Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы қоңырау кешіне арналған сценарии.Оқушылардың мектеп бітіру кешіне мерекелік концерт. 1-11 сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сыңғырла соңғы қоңырау» 2021

1-жүргізуші

Армысыздар ,құрметті қонақтар,қымбатты ұстаздар, ардақты ата-аналар мен мектеп оқушылары!

Бүгінгі «Сыңғырла соңғы қоңырау атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Биылғы жыл еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30жыл.

Сондай –ақ бүгінгі күн де ерекше күн. Сан мыңдаған жас түлек балалық шақпен қоштасып ,үлкен өмір жолына қадам басқалы тұр.

Жүргізуші: Әсел

Мектебіміздегі бүгінгі мереке он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап,енді мектебімізбен қоштасып жаңа өмірге жолдама алғалы тұрған түлектерге арналады.

Жас жүректің өмірлік құштары- гүл,

Бағбан –ұстаз баулыған құстары- бұл

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан ,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр



(музыка әуенімен 11-сынып келеді)

Үздік білімімен дараланған 25 шәкіртін білім ұясынан түлеткелі тұрған 11 сыныпты және сынып жетекші Қыстаубай Гүлзия Төлегенқызымен бірге қарсы алайық.

(музыка әуенімен 11-сынып келеді)







Әнұраным жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады



Жүргізуші: Әсел

Қымбатты бітіруші түлектер! Мектеп қабырғасында өткізген он бір жыл ішінде сен қоңырау үнін қаншама рет естідің. Оны алғаш рет қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің. Сені ол әрбір білім сабағына шақырады. Асыр салып ойнайтын ,достарыңмен сырласатын үзіліске де соғылады. Жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып, алтын жапырақты сары күздің білім күнінде қайтадан сыңғырлап мектебіңе шақырады.

Ал бүгінгі қоңырау үні мүлдем ерекше.Ол алтын ұя мектебіңнің саған арнап соғатын ең соңғы қоңырауы. Ол жан дүниеңді дір еткізер әсем саз. Балалық шақтан өмірдің келесі бір белесіне жастық пен арман, ізденіс белесіне асыратын қоңырау.



Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шын жүректен арналсын тілегіңіз-деп алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған түлектерге арналған алғашұы құттықтау сөзді мектеп директоры Кулгазиев Жеңісбек Райсбекұлына береміз.



Сөз: директор



Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр

Жүректері лүпілдеп тебіреніп.

Жаңа өмірге нық қадам басқалы тұр.



Хор: 11 сынып



Жүргізуші: Әсел

Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді

Балдаурен,балалық айналып келмейді

Алғашқы ұстаздың әліппе ұстатқан

Еңбегі жүректе ешқашан сөнбейді

Кез-келген адам өмірде қандай жетістікке жетсе де өзінің тарыдай боп кіріп,таудай болып шығатын алтын ұя мектебін және де қолына қалам ұстау мен әліппені үйреткен алғашқы ұстазына өмір бойы қарыздар екені даусыз.

Олай болса, бітіруші түлектерді күлімдей қарсы алып, оқуға, жазуға, Отанымызды сүюге үйреткен алғашқы ұстаздары Хасанова Дариха Мәлікқызын және 128 негізгі мектебінің бастауыш мұғалімі Сариева Алтын Өміртайққызын ортаға қошеметпен шақырамыз.

Сөз : алғашқы ұстазы













Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан,ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы-

Деп сөз кезегі ата-аналар атынан-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------беріледі.



Сөз: ата-ана



Ән: Әке-ана Қарақат Нұрай



Жүргізуші: Әсел

Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді

Балдаурен,балалық айналып келмейді

Алғашқы ұстаздың әліппе ұстатқан

Еңбегі жүректе ешқашан сөнбейді

Кез-келген адам өмірде қандай жетістікке жетсе де өзінің тарыдай боп кіріп,таудай болып шығатын алтын ұя мектебін және де қолына қалам ұстау мен әліппені үйреткен алғашқы ұстазына өмір бойы қарыздар екені даусыз.

Олай болса, бітіруші түлектерді күлімдей қарсы алып, оқуға, жазуға, Отанымызды сүюге үйреткен алғашқы ұстазы Хасанова Дариха Мәлікқызын ортаға шақырамыз.

Сөз : алғашқы ұстазы

Ән: Әли Нұртілеу мен Әли Нұрғиса







Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе ?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған

Сөз кезегі жетекші бапкерінде

Осы бітіруші түлектердің ұуанышына ортақтасып,жабыққан сәттерінде жандарында демеу болып,сырларын бөліскен қиналса бірге қиналған қуанса бірге қуанған сынып жетекшісі ортамызда. Енді сөз кезегін 11 сынып жетекшісі Гүлзия Төлегенқызына береміз

Вальс:11 сынып

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді

Көңіл шіркін ,тасып толып өседі,

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі

Түлектер тілегі:11сынып

Ән: ТРИО

10жылдық сөз

Бүгін дәл осындай оймен мектебін,ұстаздарын, сағынған мектепті бұдан 10жыл бұрын яғни 20 жылы бітірген түлектер келіп отыр. Ендігі кезекті осы түлектердің лебізіне берейік.

Ән : Аружан «Соңғы қоңырау» әні



Биылғы соңғы қоңырау соғу құрметін мектебіміздің алтын белгіге үміткерлері Алпысбай Нұрай мен Нұрабай Жұлдызайға беріледі.

Қоңырау соғылды.

Армандаңдар

Сол арманда зор мән бар

Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар

Асқақ арман үлкен арман бастауы

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар



Құрметті бітіруші түлектер! Осы сендер үшін соғылған қоңырау үні сендерді бақыт жолына жетелеп армандарыңа жеткізеи берсін. Сапарларың сәтті болсын.



Жүргізуші:

Аттанарда ұрпағым бақ жолына

Түссін деп тура жүрер нақ жолына

Арнайы ақ матадан жол төсейік

Ырым қып түлектердің қадамына

Бітіруші жас түлектерге ақ жол тілеп, жолдарына ақ төсеп,шығарып салайық. Ақ жол үстінде ақ көгершіндей қалықтап, аспан биігінен көріне берулеріңе тілектеспін. Өмірде жолдарың болсын.

Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңа тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңе ақ жол, сәт сапар



11 сыныпты шығарып салу



Қорытынды:

Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық жариялай отырып, жақсы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.07.2021
607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12