Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың
тақырыбы: Адалдық пен адамдық. Қазақтың текті
қыраны-Талғат Бигелдинов
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға адам
бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін
ұғындыру.
1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз
жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын
түсіндіру; . Ұлы Жеңісті дәріптеу. Кеңес
Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат
Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын,
ерлігін танытып және үлгі-өнеге
тұту.
Тақырып мазмұнын меңгерту. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
3. Елін, жерін қорғаған
батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2.
Дамытушылық: Сезім шынайылығымен ар - намыс тазалығы туралы мақал -
мәтелдер, өзіндік ой - пікірлерімен бөлісу арқылы оқушыларды
шығармашылыққа баулу. Өзара адал қарым - қатынас жасау
іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны
ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы
және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін
бағалау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті,
практикалық.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар,
оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)
Оқушылардың көңіл - күйлеріне
назар аудару.
- Сәлеметсіздер ме балалар.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады. Сабақтың мақсаты мен
міндеттерін хабарлайды
1 слайд
«Шаттық
шеңбері»
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек
нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
ІІ. Жаңа білім беру кезеңі
(10 мин)
Кіріспе
сөз ( интербелсенді тақтада
слайдтар арқылы көрсету)
Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді.Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. « Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Олар қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша аянбай шайқасты. Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірге қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ.
2 слайд Әңгімелесуді мұғалім
тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын
айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік
бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз
пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге
тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?
Дәл осынау жадыраңқы жай
күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін 1 минут еске алайық. ( Үнсіздік минуты)
Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқының ардақты ұлының бірі, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов туралы болмақ.
-
оқушы: ( слайд)
Әуе шабуылының қаһарманы даңқты ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Қадиша әжесінің бауырында тәрбиеленген батыр ел басына күн туған қиын шақтарда әжесіне қолғабыс беріп, үлкендермен бірге еңбекке ерте араласқан.
Қара жұмысқа жастайынан дағдыланған ол алдына ұшқыш болам деген мақсат қойып, Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі.
-
оқушы: ( слайд)
Екінің біріне бұйырмайтын мұндай бақытқа иеленген ол ең алдымен Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілген. Оны абыроймен аяқтаған соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде мамандығының қыры мен сырын одан әрі терең меңгерді. Екі жарым жыл бойы ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға дайындалып үйренеді.1942 жылы сұрапыл соғыс кезінде 144-ші гвардиялық деп аталатын алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиаполк қатарынан табылды. Міне, соның құрамында Талғат Бигелдинов соғыстың соңғы күндеріне дейін кеудесін отқа төсеп, от-жалынның ортасында жүрді. Даңқты ұшқыш қан майданда көкке 305 рет әскери шабуылға шыққан. Бар болғаны 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған ол Берлинді алуға алғаш қатысқан.
-
оқушы: (слайд)
Ия, батырдың қан майдандағы ерлігінен бөлек, бейбіт өмір кезіндегі қазақ халқы үшін жасаған қызметі орасан. Мәселен, оның басшылығымен елімізідің көптеген облыс орталықтарында заман талабына сәйкес келетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына, Жамбыл суперфосфат комбинатына, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана ғимаратын салуға атсалысты. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызған.
-
оқушы: (слайд)
Талғат Бигелдинов отандық патриотизмнің қайталанбас үлгісін көрсете білген тау тұлғалы азамат. Өзінің естеліктерінде жүрегінде әрдайым патриоттық сезім болғанын айтады. Батырдың ерлікпен өрілген өмірі туралы фильмнің дүниеге келуі де сондықтан. «Подняться в воздух» фильмі нағыз ерліктің өрнегін көрсеткен тың туынды. Батыр туралы бір жылдай түсірілген фильм желісіне ұшқыш-шабуылдаушының 1966 жылы қаламынан туған «Илы атакуют» кітабындағы естеліктер арқау болған еді
-
оқушы: (слайд)
Соғыстан кейін Әскери әуе күштері академиясын( 1950), Мәскеу инженер-құрылыс институтын (1968) бітірді. 1956 жылы әскери қызметтен босап, 1957-1970 жылдары Қазақстан территориалдық азаматтық авиациясы басқармасында аға инспектор және бастықтың орынбасары, ұзақ уақыт Қазақ КСР-інің құрылыс саласында басшылық қызметтер атқарды.
( Интербелсенді тақтадан ордендері, медальдары мен Бішкек қаласында қоладан жасалған ескерткіш мүсіні көрсетіледі.)
« Т. Бигелдинов жайлы деректер» ( слайд)
Кітап көрмесінде Т.Бигелдиновтың әскери өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер, соның ішінде Батырдың ерлігі жайлы: «Аспандағы айқастар», «ИЛ-ы атакуют», С.Морозовтың «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов», С.Бакбергеновтың «Талғат», «Талғат Бегельдинов», «Отан үшін от кешкен» , А.Сергеевтің «Звездное небо Талгата», А.Н. Бедельбаевтың «Тринадцатый, на взлет» , К.Абеновтың «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя» , Б.Омарұлының «Жүректiң көзi» және т.б. кітаптары бар.
3 cлайд (3 мин)
Видеоролик көрсетіледі
ІІІ. Оқулықпен жұмыс (7 мин).
4 слайд «Адал бала” корей ертегісі
Мәтінді талдау
Ой бөлісейік:
• Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
• Оларды бірден алса, не болар еді?
• Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
5 слайд (3 мин)
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда
оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет
шапалақтайды. )
ІV. Дәйексөзбен жұмыс
(4 мин 6 слайд)
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
«Алдау – зұлымдық, Алдану - ақымақтық»
«Әділ сөйлеп, адал жүр».
V. Жағдаяттарды талдау
(5 мин
7 слайд)
1 – жағдаят
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа
фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып
жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп
қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті
кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің
анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді.
Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон
арқылы оларға өтірік айттым.
Басында
мен қиналмастан оларды жасырып
жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік
айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда
менің не істеуім керек.
* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Рефлексия (2 мин)
Сабақтан не түсіндік?
Не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
7
слайд
Қорытынды:
Халқымыз Талғат Бигелдиновті ерекше мақтан тұтты, дүние есігін ашқан мыңдаған сәбилерге есімін берді. Олардың көбі батыр ағасына еліктеп, білікті маман, жақсы азамат болып өсті, – дейді Президент. Сонымен қатар Елбасы қаһарман отандасымыздың есімі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, оның атындағы көшелер мен мектептер және ескерткіштер, кітаптар, фильмдер батыр есімін ұдайы есімізге салып отыратынын да атап өтті. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған батыр бабаларымызды ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз.
Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ
- адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі
мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық
жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай:
«Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі
сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген
тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып,
адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек
жарды тілектерін айтып тақтаға
жазады.
№1 Егіндікөл жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «. Қазақтың текті қыраны- Талғат Бигелдиновке – 100 жыл»
2021 -2022 оқу жылы
Сынып жетекшісі Абишева Ж.Б