жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты 3 сынып Айбары асқақ - Ата заң
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Жораев
Айбары асқақ – Ата Заң
Жүргізуші: «Ата заң»
Әділдікпен басталсын деп атқан таң,
Ата-бабам келе жатыр сақтап заң.
Қасым ханның қасқа жолы бас болып,
Тәуке ханның жарғылары сақталған.
Билер шешіп ақ пен қара арасын,
Жапқызбаған жамандықтың жаласын.
Заң деген бар біздегі асыл қасиет,
Ата заңым таң нұрындай таралған.
Бақыт құсы қонған күн.
Тойла-тойла қазағым мерекеңді.
Қуанышқа кенеген бейбіт елді,
Құтты болсын туған күні Ата Заңның,
Мерейлі мерекесі , берекелі,
Бақыттысың қазағым, бақыттысың
Көк әлемге ұшыршы бақыт құсын.
Мерекелі күнінде Ата Заңның
Ел тілегін әлемге алып ұшсын.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Қазақ халқы ежелден заңды сыйлаған, құрметтеп, мүлтіксіз орындаған халық. Қазақ халқы үшін Конституцияның Тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталуымен бейнеленеді. Конституция – Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік негізі. Конституцияда аталған іргелі құндылықтарды жүзеге асыру жолында мемлекетіміз атқарған жұмыстар өте көп.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. 1995 жылдың 30 тамызында өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталады. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері де бар.
/ Ту, елтаңба, әнұран туралы әңгімелеу /
Ән: « Көк тудың желбірегені » Өтеген АбдуллаҺ
Жүргізуші: Ата Заң - біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Барлығымыз Ата Заң бойынша өмір сүрудеміз. Біздің көпұлтты халқымыздың тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі - біздің Ата Заңымыздың арқасында. Осы мерейлі мерекеге биыл 21 жыл толып отыр.
Әділ болу – әр адамның парызы,
Мұны біледі жасы менен кәрісі.
Әділетті болғаның қандай жақсы ,
Анықталып тіршіліктің ақ - қарасы.
Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер. Біздің елде бала құқығы толық қорғалған. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, тағы да басқа адамға тән қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі. Олай болса тәртіпке бас иейік!
Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі ....................................................................... береміз.
3 сынып оқушыларының мерекелік өлеңдерін тыңдайық.
Шадияр: Ата Заңым – мемлекет айбыны,
Ата Заңым ақыл ойдың айдыны.
Туған жердің – Қазақстан елінің,
Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Гүлзат: Мақтансаң мақтан етем елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың , Ән ұран,
Шырқатты биік арманды.
Қаламқас: Әйгілісің әуенімен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Айзере: Ата заң
Ата заңым
Алтын заңым – ардағым
Аялаған адамзаттың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың
Алтын – Заңда
Парасатым, пайымым
Алтын заңда
Күн қуатым, жалыным.
Фарух: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – ел таңбам.
Акбар: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Райымбек: Ата заңға балалар,
Құрметпенен қарайық.
Туған елдің талабы,
Заңды орындау міндетің.
Гүлжаһан: Туған жерім күн санап әсемденіп,
Көз тартады көркімен әсем беріп.
Ата заңым елімнің мақтанышы,
Бірге есейген халқыммен бекемденіп.
Нұрсезім:
Мұқағали:
Ән: «................................................................................................................»
Ендігі кезекті сұрақ-жауапқа берейік.
-
Әнұранның авторы кім? / Н.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шамші Қалдаяқов /
-
Елтаңбаның авторы кім? / Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов/
-
Тудың авторы кім? / Шәкен Ниязбеков/
-
– Балалар рәміздерді білеміз бе? Осы рәміздерді құрметтеу туралы Конституцияның қай тарауында айтылған? /6-тарау, 29-бап /
-
Оқушы неге құқылы? / оқушы білім алуға, емделуге, демалуға, әр түрлі үйірмелерге қатысуға /
-
Оқушы неге міндетті? / оқушы білім алуға, ата-анасын, ұстаздарын тыңдауға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп мүліктерін бүлдірмеуге, мектеп тәртібін сақтауға міндетті/
Ән: «.......................................................................................................»
Жүргізуші: - Олай болса балалар біз мектеп ғимараты мен аумағын үнемі тазалықта ұстауға, үлкенге - құрмет, кішіге – ізет танытуға, мұғалімдер мен атаналардың заңды талаптарын орындауға
Хормен «Міндеттіміз!»
Ән: «............................................................................................................»
-
Ендеше, заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады.
Еңбек етсек ертеңгі,
Бақытымызға сенеміз.
Мақсатымызға жеткізер
Ата Заңға сенемиз – деп бүгінгі мерекелік бағдарламамызды аяқтап қорытындылау үшін мектебіміздің директоры Жораев Нарынбай ағайға беремиз.
Тексерілді: О.Тастанов
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген