жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбие сағаты. 5-сынып

Илдербаева Сайрангуль Кырыкпаевна
Шығыс Қазақстан облысы.
Күршім ауданы.
«Тақыр негізгі орта мектебі» КММ
Халық педагогикасы-білім мен тәрбие негізі.
Еліміздің егемендік алған отыз жыл уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды.Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі.Ел ертеңі,ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру-бүгінгі күннің басты сұранысы.Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы-өсіп келе жатқан ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Халық педагогикасы отбасылық тәрбиеден бастап,ел-жұрт,ауыл-аймақ,тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбие түрі.
Ұлттық ойындар,мақал –мәтелдер,жұмбақ,ертегілер т.б ерте заманнан бастап жас өспірімнің ой-өрісін,зеректігін дамыту құралы ретінде қолданылып келді.
Қандай ертегіні алсақ та,ол белгілі бір сюжетке құрылады,оқиға желісінің бастауы,аяқталуы,өзіндік шешімі болады.Ертегі кейіпкерлерімен кездесу балаларды немқұрайлы қалдыра алмайды.Бақытсыздыққа ұшыраған кейіпкерге көмек беруге деген тілек,ертегілердегі жағдайларды түсіну баланың ақыл-ой қызметін белсендендіреді,бақылағыштығын,қызығу мен қуану,қайғыра білу қабілетін,сезімін дамытады. Бағалай білу іскерлігін,ерекшені,таңғажайыпты көре білу,таңқалу іскерлігін қалыптастырады.
Байқап қарасақ,ертегіде адамның айтайын деген ойы ашық айтылады,онда бүркемеленіп,жасырынып тұрған ештеме жоқ. Кейде балалар ертегіні тыңдап отырғанда « Өмірде бұлай болмайды» дегенді жиі айтады. Осы жерде «Ал өмірде қалай болады?» деген сұрақ өз-өзінен туады. Міне,осының өзінен-ақ оның танымдық жағы көрініс табады.
Халықта көркем ойлаудың үлгісі болғанның бірі--би-шешендердің нақыл сөздері. Тыңдаушысын толғандыру,одан соң ойландыру,бұдан кейін еліктіріп әкету,ақырында дәлелді уәжге бас қойғызу—шешендік нақыл сөздердің ерекше қасиеті болып табылады.Шешендік насихат—нақыл сөздерде қазақтың ата-бабасынан жеткен адамгершілік қасиеттердің ұлағатын жас ұрпақтың жадына,санасына сіңіру ұсынылған. «Әкең қапа болады деген» әңгімеде «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деп шынында да аузы қисық,бірақ жұрттың арасында ретсіз әрнәрсені айта берген бай баласын бағаламағаны үшін жиынның шырқы бұзылғанына қапа болған Бөлтірік шешеннің айтқан сөйлеу мәдениетін ұғындыру ұлағаты әлі күнге дейін мәнін жоймағаны анық. « - Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.Сөзден ауыр нәрсе жоқ.Сөзді тіліңе билетпе,ақылыңа билет.Ақылды сөзді ақылсызға қор етпе,ақылдыға айт.Не сөйлейтініңді біл.Қай жерде сөйлейтініңді біл.Қай кезде сөйлейтіңдіді біл.Қалай сөйлейтініңді біл.Оны білмесең,сара сөзің шала болады,арты жала болады,әкең қапа болады» деген екен.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле,
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді – деп адамдармен қарым қатынас жасаудағы тәлім –тәрбиелік,этикалық ұстанымдардың мәнісін өмірлік шындық қорытындыларымен дәйектей түсіндірген.
Тәрбие беруде мақал-мәтелдердің орыны бөлек,ол күнделікті тіршілікте қолданып жүріледі.Мақал-мәтел—әрі қысқа,әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі,ой маржаны. Мақал-мәтел ықшамды,өтімді түрде айтылған күрделі ойлар қорытындысы.Өмірде болып өткен оқиғалар мақал-мәтелдердің шығуына негіз қалаған.Онда халық данышпандылығы,асыл тәжірибе бейнеленген,ол айнала дүние туралы білімнің сығынды жиынтығы,ауыз энциклопедия ғана емес,ұстаздық тәлімгерлік міндетті атқарады.
Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп,жамандық атаулын күлкіге,әзілге айналдырады.Мақалдар сөзді ойлана айтуға үйретеді,мысалы: «Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле» ,«Көп сөз көмір,аз сөз алтын». Мақал-мәтел өте терең мағыналы,бейнелі сөздер арқылы ғибрат сабақ,көптеген тәрбие береді.Адамдарды ар-намысты болуға,адамгершілікті қастерлеуге,еңбекшіл,шыншыл,өнерлі болу.а тәрбиелейді.
Халық мақалдарында жастарды сабырлы,адал,арлы болуға үндеп отырады. «Өлімнен ұят күшті», «Ақылды болсаң арыңды сақта,ар-ұят керек әр уақытта» деп ар-ожданды қастерлеген,оны адамгершілік туы ғып көтерген.Сонымен қатар жаман әдет,жат мінездерден сақтандырады,зиянын түсіндіреді. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өзін –өзі мақтаған өліммен тең» деп өтірік айтудан, мақтанудан аулақ болуға шақырады.
Халқымыздың«Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер»деп баланы тәрбиелеуде ата-ананың да өнегелі болуын талап еткен.Отбасының,қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән беріп,қыздың көркіне,ақыл-ой мен мінезі сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде,қылығы түзде» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сонымен, оқыту мен тәрбиелеуде халқымыздың тұрмыс-салты,әдет-ғұрпы,үлгі дәстүрлермен шебер ұштастырып,бала бойына ұлттық мақтаныш,патриоттық сезім қалыптастыру,оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнда жүргізуге күш салу әрбір ұстаздың басты міндеті екені айқын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген