Материалдар / Тәрбие сағат "Нағыз дос болу -бақыт."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат "Нағыз дос болу -бақыт."

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал достық деген не және нені білдіретін туралы ойды қозғайды. Жас мамандарға танысып өз ойларын қосуға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2021
622
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысының білім басқармасы

Қарақия кәсіптік колледжі



“Бекітемін”

колледждің ТЖО

__________________Е.Б.Кенкараев


________”____________





Нағыз дос болу -бақыт.

(Тәрбие сағаты)












Өткізген: Тінәлі Б.О.

Дәнекерлеуші” 2 курс

мамандығының кураторы















2019-2020




«Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола

алмайды»

Омар Хайям


Тақырыбы:Нағыз дос болу -бақыт.


Мақсаты:

Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім

екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық

жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін

бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге

тәрбиелеу.


Көрнекілігі: презентация «Дос», парақшалар, достық туралы әндер


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.

- Көңіл-күйілері кереметтер қолыңызды көтеріңіз.

- Мұнда достары бар адамдар қолыңызды көтеріңіз.

- Не үшін жиналғанымызды білетіндер қолыңызды көтеріңіз.

- Керемет, позитивті болу тамаша!

Қол шапалақтау.


Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.


- Сендер қалай ойлайсыңдар? Нағыз дос деген не?


1. “Ассоциация”. Шын дос сөзіне қандай сөздер елестететінін жазу.


Нағыз дос дос








«Жастық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес»- деп, Аристотель ғұлама айтқандай бүгінгі сабағымызда шын дос туралы талқылайтын боламыз

2. “Фиш бон”

Сұрақтарға жауапты балық қанқасын толықтыру арқылы береді.

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға себептері, төменгі қанаттарға сбептердің салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Презентация қорғайды.

1. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
2. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
3. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

3. «Достық» сөзіне класстер жасау.

Мысалы:


Д – дүниедегі
О – озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.


4. “Караоке” достық туралы әндерден үзінді орындау



Қорытынды. Ж.Баласағұнның «Құтты  білік» дастанынан   үзінді

Екі   түрлі  достықтың  бар  себебі,

Сол  үшін  жұрт  табысады,  сенеді,

Бір  достық  бар  тәңірді алған  араға,

Болмайды онда  қалтарыс  та ,  нала  да,

Тағы  бірі  тек  пайда үшін достасар,

Мұнда  адамдық  болмас  түбі  қоштасар.

Достассаңдар тәңірді алып ортаға,

Жүгін  бөліс, ашуланба , шаршама.

Ақжүректі туыс,  жолдас,  бауыр  тұт,

Соларға  сен , болмас  қайғы , ауырлық.

Дос , туыс сол  қуанышта  қуанар,

Қайғы  келсе, қасында  боп  уатар.

Сүйсін  десең көп  достарың  өзіңді,

Тұз,  нан ұсын, жарқын ұста   жүзіңді,

- дей келе, Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Нағыз дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал нағыз шын дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

«Жастық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес»- деп, Аристотель ғұламаның айтып кеткенін ойга ала жүрейік.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, көз қарастарыңыздыды, тілектеріңізді “Ой ағашына” жазып қалдыруға болады.

ҚАТЫСҚАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ, САУ САЛАМАТТА БОЛЫҢЫЗДАР!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!