді.
4.Ананың сүті - бал.
Баланың сүті - бал.
5.Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада
2- жүргізуші: Балалар, олай болса, отбасы тақырыбында мына видеороликке қарап
тамашалайық ! Осы видероликтегі көрсетілген сюжет туралы не айтар едіңдер!
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай дейді:
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан-
Өле - өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан
1-жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағаты көзі - әке. Әкенің бұл рөлі
балалардың әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас
қабағынан, жанарынан байқаймыз, танимыз ата- анаға сенім нығая, биіктей бермек.
2- жүргізуші: Айтқаны заң, өзі үйдің тірегі, алтын қазығы болған ер азаматтырымыз бар.
Әкесінен бата алмай алыс сапарға шықпай, жеті атасын білу тек біздің қазақтың
салтына тән. «Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылға азық».
8-оқушы : Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның.
Әке деген- бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр бір демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқақ жан,
Барkық ұрпақ әкелерден басталған.
Қамқорсың, әке, өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
9-оқушы: Ыстық - ау кім- кімге әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартысына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық - сайран салып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Айбол: Әлпештеп мені өсірген,
Ұшармын ертең көгіңде
Теңіздей шалқып жүремін,
. Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда, жан әкем,
Өзіңмен бірге жүрегім.
Көкке өрлеп көңілің,
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол, жан әке.
Ұзақ болсын ғұмырың.
1- жүргізуші: -Иә , әке орны қашанда отбасында ерекшеленіп тұратыны сөзсіз.
Ал ана туралы не айтар едіңдер.
10-оқушы:Ана - аққан бұлақ.
Дүниеде Ана есіміне қатыссыз қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы»
ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,
дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп,
аяғынан тік тұрғызады.
11- оқушы: Ақ жаулығың қымбат маған, анашым,
Тірегімсің, сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол, мейірімді данасың,
Өзгелерден мен үшін сен дарасың,
Береке отын шаңыраққа жағасың.
Ақ шашыңның әр талынан белгілі,
Асыл ана сан ойлаған баласын.
12-оқушы:Әжемнің саясында ержетіп мен,
А Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Ата - ананың жүрегі талады екен.
1 – жүргізуші: Әмірдің орындауында «Әке» туралы әнін ұсынамыз, қабыл
алыңыздар !
: 2- жүргізуші: Отбасы - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам
бойындағы асыл қасиеттерді өалыптастыруда рухани – адамгершілік бастауы.
1- жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,
қоғамның діңгегі де берік болады.
2- жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық
болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен
ыстығын, қайғысы мен қуанышы бірге бөлісіп жете алады.
1-жүргізуші: Айболдың орындауында «Отыздан асып барамын» әнімен
бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз !
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген