Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптар:

6

Уақыты:


Ұжымдық шығармашылық іс тақырыбы:

«Шын дос болу - бақыт»

Құзіреттілікке жеткізетін

сабақтың мақсат – міндеттері:


а) ақпараттық:


ә) коммуникативтік:


б) проблеманы шешу:


А) « Достық», « өзара сыйластық» ұғымдырының адамгершілік құндылықтары ретінде мәнін ашу, достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылыр арасында достық сезімді маңызы туралы ақпараттарды жүйелеп жаңа ақпараттар беру:

Ә) Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту,


Б) рекет нәтижесінде, сұрақ – жауап арқылы достарымен жақсы қарым – қатынаста болуға баулу:;

татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа үйрету, дос – жарандарын әрдайым сыйлай білуге тәрбиелеу: ;

Іс - шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Оқушылардың іс – әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар проблемалық ойын, тірек сигналдар арқылы оқыту, герман технологиялық орталығы жобасы


Іс – шараның түрі:

Сынып сағаты

Іс – шараның әдістері:

Сұрақ – жауап, пікірталас

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, қазақ тілі, әдеп

Оқыту құралдар:

Интерактивтік тақта, слайд, тірек сызба

Іс – шараның барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

І Ұйымдастыру бөлімі









Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін мен сіздермен «Шын дос болу- бақыт» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмын. Іс- шараның мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отрып оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру. Барлығыңыз да бүгінгі сабаққа қызығушылық танытып қатысады деген үміттемін.

1-бөлім. Мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр.

1.Достық дегеніміз не?

2.Достық пен жолдастықтың айырмашылығы неде?

3.Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Балалар достықтың екі түрі болады:

1-і адал дос,2-і айнмалы дос. Адал дос дегеніміз адал досқа үнемі ілтипатпен қарап одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс. Ал айнымалы досқа адам өзінің бойындағы құпиясын, өзінің бойындағы кемшіліктерін айта бермегені дұрыс.

Келесі балалар, мен сіздерге ойын ұйымдастырмақпын. Бұл ойын «Достық дегенді қалай түсінесің?» деп аталады. Суреттер арқылы жауап берулерің сұралады. Әрбірің салған суреттерің бойынша түсіндіресіңдер.

Енді балалар, тақтадағы кестеге назар аударып көрелік:

Д – дүниедегі

О – озық ойлы

С – сабырлы

Т – тұрақты

Ы – ыстық

Қ – қарым – қатынас.

Балалар тақтада достық туралы өлең шумақтары берілген. Кім өз бетімен тұрып оқығысы келеді?

енді тақтаға назар аударып көрелік. Берілген кестені барлығымыз бірге талдайық.

-Дос дегеніміз қандай адам?

Балалар, мен сіздерге мынадай сауалнама қойғым келіп отыр:

1)Досың бар ма? Ол қандай?

2)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

3)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейміз?

4)Достық жасқа байланысты ма?

5)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

6)Досыңды неге теңер едің?

7)Дос деген кім?

8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

9)Сіз үшін ең маңызды мәселе?

10)Менің достарым көп болу үшін не істеу керек?

Балалар, мен сіздерге «Жалғастыр ойыны» деген ойын ұйымдастырмақпын. Қанеки назар аударсақ:

А)Әрбір адамға дос керек.Өйткені...

Ә)Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

Б)сыйластық бар жерде...

Ендігі кезекте «Достық» деп аталатын әңгімеге назар аударуларыңыз сұралады.


Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың - өрісі қысқа болады – деп жауап берген екен.

Енді сіздер достарыңызды қалай сыйлайсыздар? Сіздерге алыс сапардан хат қоржыны келіп қалыпты. Қанеки барлығымыз бірігіп жауап берейік.


1 – ші хат: зер салып тыңдайық

А)Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата - анамды әрі - бері күтіп келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.


2 – хат:

Ә)Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.


3 – ші хат:

Б)Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.



Балалар, енді дос туралы мақал – мәтелднрге назар аударайық. Кім тақтада берілген мақал – мәтелдерді өз бетімен оқығысы келеді?












Енді балалар мен сіздерге сұрақтар қоямын. Өз ойымызды ортаға салып жауап беріп көрсек....


А)Біздің сынып қандай?

Б)Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?


Сәлеметсіз бе?!


Балалар бір – бірін көргендеріне қуанышты екендерін білдіріп, жаңа материалды қабылдауға дайындалады.


1 – оқушы:Достық дегеніміз – екі адам арасындағы шынайы қарым – қатынас.


2 – оқушы:Дос дегеніміз – бір – бірімен сыйластық қатынасындағы адамдар.



3 – оқушы:Нағыз дос қиын жағдайда қол ұшын көрсеткенде, далада тастамаған жағдайда сыналады.




Оқушылар:


Шеңбер, бәйтерек, жүрек т.б. түрлерінде суреттерін көрсетеді.





4 – оқушы:

Достық қымбат өмірде,

Сақтай білсең көңілге.

Терең оймен түсініп,

Сене білсең өмірге.



5 – оқушы:

Қиындықты сенімен бір көрісіп,

Қажымайтын, тайсалмайтын жігері,

Дос дегенім – жарты нанды бөлісіп,

Адалдықтан жаралады жүрегі.


1 – оқушы:Сыр бөлісетін адам.

2 – оқушы:Мені өте жақсы түсінетін адам.

3 – оқушы:Көмекке әрдайым дайын адам.

4 – оқушы:Досым бар.Ол әрдайым маған қол ұшын беріп көмектесіп жүреді.

5 – оқушы:Достық дегеніміз ең шынайы қарым – қатынас.

6 – оқушы:Досыма сол кезде – ақ қол ұшымды беріп көмектесер едім.

7 – оқушы:Жоқ, байланысты емес.

8 – оқушы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады.

9 – оқушы:Досымды күнге теңер едім.

10 – оқушы:Екі адам арасындағы сенімді қарым- қатынас.

11 – оқушы:болады.

12 – оқушы:Досымды сатпау.

13 – оқушы:Көп адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуым керек.




14 – оқушы:Өйткені қиын кезде саған демеу болады.

15 – оқушы:Достарымен жақсы қарым - қатынаста болсын!

16 – оқушы.Ән бар.





17 – оқушы:

Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз



сыныбымдағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.







1 – оқушы: Бұл дұрыс емес. Ата –ананы қалай да ескерту керек. Өйткені ата – ана мазасызданып қатты сырқаттанып аурып қалу мүмкін.




2 – оқушы: Досының ата –анасына ескерт. Өзің арақ, темекі туралы жаман әдеттерден аулақ болуға арналған фильмдер көрсет.





3 – оқушы:Досым өте дұрыс жасадың. Анаңа досыңның сырқат екенін жайлап ескерт және ақша алғаныңды айтып өт.



4 – оқушы:Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар. Білімсізбен дос болсаң, топ ішінде бетің қайтар.

5 – оқушы:Дұшпан біреу болса да көптік етер, досың мың болса да азық етер.

6 – оқушы:Дос адам артық сұрамайды.

«Махмұт Қашқари»

Дос достың кемшілігін кешіре береді.

«Жүсіп Баласағұн»

Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

«Абай Құнанбаев»

7 – оқушы:Екі ердің достығы асулардан асырар, екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

«Мұзафар Әлімбаев»

Қоссыз қазақ болса да, доссыз қазақ болмаған.

«Жұбан Молдағалиев»

8 – оқушы:

Біздің сынып тату, ұйымшыл, бір- бірілерімізге түсінбеген жерлерімізді түсіндіреміз.

9 – оқушы:

Біздің сыныпта сыйластық, достық қатынас орнаған.

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше.

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасың да дос.

Таршылықта қайырылған дос та өзгеше.

«Абай»


Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым – қатынас орнайды. Ойлау қабілеттерінің шеңбері кеңейе түседі.











Берілген сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалып, осының негізінде олар адамгершілік құндылықтардың мәнін ұғына түседі.










Оқушыларға ұйымдастырылған «Достық» ойыны барысында олардың шығармашылық қабілеттері дамып, ұшқырлыққа үйренеді.











Оқушыларға қойылған сауалнама сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілеттері шыңдалады. Достық туралы түсініктерінің аумағы кеңіп, өз жанындағы достарына деген ынта – ықыластары артып, сыйластық, адалдық сынды адами құндылықтары қалыптасады.






Оқушылар «Жалғастыр ойынын» ойнау арқылы достарының қаншалықты керектігін ұғып, достықтарын қадірлей білуге ұмтылады.








Оқушылардың назарына ұсынылған «Достық» әңгімесі барысында шынайы достықтың мағынасын тереңінен түсініп, адамдар арасында достықтың екі түрі болатындығын біліп, амал достықтан алшақ болып, адал достыққа ұмтылуы керектіктерін ұғынады.








Берілген хаттарды тыңдай отырып, хаттар бойынша өз ойларын көпшілік арасында еркін жеткізе алу қабілеттері қалыптасады. Оқушылар жауапкершілікке үйреніп, достықтықтың мәнін терең түсінеді.







Оқушыларға бүгінгі тақырыптың арқауы бойынша ұсынылған достық турасындағы мақал – мәтелдерді оқу арқылы астарлы мән – мағынасын кеңінен ұғып, ақын – жазушылардың қанатты сөздерінен ой түйеді.






Оқушылар берілген сұрақтар арқылы өз ойларын ортаға сала отырып сыныптағы достарына деген сыйластық және достық қарым – қатынастары орнайды.

Қорытынды

Дос емес достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе,

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бірін – бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылаймын. Достықтарыңыз берік болсын! Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!


Оқушылыр мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдап, өздеріне қажетті ақпарат алып, ой түйді, кең түсінік алды.







Сау болыңыз!



Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша алған білімдерін қорытындылайды, көптеген жаңа мәліметтер алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!