400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстар біздің досымыз.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Оларға қамқор болуға,құстарды аялауға бейімдеу;

  2. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, табиғатын сүюге баулу;

  3. Аңдарды, құстарды қорғауға тәрбиелеу. Құстарды күте білуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, құс ұялары, нақыл сөздер, буклеттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құстар зиянды жәндіктер мен кенелерді кемірушілерді құртып егін мен орманды қорғайды. Елімізде жойылып бара жатқан аң құстарға арналған «Қызыл кітап» бар. Бұл кітапқа енген аң құстарды атуға, ұстауға тыйым салынған.

Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Өз ойларын айтады)

Құстар қандай топқа бөлінеді?

Үй құстары (тауық, үйрек, қаз, күркетауық)

Жабайы құстар (дуадақ, бүркіт, қырғауыл, тоқылдақ, т.б. құстардың түрлері бар)

Ой қозғау әдісі: (құстардың тіршілігі туралы айту)

Құстар күзде жылы жаққа ұшуға дайындалады. Қыстайтын құстарды ата (шымшық, суықторғай, алақарға, т.б.) Ұрпақ қамы ұя жасау, жұмыртқа салу, балапан шығару.

Балаларды топқа бөліп отырғызамыз.

Жұмбақ жасыру

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зырлайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Заң жоқ еш уақытта,

Оларды атуға,

Түсі де аппақ

Аты да аппақ.

Биікте ұшып жүреді,

Бұл қыран, оны кім біледі.

Елік, қоян бүреді

Қия таста ұясы.

Әр топ өз тобына берілген құстардың аттарын сипаттап береді.

Қарлығаш

Адамның досы.

Қарлығаш жыл құсы.

Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады.

Төсі ақ, құйрығы айыр.

Аққу

Достықтың, махаббаттың белгісі

Табиғаттың көркі

Құстың сұлуы, оны атуға болмайды.

Бүркіт

Құс белгілеп аң аулауға бүркітті алып шығады.

Бүркіт – қыран құс.

Оқушыларға құстар туралы, әр топқа тапсырмалар туралы тақпақтар айтқызамын.

І тапсырма:

І топ: Құстар туралы мақал – мәтелдер айту.

ІІ топ: Құстар туралы жұмбақ жасыру.

ІІІ топ: Құстар туралы кім көп біледі.

ІІ тапсырма:

«Балапанды құтқару» ойыны.

Әр топ балапанды құтқарып, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ тапсырма: Балалар, қандай құс «хат тасушы» атанған. Ақ көгершін бейбітшілік құсы. Ақ көгершін ұшып келем дегенше «Ақ көгершін» әнін орындайықшы.

Ақ көгершін ұшып келеді. Сендерге ормандағы құстар хат жазып жіберіпті. Хаттың ішіндегі таңғажайып әлем ертегілерінен суреттер беріп жіберіпті. Сол суреттерге қарап ертегіні мазмұндап беріңдер.

«Аққулар биі» биленеді.

ІV тапсырма: Құстар туралы мақал – мәтелдер жазылған қағаздарды араластырып тастаймын. Сол қағаздардың ішінен мақал – мәтелдердің дұрыстығын тауып, құрап шығады.

І топ. Шағала келмей жаз болмас.

ІІ топ. Құс жеткен жеріне қонады.

ІІІ топ. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

«Көктем келді» әні хормен орындалады.

Көрініс: «Түлкі мен қарға».

Қорытынды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі