Тарбие жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Ақпарат

Статистика

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан
босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым
министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57
Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет
министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495
тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда
– ҚР Білім жəне ғылым министрінің 19.11.2021 № 568
жəне ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына
сəйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқуағарту министрінің 15.08.2023 № 259 жəне ҚР
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек жəне
халықты əлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №
343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан босату
қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім
жəне ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 жəне ҚР
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің
22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі жəне орта білім департамент
(Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тəртіпте Қазақстан
Республикасы Əділет министрлігіне мемлекеттік
тіркеуге ұсынсын;
2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы
қалалары білім басқармаларының, республикалық
ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының
назарларына жеткізсін.
3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын
əзірлеу жəне бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының
(5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда
№ 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде
жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вицеминистр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан
кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Министр
Қазақстан
Республикасы
Білім жəне ғылым
министрінің
2012 жылғы 21
ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан
босату қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 15.08.2023 № 259 жəне ҚР
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек жəне
халықты əлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №
343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату қағидалары (бұдан əрі –
Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022
жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
туралы Ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына,
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)
тармақшасына сəйкес əзірленді жəне мемлекеттік
білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен
педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан
босату тəртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету тəртібін айқындайды.
2. Білім беру саласындағы уəкілетті органның
қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының
бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1тармағына сəйкес тағайындау тəртібімен немесе
конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сəйкес
жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы уəкілетті органның
қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының
бірінші басшысы жұмысқа қабылдау еңбек шартын
жасасу жəне жұмыс берушінің актісін шығару арқылы
жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша білім беру саласындағы
уəкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім
беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін
конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз
болып табылады.
Білім беру саласындағы уəкілетті органның
қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының
бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін
үміткер ұйымға Қазақстан Республикасы Еңбек
кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделген
құжаттарды ұсынады.
4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде түсу
ұйым басшысы айқындайтын конкурстық негізде
ауыстырылатын бос жəне (немесе) уақытша бос
лауазымдарға "Педагог лауазымдарының тізбесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне
ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сəуірдегі № 145
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып
тіркелген) сəйкес жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уəкілетті органның
қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші
басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес
келген жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші басшыларын
лауазымға тағайындау мен босату
тəртібі
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының
бірінші басшысының (бұдан əрі – бірінші басшы) бос
немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде
бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың жəне астананың Білім
басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш
жібереді.
6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру
ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс
қорытындылары бойынша орта білім беру ұйымының
бірінші басшысын тағайындауға жол беріледі.
7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос
лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру
ұйымы басшысының орынбасарына немесе
педагогіне конкурстық рəсімдер аяқталғанға дейін
алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ осы
Қағидалардың 81-тармағының талабы негізінде
жүктеледі.

1-параграф. Бiрiншi басшының
лауазымына конкурс өткiзу тəртiбi
8. Бірінші басшының лауазымына тағайындауға
арналған конкурсты ведомстволық
бағыныстылығына қарай Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту (бұдан əрі – Министрлік) жəне (немесе)
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
жəне астананың білім басқармасы жеке құрылымдық
бөлімшесі жариялайды.
9. Конкурс рəсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос
лауазымы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс
күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы
хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік
органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми
əлеуметтік желі аккаунттарында жарияланады;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан
құжаттарды қабылдау;
3) кандидаттардың құжаттарын қарау "Педагог
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне
ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып
тіркелген) бекітілген Біліктілік талаптарына (бұдан
əрі – педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары)
сəйкес жүзеге асырылады;
4) заңнаманы білуге сертификаттау рəсімі (бұдан
əрі – сертификаттау);
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру
ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан əрі –
қамқоршылық кеңес) келісу.
Мектепке дейінгі, арнаулы (психологиялықмедициналық-педагогикалық консультация (бұдан əрі
– ПМПК) ұйымының, психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің (бұдан əрі – ППТК), оңалту
орталығының (бұдан əрі – ОО), қосымша білім беру,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитеті жаңындағы
білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына
орналасуға кандидатқа қатысты Қамқоршылық
кеңеспен келісу қажет етілмейді;
6) конкурс жариялаған мемлекеттік органның
конкурстық комиссиясы өткізетін кандидаттармен
əңгімелесу (бұдан əрі - əңгімелесу).
