жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты " Адамның асыл қасиеттері" 4-сынып
Алматы облысы Ақсу ауданы
Алажиде негізгі орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Сембаева Мейрамгул Жорабаевна
Тақырыбы: «Адамның асыл
қасиеттері»
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке,
қарапайымдылыққа , кішіпейілділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
әдептілік, инабаттылық, мейірімділікке үйрету.
Көрнекілігі: Абай ата суреті, әдептілік, адамгершілік,
имандылық, парасаттылық туралы нақыл сөздер, imektep бейнеролигі
мен ойындары, презентация-слайд.
Әдіс – тәсілдер: түіндіру, баяндау, талдау, сұрақ – жауап,
көрнекілік, ойын.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап
қалайық!
Мұғалім:
-
Қайырлы күн оқушылар! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар айтып жіберіңдерші? (Балалар өз ойларын айтады).
-
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Адамның асыл қасиеттері» жайында болмақ.
Кіріспе сөз
-Әдепті адамдар, әдетте, арлы да иманды, қайырымды
да, мейірімді келеді, айналасымен , ел-жұртпен сыйластыққа, ынтымақ
- бірлік пен татулықта өмір сүреді. Адам болатын бала барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан
аулақ болуға тырысуы керек. Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен
қарым - қатынас жасағанда, оның таныс еместігіне, алыс жақындығына,
үлкен кішілігіне , қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті
болуы керкек. Бұл сенің адамгершілік
борышың.
Әлемге
әйгілі ғалым Платон «Біз ұлт тәрбиелей отырып, жер
иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек ұл - елдің қорғаны, қыз -
болашақ ана.Адамның мәдениетті болмағы әдептен.Әдеп нормаларын
білуге және сақтауға кез- келген адам талпынуы
керек.
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы , бір сырлы болып өз өмірінің суретшісі болуы керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан»деп
Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, шыншыл, еңбексүйгіш,
адамдық асыл қасиеттерге бай болсаң, өсе келе ата-анаңның,
Отаныңның мақтанышы боласың.
Оқушылар жақсы қасиеттер
жайында өз ойларымен
бөліседі.
Адамгершілік қасиетінің
қайнары – сәлем беру, үлкенге сый –құрмет, кішіге ізеттілік
көрсету екенін білеміз. Адамның әр күнгі іс - қимылы
таңертеңгі сәлем мен жақсы лебіз. Адамгершілік – өткінші
міндет емес, өмірлік міндет. Әдептіліктің
белгісі-сәлемдесу.
Қазақта “Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді”, деген
аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу, амандасу адамның әрбір жан
иелерінің бір-біріне ізет, сый құрметін
көрсетеді.
Әдеп, адамшылдық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған. (Мәтіндерді оқып, түсінгендерін айтады).
1-оқушы:Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл адамзаттың арасына.
Егерде жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.
2-оқушы:Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол
берем.
3-оқушы:Мені үлкендер әдепті
деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа
жатпайды.
4-оқушы:Тәртіпті бала
сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал
кішіні.
5-оқушы:Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
Абай ата сөздері
Балалар, мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Қандай шығармаларын оқыдыңдар?
Абай Атамыз «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» - деген екен, сол қасиеттерді кім біледі.
Бес нәрсеге асық бол ...
Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым
Бес
нәрседен қашық бол ...
Мақтаншақ Өсек Өтірік Еріншек Мал шашпақ
Жарайсыңдар, менде сендердің Абай атамыз айтқандай бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болатын, жақсы қасиеттерден үлгі алып, мектебіміздің, ата – аналарыңның мақтанышы болуларыңа тілектеспін.
Қорытынды.
Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген