Денсаулық кепілі –
тазалық.
Мақсаты:
-
Оқушылардың денсаулық
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
-
Денсаулықтың адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру;
-
Денсаулығын сақтай білу
іскерлігін дамыту;
-
Денсаулықты күтуге, бағалауға
тәрбиелеу.
Барысы.
Мұғалім: Балалар, сендер болашақта
қандай болғыларың келеді?
Ералы: Мен ұлмын, сондықтан өжет,
күшті, төзімді, көңілді болғым келеді.
Назгүл: Мен қызбын, сондықтан нәзік,
шыншыл, әділ, әдемі болғым келеді.
Мұғалім: Әдемі, нәзік, күшті болу үшін
не керек? (Денсаулық керек)
-Иә, балалар ендеше біз
сендермен «Денсаулық» атты тамаша елге саяхатқа шығамыз. Онда
ауырмай әдемі, таза болу үшін өз – өзімізге қызмет көрсету
дағдыларымен танысамыз.
-Саяхат картасы тақтада ілулі
тұр, осы карта бойынша әр аялдамада тоқтап, өзіміздің көңіл –
күйімізді салып кетіп отырамыз. («Өте жақсы» немесе «Жаман»
деп)
1 –
аялдама: «Менің таңым». (Балалар
тақпақтарын айтады)
Фарида:
Дос бол сабын, сумен
сен,
Жиі – жиі жуын
сен.
Таңертең де, кеште
де,
Жуын күндіз – түсте
де.
Ерқанат:
Жуын тамақ
алдында.
Жуын тамақ
соңында.
Жуын ұйықтар
кезінде,
Жуын тұрған
мезгілде.
Су мен сабын бір
жолдас.
Жоймас олар кір
болмас!
Жалғас:
Ерте тұрып күнде
мен,
Терезені
ашамын.
Сәлем! деймін Күнге
мен,
Шаттық әнге
басамын.
Қайырлы таң,
аташым!
Деймін келіп
атама.
Қайырлы таң
апашым!
Деймін келіп
апама.
Сая:
Қолды шайып енді
мен,
Жарты шыны су
ішем.
Шынықтырып
денемді,
Жаттығуға
кірісем.
Тұрады алшақ
аяғым!
Керіледі
көкірек.
Еркін тыныс
аламын.
Санаймын: бір, екі –
деп.
Бауыржан:
Тасытқан соң
күшімді,
Шынығуды
бітіріп.
Тазалаймын
тісімді,
Жуынамын
күтініп.
Басты байлық –
денсаулық,
Бабаң айтқан
даналық.
Сақта жолын сен
тауып,
Осы шақтан
балалық.
Бұл аялдамадағы көңіл –
күйімізді салып кетейік.
2 -
аялдама. «Ас – адамның
арқауы»
-
Балалар, қандай тамақ
денсаулыққа пайдалы?
(Сүттен жасалатын тағамдар,
дәрумендері бар жеміс - жидектер)
Оқушы: Алмада, алмұртта В, лимонда С,
сәбізде А, қызанақта А, В, пиязда А, В,С, қаймақта С,Д, сүзбеде
Д,В, сүтте С,Д, ірімшекте В дәрумендері бар. (Бұл аялдамаға көңіл –
күйімізді салайық).
3 –
аялдама. «Қимыл - қозғалыс».
Денсаулығымызға қимыл – қозғалыстар да пайдалы
екен.
(Барлық оқушылар «Қара
жорға» биін билейді)
4 –
аялдама. «Табиғат – тіршілік нәрі».
Сөзжұмбақ шешейік (Табиғат сөзі шығады)
Әлішер:
Өртесең де
өшірмейді,
Не тот басып
шірімейді.
Өн бойына су
сіңбейді,
Ылғал тартып ірімейді.
(Тас)
Қырымбек:
Түсі бар
көрінбейтін,
Бір тұтас
бөлінбейтін.
Тынысы ол
тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
(Ауа)
Ботагөз:
Көшіп жүріп
желмен,
Сеуіп шықты
тамшысын.
Қыраттарға шөлдеген.
(Бұлт)
Дарын:
Алып мұхит – ақ
алау,
Шеті шексіз жағалау.
(Көкжиек)
Әділбек:
Аспанда бір нәрсе бар
жылмыңдайды,
Тау басына жүгіріп
қылмыңдайды,
Жанына жан иесі жақын
келсе,
Бақырып бас салуға тайынбайды.
(Найзағай)
Дәрілік қасиеті бар шөптер
туралы айту. (Бақбақ, алоэ, қызылмия, өгейшөп, т.б.) суреттерін
көрсету.
5 –
аялдама. «Күлкі – көңіл ажары».
(Мультфильм көрсету)
Балаларға күлкі туралы айтып
беру. (Көңіл – күйімізді салып кетейік)
6 –
аялдама. «Жүрек
жылуы»
(Суретте жаттығу жасап жатқан
жүрек және дәрі ұстап тұрған жүрек)
-
Мына суретке қарап ертегі
құрастырыңдар. (Құрастырған ертегілерін
оқыту)
7 –
аялдама. «Жүректен
жүрекке».
Шеңбер жасап тұрып, қағаздан
жасалған жүректі ұстап тұрып, бір – біріне жылы тілек айтып
беру.
-
Міне, балалар , біз денсаулық
елін толық аралап шықтық.
Ендеше, мен сендерді денсаулық
курсын толық өтті деген мақтау қағазымен
марапаттаймын.