10. Президенттік кадр резервіне кірген адамдар,
Назарбаев Университетінің түлектері немесе
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен
шетелдік жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарының түлектері, немесе
Quacquarelli Symonds World University Rankings,
Times Higher Education (THE) университеттерінің
əлемдік рейтингтері бойынша əлемнің үздік 100
университетінде, əлемдік университеттердің
Academic Ranking of World universities Шанхай
рейтингінде оқыған түлектер сертификаттаудан
босатылады, сондай-ақ кандидаттарды
қамқоршылық кеңеспен келісу жəне тиісті бейін
бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)
педагогикалық немесе өзге де кəсіптік білімі болған
кезде, немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасының
8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында
көрсетілген құжаттар, кандидат педагогтердің үлгілік
біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік
талаптарына сəйкес келген кезде əңгімелесуге
жіберіледі.
11. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың
мəтіні мынадай ақпараттарды қамтиды:
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік
білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша
сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру
ұйымының толық атауы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік
сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы
лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік
талаптары;
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу мерзімі мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі
жəне қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8тармағына сəйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті
құжаттар тізбесі;
10) конкурстық комиссияның отырысына
байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
Байқаушылардың санын конкурс жариялаған
мемлекеттік орган дербес айқындайды;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс
телефондары, электрондық мекенжайлары;
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде
бірінші басшының уақытша бос лауазымының
мерзімі.
12. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос
лауазымға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық
комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
13. Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың жəне астананың білім басқармалары
конкурстық комиссиясының құрамы кемінде жеті
адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің
арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық
комиссияның құрамына облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың жəне
астананың білім басқармасының, аудандық/қалалық
білім бөлімдерінің өкілдері, əдістемелік
кабинеттердің (орталықтардың) басшылары,
басшылардың орынбасарлары, əдіскерлері, педагогсарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе
педагог-шебердің біліктілік санаты, білім беру
саласындағы азаматтық қоғамның, бұқаралық
ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілі, бір тəуелсіз
сарапшы енгізіледі.
14. Министрліктің конкурстық комиссиясының
құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде комиссия
мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады.
Конкурстық комиссияның құрамына уəкілетті
органның, ведомствоның құрылымдық
бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты
ұйымдарына жетекшілік ететін өкілдер, білім беру
саласындағы азаматтық қоғамның өкілі, бір тəуелсіз
сарапшы енгізіледі.
15. Тəуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік
немесе азаматтық қызметкерші болып табылмайтын
тұлға қатыса алады.
16. Конкурстық комиссия жұмысының
ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету
үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының
азаматтығы бар жəне он сегіз жастан кем емес
байқаушылар шақырылады.
17. Байқаушылар əңгімелесу процесінде
кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға
конкурстық комиссияның жұмысына кедергі
келтіретін іс-əрекеттер жасауға, кандидаттардың
жеке басы деректеріне қатысты мəліметтерді
жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс
рəсімдерінде олардың техникалық жазба
құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
18. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның
отырысына қатысу үшін тұлға əңгімелесу
басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей
қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін)
хабардар етеді.
19. Хабарлама конкурс өткізу туралы
хабарландыруда көрсетілген телефон немесе
электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
20. Конкурстық комиссияның хатшысы
бақылаушыларды əңгімелесу басталғанға дейін осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша
байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
21. Байқаушылар конкурс жариялаған
мемлекеттік органның басшылығына конкурстық
комиссияның жұмысы туралы өз пікірін жазбаша
нысанда бере алады.
22. Конкурстық комиссияның хатшысы
конкурстық комиссияның отырыстарын
ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
23. Конкурстық комиссияның қатыспаған
мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
24. Конкурстық комиссияның қызметінде
мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда
конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
25. Комиссияның əрбір отырысы төраға,
отырысқа қатысқан комиссия мүшелері жəне хатшы
қол қойған хаттамамен ресімделеді.
