400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Ер есімі – ел есінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ер есімі – ел есінде.

Мақсаты:

  1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары. Ұлы жеңіс туралы мағлұмат беру, Бауыржан Момышұлының қаһармандығы жайлы айту;

  2. Оқушылардың тіл байлығын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау;

  3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сыныпты гүлмен, шармен, жалаулармен безендіру

Тәрбие сағатының барысы:

Әлішер: - Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер! Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке – 1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысысыздың жүрегімізге жақын!

Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Назгүл: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.

«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.

Әділет:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ералы: Осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап – жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне өзі тағайындаған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдары 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланады. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Бірақ неге, екені белгісіз атақ берілмей қала береді.

Еңбекқор Бауыржан Момышұлы мойыған жоқ. 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып, қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазды. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Көрініс: Апасының еркесі Бауыржанның соғысқа аттануы.

Ерқанат: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Айгерім: Оқ борады күні – түн,

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.

Әлішер: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабылуға шығарады. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

Назгүл: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылы 30 сәуірде тікті.

«Ана туралы жыр» әні орындалады.

Жалғас: Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

Ботагөз: Біздің халқымыз казақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Фарида: Әлия Молдағұлова (1925 - 1944) Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Әке – шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.

«Отан үшін алға!» - деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп жауға қарсы ұмтылды . Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.

«Әлия» әні орындалады.

Данияр: Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982 ) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

Нұрбек: Жас ұрпақ, асыр сап,

Шырқайды Ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

Жансая: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды, кейін авиация училищесінде білім алып шығады.

1941 – 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800-ден астам техникасын істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Дарын: Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты. «Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 40 жыл», «КСРО – ның Қарулы Күшіне – 60 жыл».

Аружан: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров - қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен мараппаталған.

Назгүл: Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

Қорытынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі