Алматы
облысы,Кербұлақ ауданы
Сарыөзек
ауылы
«Ай-Сана»
бөбекжай-балабақшасы
Бастауыш
кәсіподақ төрайымы
Шамамбекова
Жұлдызай Омарқызы
Тәрбие
басы тал бесіктен!
«Ақырын
жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға!»
«Тәрбие
басы тал бесіктен» - демекші
бүлдіршіндерді тәрбиелеу балабақша
шаңырағынан басталатыны баршамызға
аян. Ендеше болашағымыз саналы өскелең
ұрпаққа, өнегелі тәрбиені бойына
дарытуда, балабақша қызметінің рөлі
өте зор екені даусыз. Сондай ұлағатты
тәрбие ошағының бірі Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында
орналасқан «Ай-Сана» бөбекжай –
балабақшасы. Балабақша 2015 жылдан бері
бой көтеріп, бүгінде ордалы бір мекемеге
айналды. Биыл балабақшаның қызмет
атқарып тұрғанына 5 жыл болыпты.
Балабақшамызда 87 қызмет ұжымы өздерінің
ауызбіршілігімен, ізденімпаздығымен,
шығармашылық еңбектерімен ата-аналар
қауымының ыстық ықыласына бөленіп
келеді.Балабақша 320 орынға арналған.
Онда 15 қазақ тобы бар. Балабақшамызда
әуен залы, психолог , дефектолог, логопед
мамандарының кабинеттері, М. Монтессори
техналогиясының элементтерімен
жабдықталған бөлме және 15 топ бөлмелерінің
іші қазіргі заман талабына сай құралдармен
жабдықталған. Ойын алаңдары, топ
бөлмелері, демалыс алаңдарының
безендірілуі, бала мен тәрбиешінің оқу
қызметінің қолайлы жағдай туғызуға
бағытталған.
Балабақша
білім беру процесін ұйымдастыруда
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен,
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспары және Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып
оқу қызметтері өтеді. Балалардың оқып
тәрбие алуына барлық жағдай жасалған.
Балабақшаны іскер де білімді, қызметкерлер
мен балалардың, ата-аналардың жүрегңне
жол тауып, жандарына шуақ құятын, өз
ісінің маманы балабақша меңгерушісі –
Даулетбекова Жанагүл Абдолдақызы
басқарады. Балабақшада 15 педагог пән
мамандары мен 30 тәрбиеші жұмыс жасайды.
Сол тәрбиешілердің бірі- мен Шамамбекова
Жұлдызай Омарқызы осы тәй-тәй басып
келе жатқан жаңа жас балабақшамызда
ашылғалы жұмыс жасап келемін.
«Бала
жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол
сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт
жүру керек», деп М. Шаханов айтқандай
біздің тәрбиешілеріміз балабақша
бүлдіршіндерін тәрбиелеуге жан жылуын
бере отырып, еңбек етіп жүрген жандар.
Тәрбие
жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.Осыған
сәйкес көптеген іс-шаралар, апталықтар,
ертеңгңлңктер, көрмелер, ашық
ұйымдастырылған іс-әрекеттер,
семинар-кеңестер әдіскер Касымова
Зарина Сағымбайқызының бақылауымен
өтіп отырады. Педагог- мамандар қалалық,
облыстық семинар, курстарға, әдістемелік
бірлестіктерге қатысып, білімдерін
жетілдіреді, тәжірибе алмасады. Алғаш
балабақшамыз ашылған кезінде
әріптестерімнің ұйымшылдықтары, алға
қойылған мақсат-міндетінің нәтижелі
болуында бір-бірінің ойын толықтырып
бір адамдай сөйлеуі,қажет кезінде кеңес
беруге ұмтылыстары мені өте қатты
таңқалдырып қана қоймай менің ұжыммен
тез арада тіл табысып сол ортаға
бейімделуіме септігі тиді. Әрине ол
балабақша меңгерушісі мен әдіскердің
талапшылдығы, жан-жақтылығы деп
ойлаймын.Осындай аз
уақыт
ішінде көптеген жетістіктерге жеттік.
Балабақшамыздың тәрбиеленушілеріміз
түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі
орындар алды. Бұның бәрі педагог мамандары
мен тәрбиешілердің жетістіктері.
Әрі
қарай кәсіби маман жетекшілеріміздің
бастауымен талай белесті бағындырып,
бала тәрбиесіне үлкен үлесімізді қосамыз
деп сенеміз. Саналы ұрпақ – ұлт болашағы.
Ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың
негізі – тәрбие мен білімде. Қазіргі
таңда біз балаларды тәрбиелеу мен оларға
білім беруді мақсат етіп, сол бағытты
жүзеге асыруды қолға алып отырмыз.
«Берекені
көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле»
дегендей, біздің бөбекжай бақшамызда
атқарылып жатқан жұмыстарымыз,
жетістіктеріміз, барлығы көпшіліктің,
яғни, ұжымның, педагогтардың, ата-аналардың
ауызбірлігінің арқасында. Әрқашан осы
бірлігіміз жалғаса берсе екен деп
тілейміз!