Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 1-наурыз Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Алғыс айту күні Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды алғыс сөздермен таныстыру, алғыс сөздермен адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы келісімге жақсы әсер ететініне көздерін жеткізу, қалыптан тыс терең ойлау қабілеттерін дамыту. Алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу,алғыс білдіру 2.Ән айту 3.Ақ тілек 4.Әдептілік туралы бейнеролик 5.Оқушылардың тақпақтары 6.Ребус 7.Топтық тапсырма 8.Мақал –мәтел 9.Рефлекция 10.Қорытынды Ресурстар: Ребус көрнекілік,музыка(караоке), бейнеролик
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алғыс айту күні

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды алғыс сөздермен таныстыру, алғыс сөздермен адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы келісімге жақсы әсер ететініне көздерін жеткізу, қалыптан тыс терең ойлау қабілеттерін дамыту. Алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу,алғыс білдіру

2.Ән айту

3.Ақ тілек

4.Әдептілік туралы бейнеролик

5.Оқушылардың тақпақтары

6.Ребус

7.Топтық тапсырма

8.Мақал –мәтел

9.Рефлекция

10.Қорытынды

Ресурстар: Ребус көрнекілік,музыка(караоке), бейнеролик

1.Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын! Сендерге бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алғыс айту күні» . Ал сендерге алғыс айту менің парызым. Сендердің ата-әжелеріңе,әке-аналарыңа алғысым шексіз.

2.Ән айту. Қарақат Әбілдина «Алғыс»

3. Оқушылар бір-біріне тілек айтып сабақты бастайды.

Мұғалім: Адамдар бір-біріне ризашылықтарын, алғыстарын білдіріп тұру керек. Балалар, осы сөздерге назар аударыңдаршы. Алғыс айту – бір адамның екінші адамға деген ықыласы, оны мойындау сезімі, жақсылығы үшін білдіретін ниеті.

4.Әдептілік туралы бейнероликті тамашалайық.

https://yandex.kz/video/preview/11925454462592279692?text=әдептілік+туралы+видеороликтер


Мұғалім: Адамдар бір-біріне деген алғыс сезімдерін қандай сөздер арқылы білдіреді? 
- «Рахмет», «алғыс айтамын» «сізге өте тәнтімін», «көп-көп рахмет», т.б. сөздер. 
- Бізге өмір сыйлаған анамызға алғыс айтуымыз керек 
Біз анамызға қалай алғыс білдіреміз? 
- Анаға күлкі сыйлауымыз керек. 
- Оған қамқор болуымыз керек 
- Сабақты жақсы оқуымыз керек 
- Тәртіпті, әдепті болуымыз керек. 

5.Оқушылардың тақпақтары айтылады

1-оқушы

Мың алғыс және мың алғыс,

Барша Қазақ еліне!

Мың алғыс және мың алғыс,

Баурап алар жеріне!

2- оқушы

Рахмет алғыс, айтарым,

Ағайын, туыс бауырға!

Рахмет игі жақсылар,

Жаны жайсаң қауымға!

3- оқушы

Рахметім көп менің,

Сыныптастар, достарым!

Мың алғыс айтам, жасай түс,

Ашық болып аспаның!

4-оқушы

Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан.

5-оқушы

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусатқан.

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.

Сол жанға айтам мың алғыс!

Сезімі үшін жылытқан.

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан.

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Мұғалім: Адамдар бір-біріне ризашылықтарын, алғыстарын білдіріп тұру керек. Балалар, осы сөздерге назар аударыңдаршы. Алғыс айту – бір адамның екінші адамға деген ықыласы, оны мойындау сезімі, жақсылығы үшін білдіретін ниеті.

6.Топтық тапсырма . 
«Не істеуге болмайды?» оқушылар жалғасын толтырады.

1. Үлкендердің алдын- 
2. Кішкене баланы- 
3. Құстарды- 
4. Қыз баланы- 
5. Сабақтан- 
6. Үйге жүгіріп- 
7. Үлкен кісіні- 
8. Оқу –құралдарын- 
9. Сыныпта айғайлауға- 
10.Ысқыруға- 
11.Құстың ұясын- 

7. «Ойланайық балақай» Топтарға ребус беріп шыққан сөздің мағынасын айтып талдау жасау. Жемістерден «РАҚМЕТ» сөзіне ребус жасау. Анар,алмұрт,қарбыз,алма,шие,алмұрт.

8.Мұғалім: Ал, енді балалар,алғыс айту,өзіміздің сүіспеншілігімізді, ізгі-ілтипатымызды білдіретін қандай мақал-мәтелдерді білеміз?

Алғыс алған арымас, 
Қарғыс алған жарымас.

***

Алғыс алған жігіттің 
аты бәйгеден бірінші келеді.

***

Сілеу алма, тілеу ал.

***

Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.

***

Қарғыс алма, алғыс ал.

***

Көп дұғасы — көл.

***

Жаңбырмен жер көгереді,
Алғыспен ел көгереді.

9.Рефлексивті қорытындылау: -Сабағымыз ұнады ма? Бейнероликтен не түсіндіңдер? Ребус шешкен қиын ба? Жарайсыңдар ,балалар сабағымыз қызықты өтті деп ойлаймын.



10.Қорытындылау:

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2025
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11