Отаным – бақыт
ордасы.
Мақсаты:
1)Республикамыз туралы алған
білімдерін бекіту, туған өлке, атамекен туралы түсініктерін одан
әрі кеңейте түсу;
2)Сөзді байланыстырып сөйлеу
қабілетін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту;
3)Отанымызды, елімізді
қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Қазақ елі рәміздерінің
суреттері, қала суреттері. Плакатқа жазылған нақыл
сөздер.
Қанатты
сөздер: 1. Туған жер-алтын
бесік.
2.
«Отан!Отан!Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп
өтем» М.Мақатаев.
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі. Психологиялық дайындық.
Балалар шеңбер құрып, күн нұрына қол созып, алақандарын
жайып:
Қайырлы таң, қайырлы
күн!
Күніміз ашық
болсын!
Түніміз тыныш
болсын!
Халқымыз аман
болсын!
Елімізде тыныштық
болсын!
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме,
қонақтар!
Бүгінгі біздің сабағымыз
«Отаным – бақыт ордасы» деп аталады. Біз бүгін Отанымыз, туған
жерімізді тереңірек түсінетін боламыз.
1.Біз қай мемлекетте
тұрамыз?
2.Қазақстан Республикасының
рәміздерін кім атайды?
Айнымайды аспаннан біздің
тудың бояуы, оны халық қашан да биікке іліп
қояды.
Елтаңбасы
елімнің,
Неткен әйбат,
әдемі.
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада аспан
әлемі.
Әнұраным – жан
ұраным,
Айтар әнім – сөйлер
сөзім.
Туған жерім –
сағынарым.
Жүрсем егер дала
кезіп.
ҚР Әнұраны
орындалады.
3.Бас қаламыз қай
қала?
4.Елбасымыз
кім?
5.Тағы басқа қалаларды
білесіңдер ме?(Қала суреттерін көрсетіп,аттарын
атау).
Алтай,Жайық
арасы,
Жарты әлемдей
даласы,
Ол- біздің
Қазақстан.
Төлге толы
жайлауы,
Кенге толы
қойнауы,
Ол-біздің
Қазақстан.
Балалар,Отан дегеніміз
не?
Әлішер:
Отан – менің
ата-анам,
Отан – досым,
бауырым.
Отан – өлкем,
астанам,
Отан – туған
ауылым.
Өте дұрыс. Біздің Отанымыз –
Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар)
көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.
Назгүл:
Бал – бұл жанған гүл
шағында,
Біз – Отанның
ұланымыз.
Бақытты елдің
құшағында,
Білім алу
ұранымыз.
Нұрбек:
Дала гүлін
жинаған,
Жазып ерлік
дастанды.
Аталарым
сыйлаған,
Бізге ашық
аспанды.
Дарын:
Біз – Отанға
адалмыз,
Біз – Отанды
сүйеміз.
Тыныштығын
мәпелеп,
Азамат боп
өсеміз!
Сая:
Қуанышқа бөленіп әр
күніміз,
Бақыттымыз балалар,
барлығымыз.
Біз – Отанның балдырған
ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық –
ұранымыз!
«Біз – өмірдің гүліміз»
әні орындалады.
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау,
көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті.
Тәуелсіз Қазақстаным – елім
менің.
«Елім менің» әні хормен
орындалады.
Қорытынды.