Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сабағы "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бқл материалдың жалпы тіл тақырыбына байланысты ұстаздарға көмегі тиеді деп ойлаймын. Себебі, бұл тәрбие жұмысында ең алдымен оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге талпынуға тәрбиелеу;өз ана тілінің қадір – қасиетін, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету басты мақсат етіп алынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж.Ағаділов атындағы жалпы бастауыш білім беру мектебі



22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдер мерекесі.

Тәрбие сағаты: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.»

Мұғалім: Мыкраева Арай.

26.09.2018 жыл





















Тәрбие сағаты: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге талпынуға тәрбиелеу;өз ана тілінің қадір – қасиетін, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; мақал – мәтелдер арқылы студенттердің тіл көркемдігін, байлығын, дүниетанымын, ой – дамыту.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, керекті дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұ/к.Оқушылар келген қонақтармен амандасады.

Амансыздар ма, ата – аналар!

Амансыңдар ма, оқушылар!

Сәлем көрші, сәлемімді қабыл алшы.

Жабырқамай күлімдеші,

Тамаша күн бүгін деші.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған «Өз тіліңді құрметте!» әдеби – сазды мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер! 1989 жылдың 22-қыркүйегінде Қазақ ССР-ында «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тілі «Мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болды. 1993 жылдың 28-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

I кезең. «Бәрін білгім келеді».

Сұрақтар:

  • «Жусан иісі» әңгімесінің авторы кім? Оның басты кейіпкерін ата. (С.Мұратбеков. Аян) ( 50 ұпай)

  • «Қарлығаш әулие» атанған шешен кім? (Төле би) ( 40 ұпай)

  • ҚР қай жылы өз Тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16 желтоқсанда) ( 30 Ұпай)

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ( 20 ұпай)

  • Кітап сөзінде неше буын бар? ( 10 ұпай)

  • Үш биді ата. (5 ұпай)

  • «Үш бәйтерек» аталған қайраткерлер кімдер? ( 50 ұпай)

  • «Әнұран» авторы кімдер? ( 40 ұпай)

  • Үш күйде болатын зат – ол не? ( 30 Ұпай)

  • «Әй дейтін әже жоқ, ....» ( 20 ұпай)

  • Үшкір заттарды ата (ине, біз, пышақ, қайшы т.б.) ( 10 ұпай)

  • Жылқының төлін ата. . (5 ұпай)

II кезең. «Тіл өнер» Өлең шумақтарынан жыр төгейік.

Мағжан: Тілімді арымдай сақтаймын,

Ділімді тексіз боп шашпаймын,

Құқымның пәктігін дәлелдеп,

Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

Ана тілім – жүрегісің, анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен таралдым,

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Аружан:

Ана тілім – шежірем, өсиетім,

Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.

Ата – баба түгілі кейінгілер,

Анасының білмейді қасиетін.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілім – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Мерей:

Тілім менің – тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?

Өз халқыма жетеді өз мәнінде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Айдос:

Қазақ тілім өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Малика:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Қуандық:

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім:

Ана тілі бой өсіреді. Адамға ақыл беретін ата – ана, ұстаз, досы екенін ұмытпаңдар. Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін – адал дос. Адал дос - ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады.

III кезең. «Тілімізді құрметтейік» Шығарма жазу сайысы.

IV кезең. «Қажетті әріптер» дидактикалық ойыны.

V кезең.. «Аяқталмаған жұмбақтар».

VI кезең. «Кубизм стратегиясы» бойынша оқушылардың тіл байлығына арналған тапсырмалар.

VII кезең. Мәнерлеп оқу сайысы.

VIII кезең. «Шашылған әріптерден сөз құрау».

IX «Ой толғаныс» кезеңі.

X кезең. Қорытынды. «Тілден асқан асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ, Тілден асқан теңіз жоқ» дей отырып, біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Қазақ тілі – Қазақстан мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту – біздің міндетіміз.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
5401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12