Материалдар / Тәрбие сағат Бүгінгі студент-ертеңгі маман
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат Бүгінгі студент-ертеңгі маман

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; қазіргі таңда студенттердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2022
700
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім жоғары колледжі










«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_______ Жакиянова М.С.

«____»_______ _______ ж.








Сынып сағаты

Тақырыбы: «Бүгінгі студент-ертеңгі маман»

























Семей 2022

Тақырыбы: «Бүгінгі оқушы- ертеңгі маман иесі

Мақсаты:  Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; қазіргі таңда студенттердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.

Кіріспе : «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» Н.Ә. Назарбаев

Сіздерді жоғары білікті маман болса және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлестеріңді қосса дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір оқушылар ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – оқушының өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер оқушы қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек , қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Негізгі бөлім:

1)Мамандық адамды таңдай ма, адам мамандықты таңдай ма?

2)Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек?

3)Таңдаған мамандығыңды қоғам үшін пайдаланасың ба?,әлде жеке бастың қажеттілігі үшін бе?

4)Таңдаған мамандығыңа түсе алмай қалған жағдайда сенің әрекетің?

5)Бүгінгі оқушы ертеңгі маман иесі болуға дайын ба?

 

Ертеңгі маман – бүгінгі оқушы өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында.

Студенттер қойылатын сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде?

Кестемен жұмыс:

Бүгінгі студент

Ертеңгі маман

Мен қандаймын?                 

 

 

 


Қорытынды : Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы мемлекеттің алдағы уақытта жетер жетістігі мен алар асулары осы жастарымыздың қолында. Сондықтан да Ұлт Көшбасшысы жастарға саналы білім, сапалы тәрбие ала отырып, салауатты өмір сүруге шақырады.

Ел болашағы – білімді де білікті жастардың қолында екенін естен шығармауымыз қажет. Жастарға осы жолдан тайынбай, еліміздің үміті мен сенімін ақтар сауатты тұлғасы болып қалыптасуларына тілектеспіз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!