Сабақтың барысы:
Мұғалім (музыка):
Тәуелсіздік –биігі бұл
санамның
Тәуелсіздік-таза ауасы
даламның
Тәуелсіздік-бұл арманы
бабамның
Тәуелсіздік-бақ дәулеті
баламның
Ән: Әнұран
Кіріспе
әңгіме: Біздің ата-бабамыз
жанқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін, жерін, бірлік –
берекесін сақтады. Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрес жолында
көптеген адамдар, саяси-қайраткерлер, ғалымдар, қатардағы бұқара
өкілдері құрбан болды. 1986 жылғы халқымыздың жастарымыздың «Бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұранды көтерілісі елімізге
1991 жыл егемендігін алып келді. 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел
тарихына алтын әріптермен «Тәуелсіз Қазақстан!» деп жазылды.
Қазіргі таңда Қазақстанның жаңа астанасы Нұр-Сұлтан күннен күнге
жаңарып , гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүгінгі таңда
бүкіл әлем таныды.
-Әрине, бүгінгі тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Тәуелсіздік жолында
талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп
өтті. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді
ата-бабаларымыз басынан кешті (Алматы қаласы 1986 жыл 16
желтоқсан күндерінен бейнежазба үзінді)
Қазіргі таңда Алматы
қаласындағы осы орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі»
ескерткіші сол күні жастардың ерліктеріне арнап
қойылған.
-Иә, балалар, елінің еркіндігі
үшін құрбан болған жандарға арналған «Тәуелсіздік монументі»
орталық алаңда орналасқан, сендер жол түсіп осы ескерткіштерге
барып жатсаңдар, батырларға тағзым жасауды
ұмытпағайсыңдар..
(Слайдқа назар
аударту)
- Бүгінгі таңда сол
тәуелсіздігіміздің арқасында өз Туымыз, өз Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар. Егеменді еліміздің төрінде Елтаңбасы ілініп, Тәуелсіздіктің
Туы көк байрағымыз желбіреп, асқақтаған Әнұраны
шырқалуда.
-Сендер, бүгінгі тәуелсіздік
елдің ұландары, еліміз туралы не
білесіңдер?
1-
оқушы
Бабамның да
арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
2-оқушы
Он алтыншы
желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
3-оқушы
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.
4-оқушы
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
5-оқушы
Қазақстан, Отаным! Азат елім!
Мейірімді, қонақжай, ғажап елім.
Қайрат, Ләззат, Сәбира үндеп тұрар,
Егеменді, тәуелсіз азат жерім!
6-оқушы
Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
7-оқушы
Тәуелсіздік бақытым, бағым менің,
Тәуелсіздік жақұтым, жаным менің.
Жүрегімнің төрінен орын алар
Тәуелсіздік айбыным, арым менің!
8-оқушы
Азаттыққа отыз жыл болды
міне,
Қазақстан, Отаным! Байтақ елім!
Аспанымда желбіреп көк байрағым,
Әнұранды жүрекпен айтар елім!
9-оқушы
Отыз жылда азаттық таң сыйлаған,
Отыз жылда құлпырған бар айналам.
Тәуелсіздік тірегім, жан жүрегім,
Әрбір жері жайқалып гүл жайнаған!
10-оқушы
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
11-оқушы
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Ән: Менің Отаным
12-оқушы
Отаным, Қазақстан,
Құтты болсын мерекең.
Тәуелсіз елміз отыз жыл,
Арта берсін берекең.
13-оқушы
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ
күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы
менің туған өлкем!
14-оқушы
Әйнегі – күн,
Шатыры – аспан,
Кең далам асқақ.
Төсі толған егін,
Көлдері күміс шашақан,
Қазақстан – Республикам менің!
15-оқушы
Өзіңді мақтан етемін,
Қазақстаным, Отаным!
Құтты боп отыз жылдығың,
«Жаса!» деп үн қатамын!
Мұғалім: «Менің Отаным» десем
ойыма.......
Мұғалім:
Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән: Көк Тудың
желбірегені
-Балалар, бүгінгі сабақта
өздерің Тәуелсіз еліміздің болашағы өздерің екендіктерінді көрсете
білдіндер. Еліміздің бүгінгі уақыттарға дейінгі жеткен
жетістіктерін одан әрі дамытып, өткендету сендердің басты
парыздарың болады. Біз, сендерге, яғни болашақ елдің ұландарына мол
сенім артып, еліміздің еркіндігін сақтайтын мықты ұрпақ, мықты
азамат болады деп сенім артамыз. Әрқашан көк Туымызды желбіретіп
тұратын Тәуелсіз елдің азаматтары
болыңдар!
|