26. Комиссияның отырысы, егер оған
комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі
қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп
есептеледі.
27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс
беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағаның
дауысы шешуші болып табылады.
28. Конкурстық комиссияның отырыстары аудиобейне жазбамен сүйемелденеді. Аудиобейнежазбалар бірінші отырыс өткізілген күннен
бастап бір жыл бойы білім беру ұйымдарында
сақталады.
29. Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық
қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабының 1) жəне 2) тармақшаларының негізінде
қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған
тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық
қылмыстар жəне/немесе қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа
қабылдауды болдырмау мақсатында: адам өлтіру,
денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың
денсаулығына жəне имандылыққа, жыныстық
қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе
террористік қылмыстар, адам саудасы, білім
басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың
құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні
ішінде саласы сəйкес келетін уəкілетті органға
сыбайлас жемқорлық қылмыс жəне құқық бұзушылық
жасағаны туралы мəліметтердің болуы не болмауы
туралы құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу
жөніндегі уəкілетті органға немесе оның аумақтық
бөлімшелері, сондай-ақ педагогикалық əдептің
бұзылуы туралы қосымша сұрау салу Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру
саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық
департаментіне жолданады.
30. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жəне (немесе)
қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы
мəліметтер анықталған жəне (немесе) Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне жəне "Педагог
мəртебесі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сəйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын
педагогикалық əдеп нормаларын бұзған кезде
кандидат кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
31. Кандидаттардың құжаттары педагогтердің
үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
біліктілік талаптарына сəйкестігін қарауды конкурс
жариялаған мемлекеттік органның персоналды
басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау
аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге
асырады.
32. Кандидаттардың құжаттарын Педагогтердің
үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
біліктілік талаптарына сəйкестігіне қарау нəтижелері
бойынша мемлекеттік органның, конкурс жариялаған
уəкілетті орган ведомствосының персоналды басқару
қызметі (кадр қызметі) сертификаттаудан өту туралы
анықтамасы бар кандидаттарды қоспағанда,
кандидаттарды сертификаттаудан өту үшін жібереді.

2-параграф. Мемлекеттік қызмет
көрсету тəртібі
33. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметті Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жəне (немесе)
облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының білім басқармалары, аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері
(бұдан əрі – көрсетілетін қызметті беруші)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне (бұдан əрі – Тізбесі) осы
Қағидалардын 1-қосымшасына сəйкес көрсетеді.
34. Көрсетілетін қызметті беруші хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды.
35. Бірінші басшылар лауазымына орналасуға
кандидат жеке тұлға (бұдан əрі – кандидаттар) осы
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сəйкес
Мемлекеттік корпорацияға жəне (немесе)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жəне
(немесе) "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан
əрі – портал) өтініш пен құжаттар береді.
36. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту
туралы дəлелді жауап өтініш қабылданған күннен
бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады.
37. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін
қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні
ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті
адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан
əрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы
құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не
өтінімді одан əрі қарау туралы дəлелді бас тарту
келіп түседі.
38. Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды
қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша
өтінішті жəне тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы
қолхат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дəлелді
бас тарту беріледі.
39. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген
кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың
қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
40. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар
топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған
күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін
қызметті берушіге жібереді.
41. Кандидат Тізбесінде көзделген құжаттардың
толық топтамасын ұсынбаған жəне (немесе)
қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған
жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы
Қағидаларға 4-қосымшаға сəйкес нысан бойынша
құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
береді.
42. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде
құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет
көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте, көрсетілетін
қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
нəтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің мерзімі аяқталғанға дейін бір
күн бұрын ұсынады.
43. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 5-бабы 2тармағының 11) тармақшасында белгіленген
тəртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы
туралы мəліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету
мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді
қамтамасыз етеді.
44. Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы уəкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні
ішінде көрсетілетін қызмет берушілерді,
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік
қоғамын (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация),
"электрондық үкіметтің" ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымының операторын,
сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын осы
Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
туралы хабарлайды.
45. Мемлекеттік қызметті көрсету мəселелері
жөніндегі шағымды қарауды жоғары тұрған əкімшілік
орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету
сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уəкілетті
орган (бұдан əрі - шағымды қарайтын орган)
жүргізеді.
46. Шағым көрсетілетін қызмет берушіге жəне
(немесе) лауазымды адамның шешіміне, əрекетіне
(əрекетсіздігіне) жасалады.
47. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне,
əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасалатын
лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап
үш жұмыс күннен кешіктірмей оны жəне əкімшілік істі
шағымды қарайтын органға жібереді.
48. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне,
əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасалатын
лауазымды адам егер ол үш жұмыс күні ішінде
шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап
беретін шешім не өзге де əкімшілік шара қабылдаса
шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге
құқылы.
49. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп
түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы
Заңның 25-бабының 2-тармағына сəйкес ол тіркелген
күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға
жатады.
50. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын
бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға
келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының
шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес)
жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
51. Егер Қазақстан Республикасының
заңдарында басқаша қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік
кодексінің 91-бабының 5-тармағына сəйкес əкімшілік
(сотқа дейінгі) тəртіппен шағымданғаннан кейін сотқа
шағымдануға рұқсат етіледі.

3-Параграф. Сертификаттаудан өту
тəртібі
52. Кандидаттарды сертификаттау тиісті
өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен келісім
бойынша білім басқармалары (бұдан əрі – ұйым)
айқындайтын ұйым/ұйымдар конкурс жариялаған
мемлекеттік орган өкілдерінің жəне өзге де
жұмылдырылған тұлғалардың қатысуынсыз
ұйымдастырады.
53. Кандидат сертификаттаудан өту үшін осы
Қағидалардың 5-қосымшаға сəйкес нысан бойынша
ұйымға өтініш жібереді.
54. Мемлекеттік органның өкілдері, сондай-ақ
сертификаттаудан өткізу процесіне қатысы жоқ
үшінші тұлғалар тарапынан кандидаттардың
сертификаттау рəсіміне араласуына жол берілмейді.
55. Сертификаттаудан өткізу кезінде қоғамдық
ұйымдардың, білім беру саласындағы уəкілетті
органның білім беру саласындағы сапаны
қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің
өкілдері қатарынан тəуелсіз байқаушы тартылады.
56. Сертификаттау электронды форматта
жүргізіледі. Сертификаттауды өткізу орны осы
Қағидаларға 6-қосымшаға сəйкес Тестілеуді өткізу
кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен
техникалық талаптарға сəйкес жабдықталады.
57. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
осы Қағидаладың 7-қосымшаға сəйкес нысан
бойынша сертификаттауға қатысатын үміткердің
тізімін қалыптастырады жəне сертификаттауды
өткізу үшін ұйымға жібереді.
58. Кандидат сертификаттаудан өткізу пунктінің
ғимаратына кірген кезде оның жеке басын
куəландыратын құжаттың негізінде сəйкестендіру
жүргізіледі.
59. Жауапты адам сертификаттау басталмас
бұрын үміткерлерге сертификаттау кезінде мінезқұлық ережелерін түсіндіреді.
60. Кандидаттар Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын, "Педагог мəртебесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын, "Мектепке дейінгі тəрбие
мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3
тамыздағы № 348 бұйрықтарын, "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының, негізгі орта жəне жалпы
орта, техникалық жəне кəсіптік (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031
болып тіркелген), 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385
"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдары, балаларға арналған
мамандандырылған, арнаулы, білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы,
жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар" (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып
тіркелген).
61. Сертификаттаудан өту үшін тест
тапсырмаларының саны 48 (қырық сегіз) сұрақты
құрайды.
62. Сертификаттаудан өту үшін шекті деңгей осы
Қағидалардың 8-қосымшаға сəйкес əрбір заңнаманы
жəне нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған
əрбір бағыт бойынша 50%-ды құрайды.
63. Сертификаттауға 180 минут беріледі.
Сертификаттауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін
бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде
жабылады.
64. Сертификаттау нəтижесі - осы Қағидалардың
8-қосымшасына сəйкес нысан бойынша
сертификаттаудан өткені туралы сертификатты
Ұйым кандидаттың жеке кабинетіне жібереді.
Сертификаттарды тексеру үшін конкурс жариялаған
мемлекеттік органға қолжетімділік беріледі.
65. Сертификаттаудан өткені туралы сертификат
сертификаттау тапсырған күннен бастап бір жыл
бойы қолданылады.
66. Шекті деңгейге жинамаған кандидаттар
конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың
келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
67. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына
үміткер, бірақ шекті деңгей жинамаған кандидаттар
қайта сертификаттаудан өтеді.
68. "Білім-инновация" лицейінің бірінші
басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер
кандидаттар сертификаттаудан өтуден, сондай-ақ
кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден
босатылады жəне қатысушылардың құжаттарын
біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде
"Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорымен
əңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ конкурс
жариялаған мемлекеттік органның конкурстық
комиссиясының отырысында əңгімелесуден өтеді.
69. Сертификаттау қорытындысы бойынша екі
жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік
органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
кандидаттардың тізімдерін, олардың
түйіндемелерінің көшірмелерін қамқоршылық
кеңеске жібереді.
70. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды
қамқоршылық кеңес отырысының өтетін күні, уақыты
жəне орны туралы хабардар етеді.
71. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар
еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бос немесе
уақытша бос лауазымға əрбір кандидаттың
Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың
перспективалық жоспарын тыңдайды жəне
ұсынымдар шығарады. Қамқоршылық кеңестің
барлық отырыстарында аудиобейнежазба
жазылады. Аудиобейнежазбалар білім беру
ұйымдарында бірінші тыңдау өткізілген күннен
бастап бір жыл бойы сақталады.
72. Қамқоршылық кеңестің қабылданған
ұсынымдары тыңдау өткізілгеннен кейінгі келесі
жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады.

4-Параграф. Əңгімелесуден өту тəртібі
73. Əңгімелесуден өту кезінде конкурс
комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 9қосымшаға сəйкес тақырыптық бағыттар бойынша
сұрақтар тұжырымдайды. Əрбір кандидатқа осы
Қағидалардын 10-қосымшаға сəйкес нысан бойынша
"Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы
лауазымына кандидаттың бағалау парағы"
толтырылады.
74. Əңгімелесуді өткізу тəртібін конкурстық
комиссия дербес айқындайды.
75. Конкурсқа қатысқан кандидаттарды конкурс
жариялаған мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде
конкурстың қорытындылары туралы жазбаша
хабардар етеді.
76. Мемлекеттік лауазымға немесе соларға
теңестірілген функцияларды орындауға байланысты
лауазымға орналасатын тұлғалар жəне олардың
жұбайлары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген
мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы
декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына
тапсырады.
77. Мемлекеттік лауазымға немесе соларға
теңестірілген функцияларды орындауға байланысты
лауазымға орналасқан тұлғалар жəне олардың
жұбайлары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне
мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын
мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.
78. Конкурс жеңімпазы Конкурс қорытындысы
бойынша Министрлік, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың жəне астананың білім
басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) білім бөлімдері конкурстық
комиссияның оң шешімін алған кандидатпен еңбек
шартын жасасады жəне тағайындау туралы бұйрық
шығарады.
79. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші
басшысымен жасалған еңбек шартында
аттестаттаудан, ротациядан өту шарттары мен
тəртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарын орындау
кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші
басшысы қол жеткізуге тиіс қызметтің негізгі
көрсеткіштері көзделеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген
жағдайларда еңбек шарты жұмыскердің аттестаттау
нəтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі
салдарынан атқаратын лауазымына немесе
орындайтын жұмысына сəйкес келмегені үшін,
сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының
бірінші басшылары үшін ротациялау қағидаларында
айқындалған жағдайларда жұмыс берушінің
бастамасы бойынша бұзылады.
80. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші
басшы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалады.
81. Бірінші басшының жəне білім беру ұйымын
басқару органының келісімімен еңбек шартының
қолданылу мерзімі өткеннен кейін бірінші басшы осы
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
03.07.2024
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі