Тәрбие сабағы: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сабағы: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған бұл тәрбие сабағының кімге болсын пайдасы тиері сөзсіз, себебі бұл тәрбие сабағын өзім өткізгенмін, мазмұны өте әсерлі, қызықты, мағыналы. Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағы: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.

Тәрбие сабағының мақсаты: а) адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын, ұстазға, ата – анаға деген құрметін арттыру және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру;

ә)оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән – би арқылы ой өрістерін дамыту;

б) асыл ананы сыйлауға , үлкенді құрметтеуге, кішіпейіл болуға, адамгершілікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, плакат, суреттер.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Құрметті аяулы аналар, қыздар, оқушылар! Мереке құтты болсын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан ананың ақ сүтінен дариды. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.

Бүгінгі «Айналайын, анашым!» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жандияр:

Қадір тұтқан бабалар, аналарым небір туған даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі, армысыздар қасиетті Аналар!

Бектас:

Армысың апаларым, аналарым!

Мейірбан аппақ көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

құттықтайды сіздерді балаларың!

Ділназ:

Аялаған, баптаған, асыраған сақтаған,

Сақтандырып күнде еппен, айтып бәрін үйреткен.

Еламан Серк:

Мені жақсы көреді, күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі, маған айтып береді.

Назым:

«Адал бол деп балдырған» әділдікке баулыған.

Жүрегінде махаббат, тілегінде марқабат.

Хормен: Аналарға мың алғыс!

1 сынып оқушыларының орындауында «Құттықтаймын,Ана!» өлеңін қабыл алыңыздар!

Азамат:

Ерлік, еңбек атқарған, еңбегімен мақталған,

Ел сенімін ақтаған, айналайын ақ анам.

Алмас:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,

өміріме нәрін бердің ақ сүтің

кең құшағың аясында гүл бақтың.

Әдемі:

Отбасының ордасын, періштелер қорғасын,

Тіккен әрбір отауғ, тәңірім жақсылық қолдасын.

Еламан Серк:

Анам мені айым дейді, мен мұңайсам уайым жейді,

Анам мені күнім дейді, мен қуансам күлімдейді.

Нұрсұлтан:

Апам мені жаным дейді, жан жүрегім балым дейді.

Сен үшін мен әлемдегі, бар асылды алам дейді.

2 сынып оқушысы Қасенбек Альмираның орындауында

«Мен қазақтың қызымын» әні.

Арнұр:

Жамандықтан сақтандырған, жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды, жүрсем деймін шаттандырып,

Еламан Сат:

Мен үшін не керек, бәрін іздеп табасың,

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың,

Қайта мені көргенде, шын сағынып қаласың

Жандияр:

Ана – өмір, қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке тіккен нұрлы шуағы.

Назым:

Аялайық аналарды әрдайым, қуанышқа бөлейікші өздерін,

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.


Сергіту сәттері.

1 сынып оқушыларының орындауында би-тамашалаңыздар!

Көріністер:

1 көрініс: Мағжан мен Айдос «Қаттыда не қатты?»

Бектас(Қазыбек би):

  • Балалар, менің сұрағыма кім жауап береді. Дүниеде тәттіде не тәтті, жұмсақта не жақсы, қаттыда не қатты?

Алмас: - Мен айтайыншы, тәттіден бал тәтті, жұмсақтан мамық жұмсақ, қаттыда тас қатты.

Еламан Сат:- Ата, бұл сұрағыңызға мен жауап берейінші. Тәттіден ананың сүті тәтті. Жұмсақтан ананың ақ алақаны жұмсақ. Қаттыдан атаның мейірімі қатты.

Бектас: Дұрыс айтасың, жауабыңа ризамын.


2-көрініс. Жандияр мен Назым. «Бәрінен де жақсы»

Назым жылап жүреді. «Мама, мама» деп бақырып жылайды.

Жандияр: Мынау мамасынан адасып жүрген қыз ғой. Әй қыз,

неге жылайсың?

Назым: мамамнан адасып қалдым.

Жандияр: Мамаңның түрі қандай, қалай киінген?

Назым: мамам бәрінен де жақсы, бәрінен де әдемі.

3 «ә» сынып оқушылары Нұрлан Жаннұр мен Расул Аяулымның орындауында

«Ақ мамам» әні.

Мұғалім: - Сонымен балалар, ана деген кім десек не дер едіңдер?

