тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

"25 қазан - Республика күні"

«Республикам менің»

Күні

21.10.2022

Сынып жетекші:

Зивадинова Н.А

Сынып : 5 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сабақ басы

(10 мин)


Оқушылармен амандасу.

Құрметті оқушылар бүгін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Республикам менің» Бүгінгі әңгімеміз 25 - қазан Республика күніне арналады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.








Компьютер








Ортасы (15 мин)


«Ой қозғау» әдісі

Өз Отаныңа деген сүйіспеншілігің қандай?Өз отаның туралы не айтасың?


Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды.

Қазір Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

Рәміздеріміз туралы кімнің қандай ойы бар?

Оқушылардың ойы тыңдалады



Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Өз Отанымызға пайдамызды тигізу үшін біз қазірден кезден бастап терең білім меңгеруге тиіспіз. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуымыз керек.

Біз тәуелсіз елдің азаматымыз.



Рәміздер туралы айтып өтіп,
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір бала терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Компьютер

Соңы 15 минут




Оқушыларға Республика күні туралы видеоролик көрсету




Қорытынды:

Қазақ елі - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату тәтті өмір сүріп жатыр. Бүгінде қазақ елі тек өз жерінде өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың ғана емес, шет елдегі бірнеше мыңдаған қандастарымыздың да сағынып жетер туған елі, құшақ жайып қарсы алар туған Отан - анасы.
Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді.

Әр оқушы видеоролик бойынша ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=4GcGgiW0Vvo














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2025
73
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі