Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы





Әңгімелесу тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Мақсаты:

  1. Түзету білімділік: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру

  2. Түзету дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеуін дамыту.

  3. Түзету тәрбиелік:Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.
    Әңгіме әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
    көрнекілігі:
    Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер
    І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.

Оқушылар мұқият тыңдаңдар, дұрыс анық айтыңдар.

-Оқушылар, көңіл күйлерің қалай? Қазір, ортаға шығып,шаттық шеңберіне тұрыңдар.Тағы да көңіл күйімізді көтеріп алайық.

ІІ КЕзекші дыбыстармен жұмыс:

Балалар қанекей кезекші дыбыстарды кім айтады?

-К және Г дыбыстары.

Ойын «Сөз ойла, тез ойла»

-Қане балалар кезекші дыбыстарымызды тез-тез айтайық.



ІІІ. Тіл дамыту жаттығулары

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Жылдың қай мезгілі?

-Біз қай елдің ұландарымыз?

-Ал біздің Президентіміз кім?

-Дұрыс.

-Балалар онда бүгін біздің Президентіміз жөнінде әңгімелесеміз№

IV. Тақырыппен жұмыс.

Елін сүйген Елбасы (суреті)



Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті
Н. Ә.
Назарбаевқа арналады.
Сынып сағатымызда
президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз.

І. Өмір жолы
Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де
Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата - баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады.

Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым- ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір- ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын, түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап
Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті.
Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, үшқоңыр жайлауында Н. Ә.
Назарбаев дүниеге келген.

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1991 ж.
желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық.

Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген
елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.
Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1-
желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.
Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы, 7.06.2011ж т.б
2. Сынып жетекші журналы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12