Еламан Серк: Ана – мақтан, ана-өмір

Ділназ: Ата – атақ, ана – дәуір,

Еламан Сат: Ана – абырой, ана – жауһар,

Бектас: Ана – көркі көгімнің, Ана – нұры жерімнің.

Арнұр: Ана – бағы баланың, мақтанышы елімнің.

Сырым: Ана – әлем шуағы.

Жандияр: Ана – ұлттың ұйтқысы

Алмас: Ана – ұрпақтың анасы

Әдемі: Ана – жомарт, ана-дарқан

Асыл: Ана – біздің күніміз

Ислям Ана – біздің гүліміз

Мұғалім: Ана деген кім десе, шуақ шашқан күн дер ем.

Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқан түнімен,

Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.

Көрдіңдер ме, балалар, ақын – жазушыларымыздың өзі жыр тербеп аналарымызды неше түрлі даңққа бөлейді.Аналарымыз бүкіл адамзатқа жылу мен әсемдік, мейірімділік пен махаббат сыйлайды. Сондықтан аналарымызға арнап қандай теңеу айтсақ та көп болмайды.

Мұғалім: Қыз – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келіннен анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өседі, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерін – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт – санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине әйел – ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке – бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да, әйел – ана. Сонымен, әже деген кім?

Ділназ:

Әже – әкемнің анасы,

Еламан Сат:

Әже – анамның анасы.

Еламан Серк:

Әжеден тарайды сыйластық.

Бектас:

Әже адамға сыйлайды қимастық.

Жандияр:

Әпкем – әже баласы.

Арнұр:

Әкем – әже баласы

Алмас:

Әкемнің бар ағасы

Ол да әжемнің баласы

Хормен:

Әже деген шамасы – Аналардың анасы.

3 «а» сынып оқушысы Ажигулова Арайлымның орындауында «Аяулы әжем» әні

Мұғалім: Сонымен, балалар, Ана – өмір сыйлаушы,алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың

Хормен: аналарды сүйеміз, ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Жандияр:

Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен

Көктемнің құлпыра бер бар гүлімен

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің ақ күніңнен

Назым:

Адам бар ма ақ сүтіңді татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдық ар намысын сақтаған

Мен оның сонысына мақтанам.

Әдемі:

Сыйлаймын анамды, оятқан санамды,

Анам ғой тәрбиелеп, сүйдірген даламды.

Нұрсұлтан:

Сүйікті анашым, аштыңыз көзімді

Бір сағат көрмесем, сағынам өзіңді.

4 сыныптың ұлдарының орындауында «Сұлу қыз» әні

Мұғалім: Ана десем, алғыс алам халқымнан, ана десем теңіз болып шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым, ана десем әділдікті ұғамын.

Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Жақсылық атаулының бәрі де ана алақанынан нәр алған. Тіпті адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен таралады екен. Ақ самайлы аяулы әжелеріміз, ардақты аналарымыз болмаса, ешкім де бұл жарық дүние есігін ашпас еді. сол үшін де сіздерге рахмет, қымбатты аналар!

Хормен:

Мерекеңмен құттықтап, қуанамыз құлпырып,

Анаға арнап ән салып, берейік сыйлық ұсынып.

(Сыйлықтарын таратып береді)

Ана – біздің күніміз, Ана – біздің гүліміз

Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз!

Өлең: «Анашым»

Азамат:

Оқуды да ойлаймыз, бірге күліп ойнаймыз,

Қыздарды да аялап, мерекесін тойлаймыз.

Мұғалім:Мерекеде көктемгі, құттықтаймыз сендерді.

Әдептілікті сүйетін, сабағын жақсы білетін,

Қара көзді Ділназ, Назым, Әдемі, ұзақ болсын өмірлерің

4сынып оқушылары Қайрулла Рымгүл мен Манап Ақниеттің орындауында

«Ана туралы жыр» әні

Қорытынды: Мұғалім: - Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін «Асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, деп өмір бойы, күні – түні перзентінің тілегін тілейді. Не деген құдіретті мейірім десеңші.Аналарымызды құрметтеп, өлең, жырға қосып, тәуелсіз елімізде

бақытты ғұмыр кеше беріңіздер.

Мереке келді, шаттықтың ғана тарт күйін

Ән айтқың келсе, қуаныш әнін айт бүгін

Жасарып дүние, ұмытып кетті ызғарын

Көктеммен келген 8 наурыз бүгін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!













Shape1





Shape2



Shape3





Shape4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2018
5288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі