жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты. 1 сынып. Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
|
Пән атауы сынып сағаты |
Мектеп Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп |
||||
|
Күні: 01.09.2018 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Скабылова Г.Н. |
||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Менің Отаным – Қазақстан |
||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: |
1. Оқушылардың
бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш
сезімін қалыптастыру; |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайда келтіре алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін тұлғаның патриоттық сезімін дамытуға мүмкіндік туғызу |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Түсіну, білу, қолдану, талдау |
||||
|
Ресурстар |
Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси) |
||||
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
ҚР Мемлекеттік Гимннің, «Атамекен» әнінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі |
||||
|
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Интерактивті тақта, бейнепроектор, компьютер |
||||
|
Сабақ барысы
|
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурс |
|||
|
Сабақтың басы |
1.Құттықтау сөз Мұғалімнің кіріспе сөзі 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Кел, танысайық! Әр оқушы өз есіміне есімінің бастапқы әрпінен басталатын сын есімдерді қосып айтады. Мысалы, ғажайып Ғани, әдемі Әлішер, мейірімді Мәлік) 3. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады. |
Презентация https://www.youtube.com/watch?v=Qqg_YADQohU Әріп жазылған қағаздар Презентация https://www.youtube.com/watch?v=0MnSRj_oabQ |
|||
|
Сабақтың ортасы |
4. «Жасырын сөз» әдісі Әріп жазылған қағаздар таратылады, сол әріптерден жасырынған сөзді құрайды және оқиды (ОТАН) 5.Топтастыру «Отан» сөзіне түсінік береді. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның кіші патриотымыз!
ОТАН 3.Миға шабуыл 1.Біздің Отанымыз қалай аталады? 2.Оның рәміздері туралы не білесің? 3.Отанымыздың астанасы қай қала? 4.«Суреттер сөйлейді» әдісі А) Бейнеролик «Менің Қазақстаным» Ә)Отанымыздың рәміздері, жер көлемі, Астананың 20 жылдығы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында («Туған жер» бағдарламасы), т.б. жалпы шолу жүргізу 5. «Мен – Отанымның патриотымын» тақырыбы аясында Отан, туған жер туралы білетін өлеңдері мен мақал-мәтелдерін мәнерлеп оқиды. |
||||
|
Сабақтың соңы |
1.«Тәуелсіздік ұшағы» ойыны Оқушылар бүгінгі сабақта нені үйреніп, нені білгендерімен ой бөліседі. 2. Мұғалімнің қорытынды сөзі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті. Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. 3.«Атамекен» әнімен аяқтау |
Түсті қағаздан жасалған үшақтар https://www.youtube.com/watch?v=gBYBnUviaYg |
|||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген