400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне тәжірибе алмасу негізінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жеті жұрттың тілін біл» танымдық ойын

Армысыздар құрметті оқушылар!. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді - қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ халқы “ақыл – жастан, асыл - тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, “Тіл жүйрікте кім жүйрік? ” сайыс сабағына қош келдіңіздер!Қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде білу білімділіктің шыңы.
Мұғалім: Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі?
Кім жүйрік ойға сол алда.
I - топ «Достық» тобы.
Ұраны: Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық,
Достықтың жеңетіні дәл, анық.
II – топ «Жұлдыз» тобы.
Ұраны: Бірігіп жарыса топта,
Жеңімпаз атанымыз бұл сайыста.
2. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру:
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді,
жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек;
топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.
Сайыстың тапсырмалары:
1кезең:
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр топқа бір әріп беріледі:
«Достық» тобына «А» әрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» әрпі.
Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай.
«Достық» тобына:
1. Сен кімсің?
2. Бірінші септік?
3. Ең жақын адам?
4. Еліміздің бас қаласы?
5. Әкеңнің әкесі?
6. Сүттен жасалған сусын?
7. Ең әдемі құс?
8. Саған ертегі айтатын?
9. Бал жинайтын жәндік?
10. Ең тәтті жеміс?
«Жұлдыз» тобына «ж»:
1. Сен қалай оқисың?
2. Қазақтың киелі саны?
3. Қазақ тілінде неше септік?
4. Әжең қайда тұрады?
5. Гүл қайда өседі?
6. 1қаңтар қандай мейрам?
7. Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы?
8. Диванда отырып, әке не оқып отыр?
9. Сиыр, қой, түйе нелер?
10. Ең ыстық мезгіл?





2 кезең « Мы любим русский язык»

Вопросы группы «Дружба»:

1.Что такое имя существительное?

2.Что такое глагол?

3.Найди согласованное определение:

А)синий кит

В)учиться хорошо

С) действовать быстро

4.что такое имя прилагательное?

5. Назови разряды местоимении

Вопросы группы «Звезда»

1..Какие бывает имя числительное?

2.Что такое наречие?

3.Найдите глагол:

А) нарисовать

В)песенка

С)жук

4.Что такое причастие?

5. Какие суффиксы имеют действительные причастия?

3 кезең: «Шешендік өнер».
Берілген мақалдың жалғасын табу:
1. Отансыз адам -.... (ормансыз бұлбұл).
2. Тіл – тас жарады,.....(тас жармаса – бас жарады).
3. Отан -....(отбасынан басталады).
4. Мектеп - кеме,.....(білім - теңіз).
5. Күш - білімде,.....(білім - кітапта).
6. Өнер алды -....(қызыл тіл).
7. Ақыл азбайды,....(білім тозбайды).
8. Жүз теңгең болғанша,....(жүз досың болсын).
9. Кітап -....(алтын қазына).
10. Піл көтермегенді,.....(тіл көтереді).
4 кезең: «Шешуін тап».
Жұмбақ шешу сайысы, жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін орысша,ағылшынша аудармасын айту:
1. Қақпақты тарс тарс жабады,
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы. (жел – ветер- )
2. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап – книга-book)





3. Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга-book)
4. Қимылдаса көп шебер,
Қыруар қыруар іс бітер.(қол – рука-)
5. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта- )
6. Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі әні көп.
Құлағын он бұра,
Ол не? (домбыра – домбра- )
7. Өзі ащы,
Бірақ дәмді етер асты. (тұз – соль- )
8. Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. (қазан – чугун- )
9. Жылт жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су – вода-water)
10. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз – мороз-)
5 кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу».
Тез, дұрыс айту.
1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ.
Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ.
2.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді.
Ауылға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
3. Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
4. Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.
6 кезең: «Капитандар сайысы», берілген әріптерден сөздер құрастыру.
Сиқырлы жетілік.
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Қазақ тіліне тән 9 - дыбыс бар
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыстар екіге бөлінеді (Дауысты, дауыссыз)
3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (жуан және жіңішке)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді (Ұяң, үнді, қатаң)
5. Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде 42 әріп бар.
6. Әдепті бала дегеніміз кім?
Үлкендердің сөзіне араласпайды, автобуста орын береді.
7. Көптік жалғауларды ата?
Лар, лер, тар, тер, дар, дер.
8.Орыс
тілінде неше әріп бар? (33)

9.Қазақшасы гласные и согласные (дауысты және дауыссыз)

10.Подлежащее и сказуемое какие члены предложения? (Главные члены предложения)












5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Міне, біздің бүгінгі ««Тіл жүйрікте кім жүйрік?»» атты білім сайысымыз да өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде, әрине, жеңіс болады, жеңіліс болады, онда, бүгінгі сайысымыздың да жеңімпаз тобын анықтау қажет. Әділқазылар алқасы қоржындағы әр топтың жинаған ұпай санын шығарғанша кезекті әнге берейік.
«Жаса қазақ тілі!» әні
Осымен ойынымыз аяқталды!
Әділқазылар алқасына сөз береміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қаңтар
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі