400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Қыста талай қызық бар"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыста талай қызық бар.

Мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, табиғат көріністерін сипаттап , қыс қызықтарын тамашалауға , жылдың әр ерекшілігін құрметтеуге үйрету, ұйымшылдыққа, бір-бірін құрметтеуге, тыңдауға баулу, сөздік қорын молайту .

Көрнекілігі : ақ қоян, аққала, шырша, слайд.

Әдіс-тәсілі : әңгімелеу , сұрақ –жауап, ойын.

Ұйымдастыру.

Арайлап атқан таңға сәлем !

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген,

Апайларым сіздерге сәлем!

Психологияалық дайындық.

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне, жарысып .

Қалды артында қыр алап,

Іздерінен қар ұшып.

Оқушыларды үш топқа бөлу : « Ұлпа», « Шырша», « Аққала»

Мұғалім: Балалар бір-біріңе ақ тілектеріңді , көңіл күйлеріңді білдіріңдер. Ал ендеше шаттық шеңберіне тұра қойың.

(Балалар бір-біріңе ақ тілектеріңді «ұлпа қарды» беріп тұрып айтады.)

Дұрыс, ақылды , саналы азамат болайық.

- Енді тақтаға қараңдаршы, қандай көрініс көріп тұрық?(Қыс мезгілін)

- Иә, бұл қыс мезгілі.Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз қыс мезгіліне арналады.

- Қазір жылдың қай мезгілі? ( Қыс )

- Қыс мезгілінде қанша ай бар ? ( 3 ай)

- Қыстың қандай жағымсыз, жағымды жағы бар деп ойлайсыңдар?

Мұғалім : Өте дұрыс ! Балалар , сендер қыс мезгілінің жағымды , жағымсыз жағын ажырата біледі екенсіңдер. Ал енді қыс туралы қандай өлең білесіңдер?

(Балалар қыс туралы білетін өлеңдерін айтады.)

- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын,

1) Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

2) Көсеуді бесеуге тықтым

(Қолғап)

3)Тікен-тікен, тік пісте,

Қысы – жазы бір түсте

(Шырша)

4) Отқа жанбас, суға батпас.

( Мұз )

5) Өнері жоқ, қолы жоқ,

Сурет салуды біледі.

( Терезедегі қырау )

Мұғалім: Балалар маған қараңдар, шыршаның түбінде ақ қоян жатыр. Өзі тоңып қалғанға ұқсайды . Оны жылыту үшін қоян туралы өлең айтайық. (Балалар білетін өлеңдерін айтады.)

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян ,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Мұғалім: Қыста аңдарға қорек табудың қиын екенін білесіңдер.Сондықтан оны немен қоректендірсек екен?

Оқушылар: Сәбізбен.

Мұғалім : Дұрыс.

Мұғалім: Әр сәбіздің астына тапсырмалар жазылған , соны дұрыс шешкен оқушы қоянға көмектесе алады . (Әр сұраққа үш топ кезектесе жауап береді . Әр дұрыс жауап қар ұшқыны беріледі.)

1)Қыста ойнайтын ойындарды ата. (Аққала тұрғызу, шанамен сырғанау, шаңғы, коньки тебу, хоккей ойнау, т.б.)

2)Сені қыс несімен қызықтырады? (Аппақ қарымен, түрлі ойындарымен, т.б.)

3) Жануарлар неліктен қысқы ұйқыға кетеді?(Жануарлар жаз бойы ағзасына қажетті май қорын жинайды да суық түскенде, яғни көп уақыт бойы аш жүруге мәжбүр болғанда, індерінің ең түбіне кіріп ұйқыға кетеді.)

4)Қыста қандай құстар қыстап қалады? (Дәнмен азықтанатын құстар қыстап қалады.Олар: торғай, кептер, қарға, бөдене, ала қарға, қараторғай,сауысқан.)

5)Қыс мезгілінде болатын көріністі суреттеп бер. (Айнала аппақ қар,үскірік боран,аяз, сықырлаған қар бейнесі )

6)Қыста қандай құстар ұшып кетеді?(Жәндіктермен қоректенетін құстар ұшып кетеді.)

Мұғалім: Сендер қыста қандай ойындар ойнайтын едіңдер?

Ойын: «Қар атыспақ»

Мұғалім: Үш топ бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ қояды.

1-топ. Қызыл алма жинаймын,

Анама ...(әкеп сыйлаймын)

2-топ.Жаз жайлауға барайық,

Шырқап ... ( әнге салайық.)



3-топ.Арба сықырлап жүрді,

Ит арсылдап ... (үрді)

1-топ.Балағымды түремін,

Суды ... (кешіп жүремін)

2-топ.Мен мектепке барамын,

Кілең ... (бестік) аламын.

3-топ.Жеймін деп көп қауынды,

Ішім ... (қатты ауырды)

Мұғалім: Енді қыста ойнайтын қызықты ойынның бір түрі «Аққала тұрғызу» ойынын ойнайық (Үш топқа да аққаланың дене бөліктері беріледі. Есепті дұрыс шешсе аққаланның сәтті шыққаны.)

-Алдымен аққаланы қалай тұрғызу керек екенін үйреніп алайық?(слайд)

І- топ. 1) 23*2=46 ІІ- топ. 1)16*4=64 ІІІ- топ. 1) 14*3=42

2)150 : 3=50 2)360 : 4=90 2) 540 : 6=90

3)(40+8)*3=144 3)(40+6)*3=138 3) (70+30)*5=500

4)(20+60)*2=160 4)(30+6)*4=144 4) (18-12)*90=540

Мұғалім:Балалар тақтаға қараңдаршы не пайда болды?(Аққала)

-Жарайды ендеше Назгүлдің аққала туралы тақпағы бар екен,назар салайық.

Назгүл: Аула сырты бақшада,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Ән саламыз шаттанып.

Ән: «Қыс»

Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі