СЫНЫП САҒАТЫ
Тақырыбы:"Тілім менің,баға жетпес байлығым"
Тақырыбы: "Тілім менің,баға жетпес байлығым."
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының
тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл
мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген
сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз
қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін
көтеру.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру,
қабырға газеттері, қанатты сөздер,
нақыл сөздер.
Мұғалім: Қымбатты оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан
халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы
отырмыз. Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің
айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық
кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
отыратын қазына. аларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің
мәртебесін көтеру.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.
Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл
тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл
тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ
салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте
тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай
өгейсітуге болады.
Ана тілім - тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Балалар, тіл туралы қандай
мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім:Оқушылар тіл туралы мақалдар айтып бердініздер,мен сендерге жұмбақ жасырам шешуін табыңыздар.
1. Оқтан жүйрік,
Қылыштан өткір
Шешуі: сөз.
2. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Шешуі: Кітап.
3. Ұзын-ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Шешуі: Оқу.
4. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
Шешуі: аптаның жеті күні.
5. Дос қылатын өзіңді
Тосын-тосын әріпке,
Суреттері көзіңді
Табындырар... Шешуі: Әліппе.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған
бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Тіл тақырыбына арналған нақыл, қанатты сөздерді айтады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
СЫНЫП САҒАТЫ
Тақырыбы:"Тілім менің,баға жетпес байлығым"
Тақырыбы: "Тілім менің,баға жетпес байлығым."
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының
тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл
мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген
сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз
қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін
көтеру.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру,
қабырға газеттері, қанатты сөздер,
нақыл сөздер.
Мұғалім: Қымбатты оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан
халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы
отырмыз. Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің
айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық
кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
отыратын қазына. аларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің
мәртебесін көтеру.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.
Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл
тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл
тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ
салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте
тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай
өгейсітуге болады.
Ана тілім - тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Балалар, тіл туралы қандай
мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім:Оқушылар тіл туралы мақалдар айтып бердініздер,мен сендерге жұмбақ жасырам шешуін табыңыздар.
1. Оқтан жүйрік,
Қылыштан өткір
Шешуі: сөз.
2. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Шешуі: Кітап.
3. Ұзын-ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Шешуі: Оқу.
4. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
Шешуі: аптаның жеті күні.
5. Дос қылатын өзіңді
Тосын-тосын әріпке,
Суреттері көзіңді
Табындырар... Шешуі: Әліппе.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған
бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Тіл тақырыбына арналған нақыл, қанатты сөздерді айтады.
шағым қалдыра аласыз













