Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Тәрбие сағат міндеті: Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 07.03.2018 ж.

Сыныбы: 8 «А»


Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым!


Тәрбие сағат мақсаты: 8-наурызХалықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.


Тәрбие сағат міндеті: Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.


Тәрбие сағаттың әдіс-тәсілдері: Рефлексия


Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.


Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану


Тәрбие сағат барысы:"Анашым" деген жазумен оқушылар ортаға шығады.

8 Б оқушыларының орындауында "Ана - Әке" әнімен Кидирбекова Азизамен Жанболат Ақбота.


Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Иманбердиева Бақытжан Алиарыстанқызына берсек.


Ұйымдастыру кезеңі.


  1. 1- жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар – Ақ Еділ, Жайықсыздар-

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар

Маздататын жүректе от лаулататын,

Әр үйдің күні десе лайықсыздар.

Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


2- жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Аяулы менің анашым» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.


1-жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары, - дей келе келесі кезекті оқушыларымыздың

өлеңдеріне берейік.


2-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.


II. Негізгі бөлім.

1-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуге,-дей келе 8 сынып оқушыларының «Күй шашу» биіне назар аударсақ.


Жігіттер осы сендердің аналарың қандай, менің анам ең жақсы адам" дейді. Сонда балалар шетінен өз аналарын мақтай жөнеледі.Осы кезде

шығып: "Тоқтаңдар, достар,дауласпаңдар. Менің ойымша:

Ана – жұмақ, біз – шуақ, саябағы,Ана – шырақ, біз -сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, біз– қайық тербетілген,Ана – бұлақ, біз– құрақ жағадағы.

Ендеше сол аналарға алғыс білдіріп,бас иейік" -дейді.


1-жүргізуші:Көңілін Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Алмат Балжан мен Пазылбекова Дильназ орындауындағы « Шіркін -ай» атты әнін қабыл алыңыздар.


2- жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған.Ана деп біздің халық текке айтпаған- деп кезекті " Соқыр ана " атты көрініске береміз.


1-жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың, - Интербелсенді тақтадан "Ана" туралы бейнебаянға назар аударайық.


2-жүргізуші:Әркімнің де өмірде аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерлерін жолдайтын баласы бар, - деп 8сынып серілерінің әзілдерін қабыл алыңыздар!


2- жүргізуші:Сенен өскен балалар, 

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

Ал ендігі "Ана бейнесі" тақырыбындағы суреттерге кезек берейік.


1-жүргізуші:Үстем болсын мерейің, - деп ортаға оқушылардың аналарын шақырайық!


2- жүргізуші: Қатысушы аналар даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік. Ойын шарты: біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Ең көп тапқан аналарымызға сыйлығымыз бар.

  1. Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

  1. Ананың алақаны- балаға айдынды қоныс.

  2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.

  3. Атыңа ауыр жүк артпа,

Анаға ауыр сөз айтпа.

  1. Анасын сыйламағанды адал деме,

  2. Ұстазың сыйламағанды адам деме.

  3. Анаңа рақым етпесең,

Балаңнан рақым күтпе.

  1. Анаға баланың алалығы жоқ.

  2. Ердің анасы- елдің анасы.

  3. Ананың ізін қыз басар,

Әкенің ізін ұл басар.

11.Анасын сүйгеннің баласын сүй.

12. Анасына қарап, қызын ал.


III. Қорытындылау.

1-жүргізуші:Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерін анаға бағыштайды. Ортаға 8 сынып оқушыларын шақырайық. Хор "Ана туралы жыр".


Жүргізушілер: Дендеріңізге саулық, бала - шағаларыңызға бақыт тілейміз. Сау-саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2024
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі