Материалдар / Тәрбие сағаты. 7-12 жас оқушылары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. 7-12 жас оқушылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымында 7-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған ІТ информатикадан сайыс сабақ. Тәрбие сағаты түрінде де ұсынуға да болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін________

директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

Шаханова Г.С


«ҚР-ның тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойына арналған «Информатика әлемінде» атты сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Тәрбие сағаты
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ – Қырандар
ІІ топ – Тұлпарлар

ІІІтоп – Сұңқарлар


Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1. Кім жүйрік?
2. Жұмбақтарды тап
3. Ойлаңда тап
4. Адасқан әріптер

5. Қатесін анықта
6. Кім тапқыр?
7. Кім жылдам?

8. Бәріміз біргеміз

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика әлемінде» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.


Әділ қазыларымызбен таныстырып өтейік:

Бұқаралық бөлім меңгерушісі: Ерденбаева А.К

Әдістемелік бөлім меңгерушісі: Жакенов М.Б

Әдіскер: Таласбаева С.Р


Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп аталатын
І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)

5. Өрт сөндіруге арналған құралдар (Өрт сөндіруші құрал, құм, күрек)

II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)

5. Ақпаратты қағаз бетіне басып шығару құралы (Принтер)


III топ.

1.Сурет салуға арналған программа (Paint)
2. Вирусты жоятын программа (Антивирус)
3. Компьютердің негізгі құрылғылары (Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір)
4. Компьютердің миы (Жүйелік блок)

5. Монитор мен оқушының ара қашықтығы қанша сантиметр болуы қажет? (60-70)

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

“ Жұмбақтарды тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе
“ Ойлаңда тап” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде екі топқа ребус шешу беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.


Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

9. Паратқа--------------Ақпарат

V кезең. «Қатесін анықта» әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтіндегі қателіктерді табу керек.
І топқа.
Мен сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қостым. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаландым. Жазған ақпараттарымды қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолдандым.
ІІ топқа.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын.
ІІІ топқа.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып жоюға болады. Жазылған мәтінімді шығару үшін колонкаларды пайдаланамын.
Жүргізуші:
«Кім тапқыр?» VІ кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
VIІ. Жарысымыздың келесі кезеңі «Кім жылдам» кезеңі.
Word Pad мәтіндік редакторы арқылы төмендегі өлең жолдарын дұрыс жазып, қалаған түсіңізге бояңыз.
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл


VIII кезеңінде бәріміз біріге отырып бір пейнт графикалық редакторында сурет салайық.

І топ – күн, бұлт, құстар
ІІ топ – үй, есік-терезе, шатыр

ІІІтоп – ағаш, гүл, жемістер


Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!