Қарағанды облысы,
Балқаш қаласында №16 орта
мектебінде
бастауыш сынып
мұғалімі
Балтабай Мөлдір
Серғазықызы
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық
дәстүрлер. Туыстық қатынастар.
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақтың әдет – ғұрпын
оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын
біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және
қайын жұрты болатындығын ұғындыру.
ә) Олардың туыстық жақындығын
жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым – қатынасты дамытуға,
оқушылардың ой – өрісінің дамуына жағдай жасау.
б) Оқушыларға адамгершілік
тәрбие беру.
Түрі: ашық сабақ. интерактивті
тақтамен жұмыс.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын
әдісі.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер,
суретті - жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім –
жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.
(Н. Ә. Назарбаев)
- Құрметті қонақтар бүгін біз
сабағымызда «Алтын сақа» ойынын ойнай отырып өткізбекшіміз.
Құрметті көрермендер мен ойынға қатысушы балалар! Менің қолымдағы
сұрақтарға жауап бере отырып, «Табалдырықтан» аттап күймелерден
орын алайық. Дайындалған сұрақтар үй тапсырмасына
байланысты.
ІІ. Өткенді
пысықтау.
1. Отбасы деп кімдерді
айтамыз?
2. Отбасына кімдер
жатады?
3. Сенің отбасын
қандай?
4. Өз отбасыңа қандай көмек
бересің?
5. Қандай мамандық түрлерін
білесіңдер?
Отбасының басты қазығы, алтын
тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не
болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке -
бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік
отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің
қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы
бұлақ,
Бала жағасындағы
құрақ
Табалдырықтың сұрағына жауап
береді. Енді қол соғып әудем жерге шақырайық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Әудем жер»
тапсырмалары.
1. Ата – анаға көмекші: баласы,
қызы, немересі, келіні, қарындасы, інісі, бауыры.
2. Ата - анаға басшы: кенже ұл
немесе бағатын баласы, қызы.
3. Ортақ қасиеті:
адам.
Жеті атаны айт?
Ата – әке – немере – шөбере –
шөпшек – немене – туажат (жекжат, жүрежат)
«Ана» туралы шағын әңгіме
құрастыру.
- Уақыт өте келе осы
отбасындағы адамдардың жақындығы қалай өзгереді. Иә, олар бір -
бірімен туған – туысқандарға айналады. Ендеше, балалар, «Туған –
туысқандар» деген мәтінмен танысамыз. (өз бетінше іштей оқыту, әр
топ дауыстап оқиды).
Ата мен әже – әкенің әкесі мен
шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі.
Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі. Әжесін
немерелер тыңдап, құрметтеп, сыйлайды.
Әке мен ана – баланы дүниеге
әкелуші, асырап - бағушы, тәрбиелеп - өсіруші, ең жақын қамқор
адамдар.
Бала – ата - ананың ұрпағы,
өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата - анасының алдында
шексіз қарыздар. Құран Кәрімде: «Біз адамдарға ата - аналарына
жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған.
Балалардың үлкені ұл болса –
аға, қыз болса – әпке деп; кішілері ұл болса – іні, қыз болса -
қарындас, сіңлі деп аталады. Аға мен әпке өз інілері мен қарындас,
сіңлілеріне қамқор болады. Әке - шешесіне көмектесіп, оларға
қарасады.
Нағашы жұрт – шешенің төркін
жұрты. Яғни ананың әке - шешесі, аға - іні, әпке - сіңлі, жеңге -
келіндері мен басқа да аталас туыстары нағашы болады. Ал ол елдің
қызынан туған бала оларға жиен болады. Нағашылар жасына, жолына
және басқа ерекшелігіне қарай нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға,
нағашы жеңге, нағашы әпке, нағашы іні, нағашы қарындас, т. б.
аталады. Ал бала нағашы жұртына жас және басқа ерекшелігіне қарай
жиен бала, жиен қыз, жиен аға, жиен әпке, жиен іні, жиен қарындас,
т. б. аталады. Жиенге байланысты жиеншар деген туыстық атауы бар.
Яғни жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар
болады.
Апалы - сіңлілердің балалары
бір - біріне бөле, туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір - біріне
бажа болады.
Жігіттің және бір жұрты – қайын
жұрты. Яғни, әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы
оларға күйеу болады. Қайын жұрт адамдары жас және басқа
ерекшелігіне қарай күйеу тарапынан әр түрлі аталады. Мәселен,
күйеуіне әйелінің әкелері – қайын ата, шешелері - қайын ене,
ағалары – қайын аға, әпкелері – қайынбике болады. Сондай - ақ
келінге де күйеуінің әке - шешелері мен ағалары солай аталады.
Әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуіне балдыз болады да,
күйеуі оларға жезде деп аталады. Балдыз бен жезде бір - бірімен
әзілдескіш келеді. Үйленген екі жастың біреуінің аталары мен
әкелері, ағалары мен інілері, яғни барлық ер адамдары екінші жаққа
құда деп аталса, әжелері мен шешелері, жеңгелері мен келіндері
құдағи деп, ал әпкелері мен қарындас, сіңлілері құдаша деп, інілері
құда бала деп аталады.
Сөздік жұмыс:
Жиен нағашы жұрқа сен жиенсің,
себебі ол сол елдің қызынан туылдың. Бажа - апалы – сіңлі немесе
туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір - біріне бажа болады. Жезде
– сенің апаңның күйеуі саған жезде.
Әр топ түсінгенін
айтады.
Мазмұнын қысқаша
түсіндіру.
«Қозы - көш»
тапсырмалары.
1. Жігіт адамның неше жұрты
бар, оларды ата?
2. Өз жұрты дегенді қалай
түсінесің? Оған кімдер кіреді?
3. Нағашы жұрт дегенді қалай
түсінесің?
«Беласар»
тапсырмалары.
1. Жиен, жиеншар деп кімді
айтады?
2. Бөле деген кім? Сенің бөлең
бар ма?
«Жолайырық»
тапсырмасы.
1. Құда, құдағи, құдаша, құда
бала деп кімдерді айтамыз?
Әр топтың
тапсырмасы.
1. Туыстық туралы мақал
айту.
2. Рафт әдісі. «Адамға хат
жазу»
3. Аңыз әңгімеден
көрініс.
4. Туған – туысқандарға қатысты
атауларды топтау.
Жаңа сабақты қорыту.
1. Оның шешесі – менің апам.
Сонда ол маған қандай туыс? (жиен)
2. Оның әкесі - менің нағашым.
Сонда мен оған қандай туыспын? (жиен)
3. Ол екеуміздің аналарымыз
бірге туған, біз қандай туыспыз? (бөле)
4. Оның ағасы маған жезде, мен
оған кім болам? (құдаша)
5. Ол бізге күйеу бала, біз
оған кім боламыз? (қайын апа, қайын аға)
Бүгін біз не туралы білдік?
Қандай туыстық атауларды білдік?
Оқушылардың білімін
бағалау.
Үй тапсырмасы. Мәтінді оқу,
жеті атаны толық білу, өз аталары туралы шежіре
құрастыру.