9-сынып. Ашық тәрбие сағаты. Сынып жетекші: Фазилова Зада Бахытжановна
Тақырыбы: «Біз - тәуелсіз елміз»Мақсаты:- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.Кіріспе- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.Мұғалім сөзіТәуелсіздік бізге оңай келмеді.Жұртым менің не қиындық көрмеді?Жылап тұрып аналарым бұл жолда,Сан перзентін қара жерге жерледі.- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.Асау аттай өз тізгінін бермеді.Қазағымның алтын басын иілтіп,Талай дұшпан төрімізге төрледі.Мұғалім сөзі1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?- Біздің Отанымыз -....- Біз қай ұлтпыз?- Қандай Республикамыз?- Біздің ана тіліміз қандай тіл?- Елбасымыз кім?- Балалар, біз қандай елміз?- Қай жылы тәуелсіздік алдық?- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.( әнұран, көк байрақ, елтаңба)Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.1 - оқушы Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,Алатаудың көзінен де жас тамды.Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.Тәуелсіздік күресі енді басталды.2 - оқушы .Қатыгездік жұдырығы түйіліп,Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,Желтоқсанда шықты үлкен алаңғаАта - баба аруағына сыйынып.3 - оқушы. «Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,Қазаққа күйе жаққан күн,Базары кетіп, бір түндеҚайғыға халық батқан күн.4 - оқушы. Намыс үшін күрессең мазақтар кім?Құлға айналу азабы азаптардың.Қаны төгілді желтоқсан алаңында,Бодандыққа көнбеген қазақтардың.Көрініс- Қайрат пен тергеушіТергеуші:- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?Қайрат- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесіндеТергеуші- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.Қайрат- Мен оны көргенім жоқТергеуші- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.ҚайратКүнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар.Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным бар.Алам десең алыңдар,Қайрат деген затым бар.Қазақ деген атым бар.Еркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).1-оқушы- Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.2 - оқушы Өктем билік қаралады, даттады,Бірақ Алла ақиқатты жақтады.Назарбаев атамды жұрт қалады.Түсті амалсыз Колбин деген атақты.3- оқушы Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.Содан барып, тоңды еріді кеңестіңСодан кейін еркіндікті бастадым,4- оқушыСол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.5 - оқушы Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.Отан үшін отқа түссең күймейсің,Ізбасары болмай елге жақпаймыз.6 - оқушыЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)Хор: Атамекен.7 - оқушы Астана біздің сәніміз,Білім біздің нәрімізАзат елдің тірегіБолайықшы бәріміз.8-оқушыНұр атаның жолдауыХалықтың оны қолдауыБақыты үшін елінің,Болмайды еш сөз дауы!Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі.9 - оқушы Бақтың құсы әр адамға қонып бір,О тәңірім бізді баққа жолықтыр.Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.10 - оқушы Желдей еркін, түздей кең қандай азат,Мен қазақпын деген де қандай ғажап.Мақтан етсін халықтар халықтығынЖетер сан жыл шеккені азап.11 - оқушы 16 - желтоқсанТәуелсіздік алған күн,Ерекше боп мәңгілікЕл жадында қалған күн.Жасай берсін ұлы күн,12 - оқушы Жарқырап атар таңы бар,Жарқылдап айтар әні бар.Әні бар, теңіз дәні бар,Айналдым сенен ОтанымЕлім бар да мен бақытты ұланмын.Елім сүйсе, сенімінен шығармын.Елім менің көтермесе елдігінНамысымның биігінен құлармын.Шығармашылық жұмыс1 - топ: Елбасына құттықтау хат жолдау2 - топ: Тәуелсіз елміз әңгіме жазуҚорытындыСонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақХор: Көк тудың желбірегені