400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие сағат "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Сайыстың мақсаты: оқушылардың белсенділіктерін арттыру, жылдам ойлау, есте сақтау, ұжымдасып жұмыс жасай отырып нәтиже шығару, білімге қызығу дағдыларын қалыптастыру.

Түрі: дәстүрлі емес.

Көрнекілігі: слайд, қобдиша.

Сабақтың барысы.

Сайыстың шарттары:

І. «Кім жүйрік?» тест;

ІІ. «Ғажайып кесте»;

ІІІ. Ойланып көрейік. Математика пәнінен логикалық сұрақтар;

ІV. «Менің арманым» өз ойын жеткізу;

V. «Менің сүйікті ісім» шығармашылық жұмыс.

І. «Кім жүйрік?» 1 – оқушы.

1.Ауызекі сөйлеу дегеніміз не? (Үн арқылы берілетін сөйлеу)

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді)

3.Жуан дауыстыларды ата? (А, о, ы, ұ)

4.Жіңішке дауыстыларды ата? (Ә, е, і, ү, ө)

5.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге: жуан, жіңішке)

2 – оқушы.

  1. «И» қандай дыбыс? (Дауысты)

  2. «Ғ» әрпі сөздің соңында жазыла ма? (Жазылмайды)

  3. Ұяң дауыссыздарды ата? (Б, в, г, ғ, д, ж, з)

  4. «Й» қандай дыбыс? (Дауыссыз)

  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (Үшке: үнді, ұяң, қатаң)

3 – оқушы.

  1. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазыла ма? (Жазылмайды)

  2. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не?)

  3. Дұрыс жазылған сөзді тап? (Домбыралар)

  4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9 сөз табы бар)

  5. Зат есім нешеге бөлінеді? (Екіге: негізгі, туынды)

4 – оқушы.

  1. Етістік дегеніміз не? (Іс – әрекетті, қимылды білдіретін сөз табы)

  2. Сан есімді тап? (Отыз)

  3. Буын үндестігіне бағынып тұрған сөзді тап? (Жастар)

  4. Сын есімді тап? (Сұлу)

ІІ. «Ғажайып кесте» ұяшықтарды таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру.

1 – оқушы.

10 – Үш биді ата? (Төле, Қазыбек, Әйтеке би )

20 – Бір дициметрде неше сантиметр бар? (10 см)

30 – Ақ алтын деген не? (Мақта)

40 – «Мектеп – біздің анамыз» кімнің өлеңі? (Өтебай Тұрманжанов)

2 – оқушы.

10 – Тұңғыш «Әліппе» оқулығын кім жазды? (А. Байтұрсынов)

20 – Қара алтын деген не? (Көмір)

30 – Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты не деп атайды? (Топырақ)

40 – «Өзен» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)

3 – оқушы.

10 – 1 тәулікте 24 сағат, жарты тәулікте неше сағат болады? (12 сағат)

20 – 1 мүшелде неше жыл бар? (12 жыл)

30 – Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (Көкжиек)

40 – Талдықорған жерінде орналасқан құмды төбе қалай аталады? (Әнші құм)

4 – оқушы.

10 – Ең кіші, бір таңбалы сан? (1)

20 – «Төрт тентек» мәтініндегі төрелікті дұрыс айтып, билік айтқан бала кім? (Мөңке)

30 – Ауа-райы дегеніміз не? (Ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай- күйі)

40 – 5 көйлек тігу үшін 15 м мата қажет. 60 м матадан қанша көйлек тігуге болады? (20 көйлек)

ІІІ. Ойланып көрейік. Математика пәнінен логикалық сұрақтар.

1 – оқушы.

Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (6 үйрек)

2 – оқушы.

Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)

3 – оқушы:

Табақта 17 өрік,

Қолында 5 өрік.

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік? (22 өрік)

4 – оқушы.

Жайылып жүр сегіз лақ,

Үшеуі оның сегіз лақ.

Есептеуге

Сен шебер

Бала болғың келсе егер,

Сегіз лақтың енесін

Тез есептеп бересің (5 ешкі)

ІV. «Менің арманым»

V. «Менің сүйікті ісім» шығармашылық жұмыс.

Қорытынды: жеңімпаз оқушыларды мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі