Сабақтың
тақырыбы: Ұстаз- ұлы
тұлға
Сынып:
8
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға ұстаз- екінші ана екендігін
түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Танымдық қабілетін арттыру.
Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту. Айналасына білім,
тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға
құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
Тәрбие
сағаты
Әдіс-тәсілі:
Өлеңдер оқу, ән
шырқау
Көрнекілігі:
Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,
өлеңдер, шарлар, интерактивті тақта,
бейнероликтер
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Жүргізушілер ортаға
шығады
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздерме, құрметті
ұстаздар
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен
шын жүректен құттықтаймын. Баршаңыздың отбасыңызға амандық,
бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар
тілейміз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама
мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
"Жақсы мұғалім- мектептің жүрегі"-деген Ы.Алтынсарин атамыз.
Жүрексіз өмір болмас, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны
белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман
қуған жеткіншектерде бәрі бір адамға
қарыздар.
Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты
тұтастығын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиееп, оны азамат етудің
өзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі- ұлы
еңбек.
Сонымен "Ұстаз-ұлы тұлға!" атты тәрбие
сағатымызды ашық деп
жариялаймын.
2-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан
жаралған,
Өнегеңмен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен
Ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар
арман.
1-жүргізуші:
"Ұстаз"..... Қандай қасиетті сөз! Әр
адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға
бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып,
құрметтейтін екі ұғым болса, оның
бірі-Ұстаз.
2-жүргізуші:
Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.
Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз- ұлағатты есім.
Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге
күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық
бас
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз
айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы,
мерекелеріңіз құтты болсын!
Хор
"Ұстазым менің ұстазым"8 сынып
оқушылары
1-жүргізуші:
Сен
қалай ойлайсың Альбина? Менің ойымша кез-келген мұғалім ұстаз бола
алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу
кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін
табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Шәкіртсіз ұстаз тұл деген сөз теген айтылмаса
керек.
2-жүргізуші:
Ақниет, мен осы сөзің дәлелді болу үшін
мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу-жүректің
батырлығы
Ұстаз болу-сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу- мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы- деп Ғафу
Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні
ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр
жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре
білу-бұл нағыз шеберлік
емеспе?
1-жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпенен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі
өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады
Шәкірттердің ұстаздарға
құттықтауы.
1-жүргізуші:
Қане
достар, ұстаздарымызбен көңілді ойындар жүргізіп, сұрақтарымызға
жауаптар алайықшы. Қоржын ішінде сұрақтар жасырылған сол сұрақтарды
ұстаздар алып жауап береді.
1.Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Ұстаз
болу сіз үшін қиын ба?
2.Қазіргі жаңартылған бағдарлама сізге
қиындығын туғызып жатыржан
жоқпа?
3.Біздің сыныбымыз туралы не ойлайсыз?
Біз қандай сыныппыз?
4.Сіз өз пәніңізге қалай таңдау
жасадыңыз?
Рахмет сіздерге ұстаздар, сіздерді тағыда
мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шәкірттеріңіздің өздеріңізге
арналған жыр шумақтарымызды қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:
Білдіріп шәкірттердің ақ
ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын
еркін
Біз
сізге алуан сый ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен
рахметін
Бейнеролик Ұстаз-ұлы
тұлға
Келесі кезекте сынып жетекшіміз Нұрбақыт
апайымызға сөз берсек.
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз
жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз- сенімін ақтау адамгершілік
белгісі.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр
да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы
да, егін салғвн диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк
күмбезінен әрі өткен ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім
алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар Сіздерге сыныбымызбен бас
иемін.