Тәуелсіздік –
тірегім.
Мақсаты: оқушыларды Отан сүйгіштікке,
адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге, өз елі мен жерін
мақтаныш етуге, елінің рәміздерін қастерлеуге, қадірлеуге, халқының
тегін, өткен тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы
слайдтар.
1 – слайд. Өткен тарихқа
шолу. Қазақстан Республикасының
картасы.
Әлішер:Қазақ елі аңсаған
тәуелсіздігіне 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол
жеткізді.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар,
тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2 – слайд. Президенттің ант
беруі.
Назгүл:
Келбетіңнен ізгілік нұр
көрінген,
Лебізіңнен ел арманы
өрілген.
Сенің арқаң – Қазақстан
көркейіп,
Достық әні шарықтайды
төрімнен.
3 – слайд. Президенттің
туған жері «Үшқоңыр» табиғаты, Ақ Орда
көрсетіледі.
«Елім менің» әні
орындалады.
Фарида: Тәуелсіздік алғаннан кейін әр
мемлекеттің өзіндік ерекше белгілері болады емес
пе?
Әлішер:Біздің тәуелсіз еліміз
елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен
айбатты
4 – слайд. Ел рәміздерін,
авторларын көрсету.
Дарын:
Әні сөзбен
толығып,
Маздар бойда мол
үміт.
Намыс, жігер
жұптасқан,
Ол –
әнұран,
Зор –
рух!
Данияр:
Оттай жанып
жанарым
Одан қуат
аламын
Әнұраны
елімнің
Үні, тілі
халқымның!
Әділет:
Бейне шулы нұрлы
бақ,
Баурар жанды сырлы
ырғақ.
Әнұранды мен
ылғи
Жүрем іштей
ыңылдап.
Фарида:Бегасыл , сен мемлекеттік
тудың авторын білесің бе?
Әлішер:Әрине,білемін Шәкен Оңласынұлы
Ниязбеков.
Айгерім:
Зеңгір аспан
көгілдір,
Алтын күні
төрінде.
Тамылжытып төгіп
нұр,
Шаттық сыйлар
көңілге.
Әділбек:
Көк аспандай
көгілдір,
Қазақстан
байрағы.
Нұрын күндей төгіп
тұр,
Жылдарымыз
жайдары.
Сая:
Көк байрақтың
бетінде,
Қыран бүркіт
қанатты.
Сол қырандай
еркіндеп,
Бала өседі
талапты.
Мұғалім:
«Таңбасыз ел
болмайды,
Найзасыз ер болмайды», - дейді
қазақ халқы. Балалар, елтаңбамыздың авторларын білеміз
бе?
Фарида:Әрине
білеміз.
Әлішер:Шота Аман
Уәлиханов.
Нұрқанат:
Алтын қанат
көмкерген,
Шаңырақ бар, уық
бар.
Әсем бейне сен
көрген,
Жай бейне емес, ұғып
ал!
Бауыржан:
Сүйсіндірген
өзіңді,
Түсіне біл
таңбаны.
Аңыздағы ұшқыр,
төзімді,
Пырақ – халық
арманы.
Қырымбек:
Көгілдір түс аясы
–
Бейбіт дала
елесі.
Шаңырақ – жұрт
панасы,
Уықтар – күн
сәулесі.
5 – слайд. Конституция
кітабын, «Білім», «Тіл», «Бала құқығы» заңдарын
көрсету.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының
тұңғыш конституциясы 1993 жылы қабылданды. Ал, 1995 жылдың 30
тамызында жаңа конституция қабылданды. Ата заңымыз қайта қаралып,
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аружан:
Тәуелсіз, еркін ел
бүгін,
Талай жыл күткен теңдігін
–
Ата заңым
менің!
Санама құйған таң
нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым
–
Ата заңым
менің!
Аружан:
Ортақ мекен – жер
шары,
Төбемізде бір
аспан.
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
6 – слайд. Төл теңгеміздің
шыққанын көрсету.
Мұғалім: Еліміздің құндылықтарының бірі
– ұлттық валютамыз – теңге. Ол 1993 жылдың 15 қарашасында
бекітілді. 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды. Қазақстан атом
қаруынан бас тартып, басқа елдерге үлгі
көрсетті.
7 – слайд. Семей ядролық полигонын
көрсету.
8 – слайд. Тәуелсіздік
монументін көрсету.
Мұғалім: Балалар, сендер біздің әсем
қаламыз Алматының орталық алаңында қандай ескерткіш орнатылғанын
білесіңдер ме?
Әлішер: Әрине,білеміз. Ол Тәуелсіздік
монументі.
Фарида: Бізге тәуелсіздік сыйлаған, өз
өмірін құрбан еткен жастардың құрметіне орнатылған «Тәуелсіздік»
ескерткішін барша қазақстандық біледі.
Мұғалім: Тәуелсіздік монументі 1996
жылы желтоқсанда орнатылды.
9 – слайд. Астана қаласы
көрсетілді.
Мұғалім: 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан
астанасы Алатаудан Сарыарқаға қоныс аударып, тоғыз жол торабының
тең ортасынан орын алған Астана қаласына
ауысты.
Жансая:
Асқақтай бер,
Астанам,
Берекеге
бастаған.
Болашақтың
есігін,
Өз қолыңмен аш
маған!
«Астана» әні
орындалады.
10 – слайд.
Н.Ә.Назарбаевтың стратегия қабылдауы.
Қорыту. (Уықтарды
көтереді).
Ботагөз: Туған жерім – түп қазығым
айбыным.
Жалғас: Туған тілім – сарқылмайтын
байлығым.
Ерқанат: Туған дәстүр, салт- санасы –
тірегім,
Қадамыма шуақ шашар
үнемі.
Ералы:Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Нұрбек: Ал екінші бақытым – Тілім
менің
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Әлішер:
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Кім мықты? – десе
біреу,
Отан дер
ем!
Фарида: (Шаңырақты
көтереді).
Тәуелсіз –
Қазақстан,
Шаңырағыңды биік
ұстадың.
Көтерді халкың уақыттың қатал
қыспағын,
Көшіңді бастап бақытты
болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз
Қазақстаным!
«Атамекен» әні хормен
орындалады.
Қорытынды.