|
Мақсаты:
|
Оқушыларға Қазақстан
Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан
келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын
құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
|
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу,
түгендеу
Қазақстан Республикасының гимні.
Хор.
https://www.youtube.com/watch?v=HwvXmuvS1E8
(сілтеме арқылы
бейнекөрсетілім тамашалайды)
Топқа бөлу
«Бірлік сабағы»
Бірлік
Достық
|
Сілтеме, мәлімет
https://www.youtube.com/watch?v=HwvXmuvS1E8
|
|
Сабақтың
ортасы
|
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл
еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан
аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі
қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ,
бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан бұл мейрамның маңызы
зор.
. Көктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау
дәстүріне қандай тарихи оқиғалар себеп болды?
Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің
қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктемнің
соңғы айын «май» деп атап, осы айдың бірінші күнінде серуендер
өткізіп, тойлар жасады.
1 мамыр мерекесінің тарихы Еңбекшілердің
ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдың шілдесінен атап өтіле
басталды. 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары 15-сағаттық
жұмыс күніне қарсы ереуіл ұйымдастырып, зауыт басшыларынан жұмыс
күнін 8 сағат деп белгілеуді талап еткен. Наразылық білдіру
әрекеттері 4 күнге созылды. Нәтижесінде, ереуілге қатысқан жүздеген
адамдар тұтқындалып, алты жұмысшы мерт болды, 50 — жарақат алды.
Жұмысшылар үшін тіпті мұның өзі кедергі болмады. 1889 жылдың
маусымында Париждегі 2 Интернационалдың 1 Конгрессі 1 мамырды - 8
сағаттық жұмыс күні үшін Халықаралық күрес күні немесе
Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім
шығарды.
Кеңес Одағында Еңбекшілердің ынтымақтастық күні
мемлекеттік мереке болып табылып, сән-салтанатпен атап өтілді. 1
және 2 мамыр күндері демалыс күндері болды. Қазіргі таңда Ресейде
бұл мейрам өзінің бастапқы саяси мағынасынан айырылып, Көктем және
еңбек күні болып саналады. 1 мамыр мерекесі 1990 жылы
Еңбекшілердің ынтымақтастық күні ретінде тойланды.
Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап
тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау
туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995
жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас
тартты. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды
бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі.
Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Елде 150-ден астам ұлт пен ұлыс
өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Топтық жұмыс.
(постермен жұмыс)
-
«Бірлік»
«Шаңырақ» суреті арқылы бірлік, ынтымақ ұғымын
түсіндіру
-
«Алақанә суреті арқылы достық ұғамын
түсіндіру
|
Берілген мәліметтерді оқып,
топтық талқылау жасайды
|
Мұғалім оқушыларды
«Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Яғни дұрыс
келісемін
|
Мәлімет, сілтеме
https://yandex.kz/video/preview/?text=%D0%B4%D1%96%D0%BD%D0%B8%20%D1%8D%D0%BA%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%B7%D0%BC%20%D1%88%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%BF%D0%B5%D0%BD%20%D1%81%D2%B1%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE&path=yandex_search&parent-reqid=1649586560267426-7099316100239879090-sas3-0632-00e-sas-l7-balancer-8080-BAL-9396&from_type=vast&filmId=295077289420542555
|