"Тәрбие негізі - ұлттық құндылықтарда"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәрбие негізі - ұлттық құндылықтарда"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балаңды өз тәрбиеңмен емес, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтарда

 

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетін­де барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жан­­дардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз», деп Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев айтқандай, біздің алдымызда бабаларының игі дәс­түрін сақтайтын, күллі әлем­ге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Отан­шылдық сезім – ұлт рухы деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен емес, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да сан ғасыр­­лар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне ен­гізу арқылы ұлттың тұнып тұрған рухани байлығымен өскелең ұрпақты сусындату – басты парызымыз.

Ұлттық құндылықтардың әрбір халық­тың өмірінде алатын орны өзгеше. Қазақтың салт-санасын жаңғырту еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүр­гізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлт­тық идеяның қалыптасуында ұлттық құн­дылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы  мен өмірлік қажет­тіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, төл құндылықтар мен жал­пы­адамзаттық құндылықтарды өзара ұштас­­тыра алатын толық кемелді, ұлт­жанды тұл­ғаны тәрбиелеу – ұлттық идея­ның негізгі бағыты. Ұлттық идея – қазақ хал­қы тудырған моральдық нор­ма­ларда және ұлттық құндылықтарда бекі­тілген патриот­тық тәжірибені меңгеру, ұлттық этно­­мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарих­ты құрметтеу арқылы іске асырылады.

Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қалмақ» деп тұжы­рым жасаған екен. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақ­тан, яғни ерте жас­тан ұлттық құндылықтарға сүйе­не отырып тәрбиелеу керек. Бүгiнгi дұрыс тәрбие алған жастар – болашағы жақсы азаматтар. Сол себептен де Тұңғыш Президентіміз рухани жаңғы­ру туралы бағдар­ламалық мақаласында: «Ұлт­тық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал­ғыларымыз, бір сөзбен айтқан­да, ұлт­тық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»,  деп ой қорытады.

Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақ­тайтын жас ұрпақтың бойына ерлік рухты, отан­шылдық сезімді сіңіру – маңызды мәсе­лелер­дің бірі. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адам­заттық игіліктерді, хал­қымыздың ғасырлар бойы армандаған мәде­ни-рухани мұрасы мен ұлттық тәр­бие саласында жұмыс жасау – бас­ты міндетіміз.

Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсер­лерінен қалыптасып, халық­тың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқы­лы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, пси­хологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал осы ұлт­­тық идеологиямыз әлсіз болса, бар­лық салаға өзінің теріс әсерін тигізетіні шүбәсіз.

Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық», деген екен. Расында, кең байтақ аты­рапты жауға бермей, қасық қаны қалғанша күрескен, жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңі­реп өткен хас батыр­лар қаншама десеңізші! Олар­дың ер­лігі кейінгі ұрпаққа қашанда өнеге болмақ.

Отансүйгіштік рух – Тәуелсіз  еліміздің әлем­дік өркениет көшіне қосылып, дүние­жүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Осы жерде жас ұрпақ ең бастысы – отбасында ас­қақ отансүйгіштік сезімде тәрбиеленуі тиіс. Ұлы Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – ата-анасынан, екіншісі – ұста­зынан, үшіншісі – құрбысынан», дейді. Отан­сүйгіш­тік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-аймағының ықпалы зор. Отанды сүю отба­сынан басталатыны рас. Сондықтан да бала тәрбиесінің шешуші факторы – отбасы. Бала­ның ер жетіп өсуі, бойындағы алғаш­­қы адам­гершілік белгі­лері отбасында қалып­тасады.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ ма­ңызды іс. Сондықтан да қоғам бұл жұмысқа парасаттылық танытып, байсалдылықпен жұмылуы керек. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалып­тасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениетін, тарихын, бұрынғы-соңғы ұлы ойшыл педагогтердің еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгер­мей тұрып, келер буынға дұрыс тәрбие-тағылы­мын сіңіру мүмкін емес. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, оларды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбие­леу – қазіргі таңдағы өмір талабы және қоғам қажеттілігі.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Балам» деген жұрт болмаса, «жұртым» дей­тін бала қайдан шығады» деген. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу – басты шаруа.

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі