Тәрбие сағат тақырыбы: 1-наурыз алғыс айту күні.
1 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі : Досмайлова Жанар
Мақсаты:
1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Жүргізуші: - Құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар ! Сіздер 1 «А» сынып балаларымен өткізілетін 1- Наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Ұстаз: -Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек. 1-наурыз алғыс айту күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. Алғыс айту күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке. Сіздерге ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:- Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.
Санжар:
Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат
берген,
Аллахыма
айтамын мен шексіз
алғыс!
Щерхан:
Мың алғыс және
мың алғыс,
Барша Қазақ
еліне!
Мың алғыс және
мың алғыс,
Баурап алар жеріне!
Ұлдар биі: ”Туған ел” әні https://www.youtube.com/watch?v=CYIK3Rvwg1o
Сымбат: Атам-ақыл бағбаным,
Ағам- қамқор, асқарым.
Әжем-асыл ардағым,
Інім- мөлдір аспаным.
Әкем- өмір тірегім,
Анам- күнім, жүрегім.
Әпкем- сырласым,
Қарындасым-қанатым.
Мардан: Немере ыстық екен
баласынан,
Аташым, артықсың сен бар асылдан.
Алғысты бір өзіңе жаудырамын,
Көзіңнің санадың артық
қарасынан!
Хор: “Менің атам” әні https://www.youtube.com/watch?v=N8YJCR0bytc
Айкөркем:
Күндіз-түні еркелеткен
күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген әжетай,
1000 алғысын айтады күнің
кеп!
Хор: “Әже, әжетайым” әні https://www.youtube.com/watch?v=4RzSrCOelPg
Мансұр: Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!
Ән: Улашбой Дархан және әкесі Рустамбекпентің орындауында әнін “Мың алғыс әке” тамашалаңыздар.
Әділхан: Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!
Ән: Боранбай Әминаның орындауында “Анашым” әні. https://www.youtube.com/watch?v=z5dOaqT4GNQ
Аяна:
Рахмет,
Әке
өзіңе,
Өсірдің баптап, жетелеп!
Рахмет Ана
өзіңе,
Жүрмін сізге еркелеп!
Мың алғыс айтам
сіздерге,
Адамсыздар ең керек!
Әмина:
Анашым, әкетайым жұмақ бағым,
Аялап - әлпештедің, жылатпадың.
Сіздерге разы болсын Жаратқаным,
Жадымда мейіріңді таратқаның.
Хор: “Ата ананы тыңдаймыз” әні https://www.youtube.com/watch?v=8vKx9dyVAo8
Дархан: Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған
жетпес!
Хор: “Ұстаздарға қошемет” әні https://www.youtube.com/watch?v=okqARkcQMSg
Дінмұхаммед:
Дос дегенің- бауырың, ол
сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры
жырлансын!
Аяулым: Мың алғыс айтам, достарым,
Ашық болсын аспаның!
Алғыс күні айтатын,
Таусылмасын жақсы әнің!
Ұстаз:
Шəкірттерім, болашағым, арманым,
Қанат қағып биіктерге самғағың.
Сендерсіңдер болашағы елімнің,
Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.
Жерге алғыс айтамын - бар тіршілігі үшін.
Күнге алғыс айтамын - жылулығы мен жарығы үшін.
Ай мен жұлдызға алғыс айтамын - қараңғы түнде жарығы үшін.
Суға алғыс айтамын - тіршілік көзі болғаны үшін.
Атама алғыс айтамын - ақыл бергені үшін.
Әжеме алғыс айтамын - дәмді тағамдары үшін.
Әкеме алғыс айтамын - қорған болғаны үшін.
Әкеме алғыс айтамын - бізге қамқор болғаны үшін.
Анама алғыс айтамын - өмір сыйлағаныүшін.
Анама алғыс айтамын - ыстық алақаны үшін.
Достарыма алғыс айтамын - қолдағандары үшін.
Ұстазға алғыс айтамын - білім мен тәрбие бергені үшін.
Ағама алғыс айтамын - қорған болғаны үшін.
Мың алғыс! Мың алғыс! Мың алғыс!
Ұстаз: Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.
Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.
Жүргізуші: Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.-
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат тақырыбы: 1-наурыз алғыс айту күні

шағым қалдыра аласыз