Тәрбие жоспарының 1 жарты жылдық есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жоспарының 1 жарты жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптарындағы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Үлкеншыған орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі















2023 – 2024 оқу жылындағы

2 Ә сынып жетекшісі Т. Б. Оңалбаеваның

атқарған тәрбие жұмысының жарты

жылдық есебі


























2023 – 2024 оқу жылындағы

2 Ә сынып жетекшісі Т. Б. Оңалбаеваның атқарған тәрбие жұмысының

жарты жылдық

Е С Е Б І

Сыныпта тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және 2023-2024 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс- шаралар өз уақытында өткізіліп отырды. Атап айтқанда, Ұлттық мүдде құндылығы бойынша: 1 қыркүйек - білім күні «Мектеп – мейірім мекені», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз ", «Жасыл шырша жанында, «25 қазан – Республика күні» атты тәрбие сағаттары, Ар-ұят құндылығы бойынша «Отбасы – тәрбие бастауы», атты тәрбие сағаттары, «Қарттарым – асыл қазынам», «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында бейнеқұттықтаулар мен бейнекөріністер, Талап құндылығы бойынша «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты бейнекөрініс түсіріліп жұмыстар жүргізілді.

Өткізілген тәрбиелік іс-шаралардан көрініс


Сыныпта 22 оқушы бар. Оның 13-сі қыз бала. Әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларға көңіл бөлініп отырады. Әлеуметтік мәртебесі бойынша саралағанда, жартылай жетім – 1 оқушы, көп балалы отбасы балалары – 6 оқушы, аз қамтамасыз етілген отбасы – 1 оқушы.

Әлеуметтік мәртебесін айғақтайтын құжаттар жинақталып, арнайы папка жасалынды. Осы мәртебедегі оқушылардың іс- шараларға қатынасуы басты назарда ұсталынып отырды. Оқулықпен толық қамтамасыз етіліп, қажетті құжаттар жинақталынды.

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығынан «Кенгуру» ойын -конкурсына Ербол Бекарыс, Сайдыла Фатима қатысып, ІІ дәрежелі диплом сертификатпен марапатталды. Республикалық «Зерде» -«Білімді жас – ел болашығы» атты пәнаралық қашықтық олимпиададан Ербола Бекарыс, Имярова Самира ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық «Ақбота» олимпиадасынан Құлжабай Саяна, Оңалхан Жарас қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Shape1

Сынып оқушылары мектепішілік іс- шараларға да белсене атсалысып отырады. Атап айтқанда, Жол ережесін білейік, Отбасы күні айлықтарында бейнекөрініс түсіріп әлеуметтік желілерге салып отырды. Мектепте өткізілген «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға сынып болып ат салысып, Адилжан Раяна мен Базарбай Елназар қатысып 3 орынды жеңіп алып, алғыс хатпен марапатталды. 2 сыныптар арасында өткізілген Ұстаздар мерекесіне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды. 25 қазақ Республика күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» мәнерлеп оқу сайысына қатысып, Тоқтасын Айсұлтан жүлделі І орын алды.


Сыныпта өткізілген тәрбие сағаты мен жылдық тәрбие жоспары ұстаздарға арналған «Ұстаз тілегі» сайтына жіберіліп отырды. Оқушылар түсірген бейнекөріністер мектептің инста парақшасына салынып отырды.

Ұстаз тілегі сайты Үлкеншыған орта мектебі фейсбук парақшасы

Қыркүйек айында ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 19 ата-ана қатысты.

Жиналыста оқушылардың білім сапасы туралы, пәндерге ынтасы мен қызығушылығы, «Мектеп формасы», «мектеп ережесі», «Қауіпсіздік ережелері» туралы мәселелер қозғалды. Ата-аналармен әр түрлі тренингтер мен сауалнамалар жүргізіліп, бейнематериал ұсынылды.

Күзгі, қысқы демалыс кезіндегі жол қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі туралы ата-аналар мен балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналармен онлаин ашылып, қолхат алынды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушылардың сабаққа бейімділіктерін анықтау мақсатында мектеп психологтары сабақтарға қатысып анализ жасап отырды.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша арнайы сүзгі дәптері басталған. Медбикемен бірлікте сабаққа қатыспаған оқушы дер кезінде анықталып отырады. Оқу жылының қорытындысы бойынша 2 Ә сыныбында 22 оқушы (9 ұл, 13 қыз). Оқу үздіктері – 7 оқушы, оқу екпінділері – 7 оқушы; білім сапасы 68 %.

Жоғарыда аталған жұмыстарды саралай келе педагог – психологпен және пән мұғалімдерімен жұмысты жандандыру керек деген ұсыныс білдіремін.


Сынып жетекшісі Оңалбаева. Т

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2024
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі