Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпарлама

01.09.2020 ж. «Тігінші» 2 курс студенттеріне

«Біліктінің орны төр» Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жылдығына орай тақырыбында қашықтан тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың максаты: Студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу;

Отырар Әл - Фараби туған қала.
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа

Picture 1 Picture 2

Shape1 Picture 3

Әл-Фараби жақсы дәрігер болған. Әсіресе бүйрек ауруының нағыз білгірі. Ол медицина ғылымы туралы көлемді еңбектер жазған.

Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметінде айқындап берген

Қорыта айтқанда әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері қақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.


Топ жетекшісі: Назарова М.Ш































МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі»


Бекітемін

Колледж директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_____________Е. Кенкараев



Shape2

"Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы"

Тәрбие сағат




Picture 1

(қашықтан)





Орындаған: Тігінші 2 курс жетекшісі

Назарова М.







2021 – 2021 оқу жылы


Сабақ тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы»

Тобы: ІІ курс «Тігінші»

Білімділік: Студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу;
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән — мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Студенттердің бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.

Сабақтың әдісі: СТО сатылары, сұрақ — жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, ізденіс, слайдтар, бүктемелер

Көрнекілігі: Қазақ Совет энциклопедиясы, шығыстың ғұламалары туралы кітапшалар, саяси карта, ғалым туралы мұражай көрмесі, нақыл сөздер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті,Тарих,Математика, Ән-саз, Экономика, Медицина саласы.

Мұғалім сөзі:


Отырар Әл - Фараби туған қала.
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа.

Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл - Фараби дүниеге келген. Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан.Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырады.

Олай болса сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой да, даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.

Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып,

Бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді.

Әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотельі» атанған есімі әлемге мәшһұр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.

Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зеріттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көз -қарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.

Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүле мінсіз болуы тиіс, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай ұғып алатын болуы керек. Өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін есіне жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек. Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт. Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт. Өнер білімге құштар, оқып үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек. Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келденде қанағатшыл болуы керек. Сауық құмарлықтан аулақ болуы керек. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек.

Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика-эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыим негіздерін ашып көрсетті. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екендігін дәлелдеді. Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты- адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте тұтастықта өмір сүру керек деп білді.

Бақыт туралы. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып соған ұмытылуы керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек.

Бақыт-өз басын үшін көксейтін игілік.Бақыттың ар жағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жеткізетін еркін әрекет – тамаша әрекет.Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайрымдылы.Қайрымдылық дегеніміз – оның өзі белгілеген , бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық.

...Бақыттың мәні – парасаттылықта ,әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез -құлқын , іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп , игілікке бағыштап отыруында.

Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.

Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады.Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі .Мұнда Фараби грек поэзиясының жанырларына ,терминдеріне талдау жасаған.

Әл-Фарабидің өлеңдері


Қашықтасың туған жер- қалың елім

Небір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен , қанатым талды менің,

Шыңыт жолға қарауменен.

***

Бауырым,қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

***

Тамылжып бал тыныштық айналамнан

Тылсым түнге құшағын жайған далам

Мен жатырмын ұйықысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

***

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзінді

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Араб музыкасын жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби- Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ әл-Фараби бас король болып табылады. Басқаша айтқанда музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған»- дейді.

Әл-Фараби жақсы дәрігер болған. Әсіресе бүйрек ауруының нағыз білгірі. Ол медицина ғылымы туралы көлемді еңбектер жазған.

Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметінде айқындап берген

Мұғалімнің сөзі: Қорыта айтқанда әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері қақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12