«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз»
(8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған кеш)
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
2 – жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.
2 – жүргізуші: Наурыз келді,
Анажан серпіліңіз.
Шуақтанып,
Шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер – Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 – жүргізуші:
Халық батыр да өткен, бағлан да өткен,
Ел едік ата текті мақтан еткен.
Жеті атасын білген ер азамат деп,
Бабалар өсиет қып айтып кеткен,
Бұл пәниден жақсы да өткен, жаман да өткен,
Жиын той болмап па еді бізде көптен.
Қол соғып ел – жұртым демеп отыр,
Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.
1 – жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
Ән: «___________»
Құттықтау сөзін мектеп басшысы береміз.
2 – жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, - деп, «_________» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «___________»
1 – жүргізуші: Бойына бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрден құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!
Би: «___________»
2 – жүргізуші:
Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.
Ана – перзент тәрбиелеуші,
Ана – қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана – ғарышкер,
Ана – зейнеткер.
Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне «__________» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «__________»
1 – жүргізуші: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұсынам.
2 – жүргізуші: Домбырам мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардың жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - дегендей
______________ «__________»
Күй: «__________»
1 – жүргізуші: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.
Тәрбиелі ұл – қыздарды өсірген,
Ұлы Ұстаз – ана мына отырған өзіңіз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар – намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.
Оқушы: ___________________________
М.Мақатаев: «Шеше, сен бақыттысың»
Шеше!
Сен бақыттысың, жыламағын,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріннен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын,
Таусылып өз – өзіңмен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыңа.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп ылғи жаздым сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді.
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді...
1 – жүргізуші: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды,
Аяулы Ұстаз – ана, ісіңнен бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын,
Еске алғандай таң сайын әнұранды.
Күй: «_____________»
2 – жүргізуші: Ана – адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен, - деп кезекті әнге береміз.
Ән: «___________»
1 – жүргізуші: Көз керек – ананың өнерін, парасатын көруге,
Көз керек – арудың, әйелдің, ананың
сұлулығын көруге.
Көз керек – ұйқысыз түндер мен уайымды
күндер салған,
Әжімдердің сырын ұғуға,
Мейірім мен жылылыққа толы ана
алақанындағы,
Ықыласты қолымен ұстап сезінуге,
Көз керек – бесік жыры мен ана әлдиінің
құдіретін
Толық біліп ұғынуға!
2 - жүргізуші: Сөз керек – ару, әйел, ананың сұлулығын айтып
жеткізуге,
Сөз керек – дүниенің алтын діңгегі
Ана екенін әйгілеуге.
Сөз керек – анаға деген махаббат пен құрметті
Тіл ұшына үйіруге,
Сөз керек – жылына бір рет болса да
Ана мен әйелдің көкіректі кернеген
Сезім мен көңіл – күйін білдіруге.
Ән: «________________»
1 – жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, - деп кезекті биге береміз.
2 – жүргізуші: Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүниежүзінің ойшылдары 8 наурызды – халықаралық әйелдер күні деп белгіледі. Жақсы, жақсы тілек айтамыз. Күн сайын айтсақ та, қуантсақ та жарасар еді.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің қүннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ән: «________________»
1 – жүргізуші: Жасынан сүйіп өскен балақаның,
Бір ғана сенім артар балапаның.
Бір сәтке ұмытамын қиындықты,
Сипаса маңдайымнан алақаның.
2 – жүргізуші: Өмірге Ана – бақыт, Ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер, талай дана, талай ақын.
2 – жүргізуші: Арулар – асыл жандар, сағыныштар,
Өкініштер, құшақтар, жалыныштар,
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып жанына ұстар.
Арулар – аяулылыр, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір – бірімен жалғап тұрар.
1 – жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «________________» әнімен аяқтаймыз.
Ән: «_________________»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз